Қосымша 2
экономика министрінің бұйрығына
бюджеттік жоспарлау
Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 25 маусымдағы № 193
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Ақмола облысы 2021 жылы бөлім бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 2 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
көтерме жәрдемақы - 2.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына, барлық мемлекеттік қызметтер сәйкес мерзімде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ ақпараттық стендінде орналастырылған, сондай-ақ ай сайын «Степногорск Ақшамы» қалалық газетінде жарияланады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) шынайылық;
5) жан-жақтылық;
6) ашықтық.
Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Анықтама телефоны: 8(71645) 61750.