Ақмола облысы туризмнің дамуы туралы ақпарат

Шолу-талдамалық ақпарат:

Өңір аумағында Щучье-Бурабай курорттық аймағы («Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), Зеренді курорттық аймағы («Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан.

Облыста туризм саласында шамамен 700 кәсіпорын қызмет атқарады (389 орналастыру нысаны, 15 санаторлы-курорттық мекеме, 196 жол бойы сервисі нысаны, 80 туристік фирма (оның ішінде 38 туроператорлық және 42 турагенттік бағыттағы), туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар). Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 21 мың адамға жетеді.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша статистикалық деректер:

– облыстағы орналастыру орындарының саны 6257 нөмірге тең 389 нысанды құрады (2024 жылғы қаңтар-маусым айларында – 6003 нөмір, өсім – 104%).

– бір мезгілде қабылдау сыйымдылығы 16765 төсек-орын (2024 жылғы қаңтар-маусым айларында – 15610 төсек-орын, өсім – 107%).

Облыстағы орналастыру орындарының саны мен нөмірлік қордың өндірістік қуаттылығының артуы жаңа туристік инфрақұрылым нысандарының салынуы және пайдалануға берілуімен байланысты.

– орналастыру орындары тарапынан 14,0 млрд теңге сомасында қызметтер көрсетілді, өсім 121% (2024 жылғы қаңтар-маусым айларында – 11,6 млрд теңге);

Қонақ үйлер мен отельдер көрсететін қызмет көлемінің өсуі курорттық аймақтардағы қонақ үйлерде тұру (төсек-тәулік) құнының артуымен түсіндіріледі (өңір бойынша орташа көрсеткіш: 2024 жылғы қаңтар-маусым айларында – 13 756 теңге, 2025 жылғы қаңтар–маусым айларында – 16 617 теңге).

– орналастыру орындары арқылы қызмет көрсетілген қонақтардың саны 290,6 мың адам (2024 жылғы қаңтар-маусымда – 227,9 мың адам, өсім – 128%);

– орналастыру орындары арқылы қызмет көрсетілген ішкі туристер саны 283,7 мың адам (2024 жылғы қаңтар-маусымда – 222,2 мың адам, өсім – 128%);

– орналастыру орындары арқылы қызмет көрсетілген кіру туристер саны 6,9 мың адам (2024 жылғы қаңтар-маусымда – 5,8 мың адам, өсім – 2%).

– өңірге туристік ағыны 900,2 мың турист құрады, оның ішінде 290,6 мың адам орналастыру орындары арқылы қызмет алды; 609,6 мың адам ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келді;

– бюджетке 6 ай ішінде түсімдер 2,1 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 27,0 млрд теңге құрады (бюджеттік – 16,8 млрд теңге, жеке – 10,2 млрд теңге), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,0% жоғары (21,3 млрд теңге, оның ішінде бюджеттік – 9,1 млрд теңге, жеке – 12,2 млрд теңге).

Инвестициялар көрсеткіші 35,7 млрд теңге көлемінде 75,6%-ға орындалды (Астана, Алматы қалалары, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарынан кейін Қазақстан бойынша 6-ші орын).

Құрылған инвестициялық жобалар пулына (орналастыру және тамақтандыру орындары) салынатын инвестициялар сомасы шамамен 11,0 млрд теңге құрайды, олардың ішіндегі ірі жобалар:

– «Compas Comfort» трассалық кешенін салу – 1,5 млрд теңге («АЗС Новая» ЖШС);

– Щучье көліне бутик-отель салу – 1,2 млрд теңге («Qurylys Burabay» ЖШС);

– SPA-кешенін салу және мейрамхананы кеңейту – 0,8 млрд теңге («Welness & Resort» ЖШС);

– Бейбарыс демалыс аймағын кеңейту (қонақ үй құрылысы) – 0,7 млрд теңге («Жана Өмір КЗ» ЖШС).

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша келесі жобалар іске асырылды:

– Мақинск қаласында қонақүй кешенін салу – 0,6 млрд теңге («Умаров» ЖШС);

– Бозайғыр ауылында демалыс аймағын салу – 0,3 млрд теңге («Алтын-Мура К» ЖШС);

– Катаркөл көлінің жанында «Дискавери» РСО аймағына демалыс аймағын салу – 0,3 млрд теңге («Орленок» ЖШС);

– «Светлый» санаторий» шағын ауданында демалыс аймағын салу – 0,2 млрд теңге («Erlan A-frame Schuhinsk» ЖШС).

2025 жылы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша 2 кәсіпкерлік субъектісіне 10% төлемдер жүзеге асырылды («Wellness & Resort» ЖШС демалыс базасы (120,0 млн теңге), «Sirius Plus» ЖШС апартаменттері бар емдеу-сауықтыру кешені (308,9 млн теңге).

Сонымен қатар, аталмыш жылы облыстық комиссиясы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша 5 өтінімді мақұлдады:
1 өтінім – туристік қызмет объектілерін салу немесе реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша – «DanEl» демалыс базасы (Зеренді ауданы); 4 өтінім – кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға кететін шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша – Отарбаева ЖК (2 СГТ), «Конкина» ЖК, «Туристік компания «Agrotravel-kz» ЖШС.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 кәсіпкерлік субъектісіне 2,5% мөлшерлемемен несие беру мақұлданды, жалпы сомасы 19,6 млн теңге («Жакибаева А.К.» ЖК; мақсатты пайдалану – жылыжайлар мен монша-эко-бөшкелер; несие сомасы – 9,8 млн теңге; Біржан сал ауданы; «Murabai Camp» қонақ үйі, Досумбеков М.О.; мақсатты пайдалану – барнхаус сатып алу; несие сомасы – 9,8 млн теңге; Біржан сал ауданы).

Бурабай курортын дамытуға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев ерекше көңіл бөлуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді (2025 жылғы 6 наурыздағы № 126 қаулысы), ол туризмді дамыту, туристік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға арналған жағдайлар жасауға бағытталған.

Кешенді жоспар бойынша жалпы сомасы 137,2 млрд теңге құрайтын 118 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған (РБ – 45,7 млрд теңге, ЖБ – 27,5 млрд теңге, БТҚ – 64,0 млрд теңге). Олардың ішінде 75 іс-шара, жалпы сомасы 113,7 млрд теңге (РБ – 42,9 млрд теңге, ЖБ – 25,9 млрд теңге, БТҚ – 44,9 млрд теңге) облыс әкімдігіне бекітілген.

2025 жылы жалпы сомасы 7,7 млрд теңге құрайтын 32 іс-шараның жүзеге асырылуы көзделген (ЖБ – 6,9 млрд теңге, РБ – 0,8 млрд теңге), олардың ішінде 2 іс-шара қаржыландыруды қажет етпейді; республикалық бюджеттен қаржыланатын 3 іс-шара толық көлемде қаржыландырылды, қалған 27 іс-шара жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Дата публикации
26 декабря 2025