Заводской кентi — қала типтес кентi. Целинный тау-кен-химиялық комбинаты бөлiмшелерiнiң құрылғаны негiзiнде, 1958 жылы кент кұрылған. Әкiмшiлiк бағынысында Степногорск қаласына жатады.
Кент алаңы 130 га, тұрғын-үй массивiмен шектеледi.Қазақстан Республикасының 2021 жылғы жалпы халық санағының қорытындысы бойынша, Заводской кентiнiң халық саны 3676 адам (оның iшiнде 1913 әйел, 1297 ер адам), 650 зейнеткерлер, 129 мүгедек, жалпы үй шаруашылықтарының саны 1297 аула құрайды.
Өнеркәсiп
Кентте өнеркәсiп ұсынылмаған. Бiрақ көптеген өнеркәсiп кәсiпорындар iргелес аумақта — қаланын өнеркәсiптiк аймағында орналасқан.
Шағын кәсiпкерлiк
Кентте сауда-сатып алу қызметiмен және халыққа қызмет көрсетумен айналысатын 57 жеке кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асырады. Кентте 33 дүкен, 2 кафе, 1 ЖҚС, 1 ГҚС, 1 ТҚС, 2 шинажөндеу, 1 дәрiхана, 4 шаштараз, 2 киiм тiгу ательесi, 2 наубайхана, такси бюросы және автотұрақ, 1 қоғамдық монша жұмыс iстейдi. 2021 жылы 2 жеке кәсiпкер сауда-сатып алу және халыққа қызмет көрсету саласында өз қызметiн тiркедi.
Ауыл шаруашылығы
Шаруашылық есепке сәйкес аулалық учаскiлерi бар үйлер саны — 454, қосалқы шаруашылығы бар 113 үй, оның iшiнде 424 IҚМ, 78 бас шошқа, қой — 635 бас қой, ешкi — 79 бас, 683 бас жылқы, 3410 бас құс.
Сумен жабдықтау
Заводской кентi 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген. Сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру жұмыстары жүргiзiлуде.
Әлеуметтiк қорғау
Халық саны 3676 адамды құрайды, оның iшiнде:
еңбекке қабiлеттi халық — 1750 адам,
өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар — 259 адам,
2021 жылы 20 адам жұмыссыз ретiнде тiркелген (оның iшiнде әйелдер — 11, 16-29 жас аралығындағы жастар — 4).
АӘК-тi 23 отбасы — 129 адам 4 млн 767 мың теңге алды.
Тұрғын үй көмегi — 7 отбасы — 16 адамға 83 мың 600 теңге.
Әлеуметтiк көмек 18 адамға 918 мың 800 теңге.
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасының 01.12.2021 жылға 37 адам қатысты, оның iшiнде:
әлеуметтiк жұмыс орындарына үмiткерлер — 3 адам (АШҚ «Балу», ЖК Стыжаров, ЖК Гусев).
жастар тәжiрибесi — 2 адам (ЖШС «АА Mining», Қала соты кеңсесi).
қоғамдық жұмыстарға тартылғандар — 16 адам («Заводской кентi әкiмi аппараты» ММ).
қысқа мерзiмдi курстар — 2 адам («Тiгiншi» мамандығы бойынша — Потапова Т.Л., «Жабдықтарды жөндеу жөнiндегi электромонтер» мамандығы бойынша — Ахметов А. Т.).
шағын несие алды — 1 адам (жалпы сомасы 4 млн.теңге «Коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiсiн салу» Гусева Л.Н.).
грантқа ие болды — 3 адам жалпы сомасы 1 750,2 мың теңге, оның iшiнде:
ҰҚМ өсiру — Байтемиров Қ.С., Коқаев Е.,
«Донер» фаст-фудының ашылуы — Нұрмағамбетова А.С.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 10 адам оқуға жiберiлдi.
Абаттандыру
2021 жылы Бөгенбай батыр көшесiнiң бойынан 820 мың теңгеге 350 тонна құрылыс қоқысы шығарылды.
Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы, А.Байтұрсынов көшелерiнiң бойындағы стихиялық үйiндiлердi жою жұмыстары жүргiзiлдi.
Достық көшедегi өздiгiнен пайда болатын, 1 430,0 мың теңге үйiндiлердi жою жұмыстары жүргiзiлуде (жеке кәсiпкер Голоядов).
Су тасқынының алдын алу мақсатында көктемде ауылдың көшелерi мен жолдарындағы қар тазаланып, шығарылды. Барлығы 2000 м3 қар шығарылды. (И.П.Голоядовқа демеушiлiк көмек көрсетiлдi).
2021 жылы бюджет қаражаты есебiнен Строителей көшесiне 500 мың теңгеге балалар ойын алаңы орнатылды («Еңбек Астана» ЖШС).
Строителей, Бейбiтшiлiк, Т.Бигелдинов, Етекбай би көшелерiндегi кентiшiлiк жолдарды орташа жөндеуге, 25 136,0 мың теңге трансферттiк қаражатқа мемлекеттiк сатып алулар жүргiзiлдi. Жұмыстар тамыз айында басталды. Т.Бигелдинова, Етекбай би, Бейбiтшiлiк және Строителей көше бойына асфальт төселген.
