Меню

Страницы

Статья

2021 жылдық әлеуметтiк-экономиканың дамуы туралы Бөгенбай ауылдық округiнiң әкiмi Утисхан Жәнiбектiң жылдық есебi.

Армысыздар ардақты ағайын. Құрметтi Бөгенбай ауылдық округiнiң тұрғындары.

Сiздерге Бөгенбай ауылдық округiнiң ахуалымен және бүгiнгi күнге дейiн iстелiнген iс-шаралармен таныстырып, алдағы атқарылатын жоспарлармен бөлiсетiн боламын. Кейiн сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады.

Бөгенбай ауылдық округi екi ауылдан құралған. Байқоныс және Бөгенбай ауылы. Екi ауылдың арасы 65 шақырым. Қаламен байланыс 65 шақырым. Округ бойынша 513 адам. Соның iшiнде зейнеткерлер 49 , мүгедектер 12, 18 жасқа дейiнгi балалар 178, өз өзiмен қамтылған 129 адам.

Ел билiгiнiң тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылы 7 адам шағын несиеге өтiнiш берiп қабылданды. Соның алтауы 21 млн 437 мың шағын несие алды. 2021 жылы жыл басында 5 адам 4 пайыздық 4 млн — нан 18 млн шағын несие алды. Атамекен бастау бағдарламасы бойынша 5 адам құжат тапсырып, жыл соңында соның екеуi 1920000 мың теңге алса, екi адам күтуде. Барлығы мал шаруашылығын дамыту бағытында..

Нәтижелi жұмыспен қаму және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасын дамыту мақсатында 2020 жылы 1 адам 555600 сомасында грант алып кәсiбiн ашса, 2021 жылы 3 адам 583,4 мың тг сомасында грант алды.

Ауыл шаруашылығын дамыту

Шаруашылық жүргiзу есебiне сәйкес үй iргесiнде учаскелерi бар ауланың саны-114, қосалқы шаруашылығы бар ауланың саны-96. барлық аумақ-123 (га), оның iшiнде елдi мекендердiң жерi-10705 (га). Шаруа қожалығы мен ЖШС алаңы-3120 (га). Мал шаруашылығы негiзi жеке қосалқы шаруашылығымен ұсынылады. Барлық IҚМ-1285 бас, оның iшiнде сауылатын сиырлар — 560 бас, қойлар — 2626 бас, жылқылар-672 бас өткен жылға салыстырғанда өсуде. Округке қарасты екi мал дәрiгер бар. Жоспар бойынша уақтылы мал ауыруларына қарсы екпелер егiлiп тұрады. Наурыз мамыр айлары арасында жоспарлы малдан қан алу жұмыстары жүргiзiледi. Мал шығыны жоқ. Мал азығы дайындалуда, жоспар бойынша 5000 тонна шөп әзiрлендi.

Шағын бизнестi дамыту

Округте 6 шаруа қожалығы, 37 жеке шаруашылық жұмыс iстейдi. 29 адам жұмыспен қамтылған. Негiзi мал шаруашылығы. Мал шаруашылығын дамыту қарқынды жүрiп келедi. ЖШС Алтынбас Ара 10 га, ЖШС BiofromTechnologies 60 га. дай кортошка егiлiп, жинап алынды.

Көгалдандыру

Уақтылы 6 таза бейсенбiлiктер өткiзiлдi. 120 адам қамтылды. Ағаштарға ақтау жұмыстары жүргiзiлдi. Қоқысқа қалалық бюджеттен бөлiнген 1 млн тенгеге жаз айында 1500 тонна құрылыс қалдығы шығарылды және тұрғындар есебiнен 2400 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 600 мың теңгеге 800 метрлiк жолдың ой- шұңқыры жабылып тегiстелдi. Күзде қосымша халықтың өтiнiшi бойынша 1 млн 600 мың теңге бөлiнiп 3200 тоннадай қоқыс шығарылды және мектеп ауласында 150 мың теңгенi құрайтын 21 шырша ағашы орнатылды.

Әлеуметтiк сұрақтар

Қоғамдық жұмыстарға 13 адам жiберiлдi, 1 824,8 тг сомасында жалақы төлендi. 1 отбасыға бiрыңғай әлеуметтiк көмек көрсетiлдi 116 680 тг сомасында ақша берiлдi.

Жастар саясаты

Ауыл жастарының тигiзер үлесi зор. Шағын бизнестi дамытуды қолға алған жастарымыз ертенгi ел болашағы. Жаңа жыл, Наурыз т.б мейрамдарда демеушiлiк жасап қызықты өтуiне белсендi қатысады. Өткен жылы ел аумағындағы кабитке байланысты ешбiр iс шара өткiзiлмедi.

Дiн мәселесi, түрлi ағымдардың белең алуы, жастардың терiс ағымға кетiп қалмауы жiтi бақылауда.

Бiлiм саласы

Байқоныс ауылында жалпы орта бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. 101 оқушы, 21 мұғалiм. Соның iшiнде 16 мұғалiм жоғары бiлiмдi.

Мектеп iшiнде 2-5 жас аралығында 20 балалық шағын орталық жұмыс iстейдi.

2020 жылы Байқоныс орта мектебiнiң барлық әйнегi жаңартылды. 19 млн 600 мың теңге қаржы жұмсалды. Және жылу қазандығы нормаға сай жаңадан салынды. 22млн теңге жұмсалды. Жылу беру жүйе қазандығы қатты отынмен. 290 тонна көмiр жұмсалады.

Бөгенбай ауыл мектебi негiзгi мектеп болып қызмет жасайды. 9 оқушы, 3 мұғалiм жоғары бiлiмдi. Биылғы жылы 16 бала Ақсу 1 орта мектебiне тасымалданып оқытылады. Жылу қазандығы қатты отынмен 190 тоннаны құрайды.

Округте дарiгерлiк амбулатория қызмет көрсетедi. Штатта екi адам. Қалалық ауруханадан ай сайын кесте бойынша терапевт-педятр даргерлерi келiп тұрады. 10050 кiтап қоры бар кiтапхана жұмыс жасайды. Жаңа кiтаптармен жабдықталып тұрады. Өткен жылы модулдық кiтапхана статусын алды. Компютер және мебельдермен жабдықталды.

Жергiлiктi басқару

Ауыл iшiндегi мәселелердi шешу мақсатында 8 адам жергiлiктi қауымдастық құрамымен бiрлесе отырып бөлiнген қаржыны қай мақсатта жұмсау, ауылды қоқыстан тазарту, тәртiптi қадағалау сынды мәселелер халықпен болған жиылыста шешiмiн табуда.

Инспекторлық сақшылармен бiрлесе отырып рейттер жүргiзiлiп тұрады. Онда қоқысты жинау, иттерiн заң бойынша ауласында байлап ұстау, малдарын бетiмен жiбермеу сияқты жұмыстар жүргiзiлiп тұрады.

Ақпарат тарату мәселесi бойынша 98 пайыз отбасында Отау.ТВ құрылғысы орнатылған. Сонымен қатар 2019 жылы жоспар бойынша 100 пайыз үйлерге су құбырлары кiргiзiлдi. 100 пайыз сумен қамтылған.

Қоғамдастық мүшелерiмен жұмыстың нәтижесi:

Қоғамдас мүшелерi ауылдың кез келген мәселесiн шешу, бөлiнген қаржыны дұрыс мақсатта жұмсалуын қадағалау, жастарға дұрыс бағдар беру, ауылдың гүлденуi үшiн ақыл кеңес қосу мақсатында құрылған ерiктi мүшелер.

Қоғам мүшелерiмен арнайы жиналыстарда ғана емес әрдайым кез келген мәселеде жеке кездесу арқылы түйiнi түйткiл сұрақтарды шешуде орнынан табылып жатады. Қоғамдық мүшелермен бiрлесе отырып әлi талай жұмыстың шешiмiн табамыз деген сенiмдемiн.

Құрметтi ауылдастар алда шешу керек мәселелер жеткiлiктi.

1.Көшенi жарықтандыру олда бiр өзектi мәселелердiң бiрi заман талабы десек те болады. Өткен жылы Байқоныс ауылына он алты күннен қуат алатын 680 мың теңгенi құрайтын жарық шамдары сатып алынып қойылса, биылғы жылы Байқоныс ауылына қосымша 26, Бөгенбайға 20 жерде орнатылды. Қазiргi таңда тағы 35 жерге жарық орнату жұмыстары жүрiлiп жатыр. Сонымен қатар Бөгенбай және Байқоныс ауылына 500 мыңнан балалар ойын алаңына ойнау құралдыры сатып алынды.

2. Қоқыстан тазарту. Қазiргi таңда қоқыстан тазарту мәселесi бес алты жыл көлемiнде тұрақты шығарылып келедi. 2020 жылы 4900 тоннадай қоқыс шығарылса, 2021 жылы 7100 тоннадай қоқыс шығарылды. Соның 4700 тоннасы қала бюджетiнен болса қалғаны халық есебiнен шығарылды. Осылай жылда жалғасын табады.

3.Интернет жүйесiн жақсарту. Қазiргi технология дамыған заманда интернетсiз елестету қиын мәселе. Қазiргi таңда бұлда өз шешiмiн тапқан. Бөгенбай және Байқоныс ауылында билайн 4G интернет жүйесi қосылған. Келешекте кабельдiк интернет арнасына қосылу мәселесi тұр.

4.Шағын бизнестi дамыту. Бұл ел үшiн экономиканың дамуы үшiн кезектi күттiрмейтiн мәселе. Осы мақсатта жылда ауылымызда 5-10 адам мал өсiру мақсатында 4 млн шамасында шағын несие алып тұр. Сонымен қатар инвестор тартып бос жерлердi игеру мәселесi бойынша да жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Дата публикации
25 января 2022
Дата обновления
25 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы