«Ақмола облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысы туризм басқармасы» ММ Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 09 қыркүйектегі №А-9/397 қаулысымен құрылған. Заңды мекенжайы Көкшетау қаласы Абая көшесі 69. Басқарманың негізгі міндеті туристік қызметті дамыту сұрақтары бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.
Басқарманың басшысы – Подгурский Андрей Иванович
2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 1:
- «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны – 0.
Электронды үкмет порталы арқылы - 1
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0, ақылы негізде – 1:
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексінің) 554-бабына сәйкес туроператорлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) туристік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) Лицензияны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен астам емес;
Қағаз нысанда ғана көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0, электрондық нысанда - 1.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары бекітіліп, тиісті қағидалар қабылданды.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Басқарма 2025 жылы 7 мемлекеттік қызмет көрсетті.
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн ереже мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism порталында, және 8 (7162) 72-30-22 телефоны «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша: 1414 немесе 8-800-080-7777 ақпарат алуға болады.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу Басқарманың құзыретіне кірмейді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілер беттерінде жарияланымдар мен сөз сөйлеулерді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
2024 жылы барлығы ресми интернет-ресурста 4 жарияланым, сондай-ақ әлеуметтік желіде 2 тікелей эфирде және 1 теледидарда жарияланды.
жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесі автоматтандырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, Мемлекеттік қызмет ережелерін зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.
Бөлім қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқық қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша кеңес береді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру — мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы басқарманың атына қызмет алушылардан қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Заңға және Мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.