Меню

Страницы

Статья

«Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі

 Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің

 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығына

 

 

 «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі.

 

1.Жалпы ережелер.

         1) «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ:  Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 14-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан. Тел: 45-5-23.

         2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

              - «Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0;

              - «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу» - 6:

              - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау» 0;

              - «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет төлеу немесе бөліп-бөліп төлеубойыншасату»-0;
                  - «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0.

                  Барлық мемлекеттік қызыметтер тегін көрсетіледі.

 

2.Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың көздері ауыл әкімдігіндегі ақпараттық тақталар болып табылады.

2) Халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру үшін іс-шаралар.

1) Әкімдікте E-GOV өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар.

         2) 2021 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық семинар-кеңестеріне қатысты, және де түсіндіру жұмыстары өткізілді.

         3) Тұрғындар арасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) ашу туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері: көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 6, электрондық үкімет порталы арқылы – 6, мемлекеттік орган арқылы 0 қызмет. Қызметті алған тұлғалар саны – 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

         2) 2021 жылдың қазан айында Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бақылау іс-шарасын өткізді.

         Мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар түскен жоқ. Қызмет алушы тарабынан шағымдар түскен жоқ.

         Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратымен келесі жұмыстар атқарылуда:

         - мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылуына жол бермеу;

         - ақпарат тақталары, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы ақпараттандыру;

         - мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

есепті жүктеу

 

 

 

Дата публикации
09 февраля 2022
Дата обновления
09 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы