
Ақмола облысы өзінің бірегей табиғи-климаттық жағдайымен, кең үзілістік әлеуетімен, сауықтыратын орындардың дамыған жүйелерімен, астаналық облыс ретінде Қазақстанның жетекші өңірі болып табылады. Облыс ең жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету мүмкіндіктерін тек Қазақстандық туристерге ғана емес, сонымен қатар шетел туристері үшін де ұсына алады. Сондықтан да, туризм жөніндегі жаңа өңірлік басқарма сайтынан «Қазақстанның інжуі» деп аталып кеткен біздің тамаша өңіріміз Бурабай курорты туралы, тарихи және табиғи назар аударарлық орындары мен демалыс, сауықтыру нысандары жайлы ақпарат ала аласыздар. Бұл отандық және шетел нарығында біздің өңірлік туристік өнімдерін өткізу мәселесінде жетекші туристік компаниялармен қызметтестікті кеңейту ісінде жақсы бастама болар еді.
Ақмола облысының туристік әлеуеті көптеген туристерге жаз және қыс мезгілдерінде демалыс ұсынады. Бұл үшін тау-шаңғы базалары, туристік маршруттар жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру, мәдени-танымдылық, экологиялық, бұқаралық-спорттық және іскерлік туризмге ерекше көңіл аударылады.
Жаратылыстағыдай жабайы табиғат, хош иісті қылқанмен қаныққан таза ауа, жергілікті минералды су көздері, шипалы балшық, күн, емдік қасиеттері бар шөптер, жидектер мен саңырауқұлақтар, шипалы сусындар - қымыз және шұбат, дамыған инфрақұрылым толық сауығу, демалыс және көңіл көтеру үшін барлық жағдайлар жасайды.
Біздің таң қаларлық өлкемізге қош келдіңіздер!