Туроператорлық қызметке лицензия алу бойынша кезең-кезеңімен алгоритм

Туроператорлық қызметке өтініш қабылдау және лицензия беру www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет порталдары арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. elicense.kz порталына тіркеліп, авторизациядан өту;
  2. заңды немесе жеке тұлға ретінде қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса тіркеп, өтініш беру:
  3. мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртектің электрондық көшірмесі – 10 АЕК мөлшерінде (2025 жылға – 39 320 теңге; төлемді банк бөлімшесінде, «Қазпошта» АҚ-да немесе www.elicense.kz порталы арқылы «электрондық шлюз» көмегімен жасауға болады);
  4. туроператорлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні.

Қызмет көрсету нәтижесі: лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.

Толық ақпаратты келесі сілтемелер арқылы ала аласыз:

  1. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020783
  2. https://egov.kz/cms/ru/services/pass516_mint

 

 

 

Дата публикации
24 июня 2025