Меню

Страницы

Статья

«Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы есепті кезеңдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің

 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығына

 

 

«Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы есепті кезеңдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есебі

 

«Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидалар негізінде көрсетіледі:

- көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;

- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 8 (сегіз) түрін көрсетеді:

1.   "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" -  94 ЭҮП;

  1. «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру беру» - 334 ХҚКО.
  2. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» – 145 ЭҮП.
  3. «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» – 0 ЭҮП.
  4. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есепті жазбасы туралы үзінді беру» - 0.
  5. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі кешенді жүргізуг шешім беру (құрылыстарды бұзу)» - 130 ЭҮП.
  6. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 29.
  7. Елді мекен ішінде объект салу үшін жер учаскесін беру (бірінші кезең) - 24 ХҚО.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2021 жылы 145 қызмет көрсетілген эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу мемлекеттік қызметтің сұранысына ие болып табылады.

«Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы ақпарат Степногорск қаласының интернет–ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің бекітілуіне қарай қала әкімінің сайтындағы Бұл бөлім мерзім сайын жаңартылып отырады.

Сондай-ақ ақпарат көпшілікке қолжетімді орындарда ақпараттық стендтерде орналастырылады, жергілікті «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланады.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  ҚР Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында жүргізілді.         

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау оны жария талқылау үшін орналастырылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

 2021 жылы қала әкімдігінің сайтында Мемлекеттік қызмет жобаларын жария талқылау барысында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

Осы жоспарға сәйкес Степногорск қаласы әкімінің сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі үнемі жаңартылып отырады.

Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, № 1 ғимарат, 7 қабат, 73 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан «Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кабинетінде: стендтер бар, онда келушілерге мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған, осы ақпаратты сондай-ақ  8 (716) – 45 – 6 – 25 – 30 телефоны арқылы алуға болады.

 

есепті жүктеу

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы