Инфрақұрылымды дамыту және ішкі туризм басқармасы туралы ереже
Ақмола облысының туризм басқармасы басшысының 2023 жылғы « » ____________ № _______ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер: 1. Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Ақмола облысының туризм басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Ақмола облысының туризм басқармасы» ММ туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді. 4. Бөлімнің құрылымы мыналардан тұрады: бөлім басшысы - 1 бірлік; бас маман - 2 бірлік. II. Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері: 5. Міндет: Ақмола облысында туризмді дамыту үшін жағдай жасау бойынша бірыңғай келісілген және тиімді саясатты іске асыру. Функциялар: 1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құру, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті объектілерді салу және дамыту жөнінде шаралар қабылдау; 2) туристік саланың тиімділігін және оның өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына үлесін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; 3) балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету; 4) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шаралары ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау; 5) жоғары тұрған органдарға Ақмола облысының туризмін дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну; 6) туризмді дамыту жөніндегі ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру; 7) туристік қызмет субъектілеріне консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету; 8) гидтерді (гид-аудармашыны) кәсіби даярлауды ұйымдастыру; 9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру; 10) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу; 11) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу; 12) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу; 13) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу; 14) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау. 6. Міндет: Туризм саласын дамыту мен қолдаудың өңірлік және мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру. Функциялар: 1) Ақмола облысында туризмді дамыту жөніндегі жол карталарын іске асыруға қатысу; 2) облыс аумағында Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға қатысу; 3) облыс аумағында туристік қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға қатысу; 7. Міндет: Кеңестер, семинарлар мен форумдар өткізуді ұйымдастыруға қатысу. Функциялар: 1) бөлім құзыреті шегінде ақпараттар, кестелік және презентациялық материалдар, сөз сөйлеу жобаларын дайындау; 2) тізімдерді дайындау және қатысушыларды шақыру бойынша жұмыс. 8. Құқықтары мен міндеттері: 1) бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен, облыстық департаменттер мен басқармалардан, аудандық және қалалық әкімдіктерден, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу; 2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжамдық деректерді әзірлеу үшін статистикалық органдардан қажетті статистикалық деректерді алуға; 3) өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды уақтылы және сапалы орындауға; 4) Басқарма басшылығының қарауына бөлім жұмысына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге; 5) өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына жауап беруге; 6) еңбек тәртібін және ішкі жұмыс тәртібін сақтауға; 7) тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. III. Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімінің қызметін ұйымдастыру 9. Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімі заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие. 10. Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімі Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады. 11. Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады. 12. Инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімі басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді. 13. Осы мақсатта басшы: 1) бөлімнің құрамына кіретін мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 14. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды. 15. Бөлім іс жүргізуді бекітілген істер номенклатурасына сәйкес жүргізеді.Дата публикации
03 января 2024