С.Сейфуллин, Бөгенбай батыр көшелерiне, жергiлiктi бюджеттен 17,8 мың теңге бөлiндi. 2,1 мың теңге игерiлiп, жұмыс толық орындалмағандықтан, мердiгер ұйымға облыстық экономикалық сотқа талап арыз берiлiп, сот шешiмiмен мердiгер әдiлетсiз деп танылып, жосықсыз өнiм берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзiлген, бюджетке 159 мың теңге айыппұл өндiрiлдi.
Тротуарларды орташа жөндеуге қаражат бөлiндi, мердiгердiң кiнәсiмен жұмыс аяқталмай қалды (сот шешiмiмен мердiгер әдiлетсiз деп танылып, жосықсыз өнiм берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзiлдi).
Заводской кентi жолдардың ұзындығы 15 шақырымды құрайды.
Қазiргi уақытта жолдар жөнделдi — 3,3 км — жалпы сомасы 55703,5 мың теңгеге (оның iшiнде 2020 жылы мердiгер «Көкше Агроинвест» ЖШС-мен 28500,0 мың теңгеге, орындалған жұмыс көлемi 6354 м2; 2021 жылы мердiгер «КазАрмСтрой» ЖШС-мен 27203,5 мың теңге сомасында, орындалған жұмыс көлемi — 6585 м2 және 1200 м2 — қиыршық тас 2017,0 мың теңге сомасында).
11,7 км. жолды жөндеу қажет.
2022 жылы Заводской елдi мекенi арқылы өтетiн (Макинск-Ақсу-Торғай) бөлiгiн жөндеу жоспарлануда. 338,7 млн теңгеге тендер жарияланды.
Ұзындығы 1300 м кентiшiлiк жолдарды орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 34 млн 700 мың теңге жалпы сомасы қаражат бөлiндi.
270 мың теңгеге жол белгiлерi орнатылды.
Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Степногорск Энерготранзит» ЖШС демеушiлiк көмек көрсетiп, Абай Құнанбаев көшесiнiң бiр бөлiгiне және Бөгенбай батыр көшесiне 7 шамға жарықтандыру жұмыстарын жүргiздi.
Коммуналдық шаруашылық
Заводской кентiндегi жұмыс iстейтiн бiр қызмет көрсетушi ұйым бар. «Заводской» ПИК 1996 жылы құрылды.
Жалпы 177 үйге қызмет көрсетедi, соның iшiнде 25-үйлер 2 және 3 қабатты, 152 жеке үйлер (оның iшiнде 591 пәтер), жалпы қызмет ету аумағы 47846 ш. м.
2021 жылы 16 көппәтерлi екi үй ҚС (қарапайым серiктестiк) басқару нысанына ендi. Жылыту маусымы әдеттегiдей өтуде. Жылыту маусымы басталғалы берi «Заводской» ПИК мекемесiне 123 өтiнiш түсiп, барлығы қаралды.
Кенттiң жолдың ар жақ бөлiгiнде пешпен жылытылатын 158 аула бар, көмiрдiң қажеттiлiгi 1400 тонна құрайды. 2021 жылы Степногорск қаласының құрылыс бөлiмi кенттiң ар жақ бөлiгiне орталықтандырылған жылумен қамту құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрледi. Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттiк өтiнiм беру жоспарлануда.
Қоғамдық тәртiп
Штат саны 3 адам бар полиция бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар кент аумағы мен Степногорск өнеркәсiп аймағында және Богембай, Байқоныс ауылдарына қызмет етедi. ВАЗ 21213 «Нива» автокөлiгi бар.
Әлеуметтiк саласы
Бiлiм
Кентте орта мектеп жұмыс iстейдi, 32 сынып бар, 1-11сынып оқушылар саны 554. Қазақша мен орысша оқытылады. 45 мұғалiм жұмыс iстейдi, оның iшiнде жоғары бiлiмдерi бар — 34, орта арнайы бiлiммен — 11 мұғалiм. Жоғарғы санатында — 1 мұғалiм, бiрiншi санатында — 2 мұғалiмдер, екiншi санатында — 2, мұғалiм-зерттеушi санатымен — 5 мұғалiм, оқытушы — модератор санатымен -11 мұғалiм, мұғалiм-сарапшы санатымен -16 мұғалiм, санатсыз — 9 мұғалiм.
«Арай» балабақшасының жобалық қуаттылығы 75 бала. 3 жастан 5 жасқа дейiнгi балалар. Топтардың саны — 3. Мұғалiмдердiң жалпы саны — 8 (оның 7-i мектепке дейiнгi бiлiм беру бiлiмiмен). Жоғары бiлiмдi — 4, орта арнаулы — 4. Жоғары санатымен — 4, бiрiншi — 0, екiншi санатымен — 1, модератор мұғалiмi — 1, санатсыз — 2 оқытушы.
Музыкалық мектеп филиалында сазды аспап, фортепиано, скрипка, домбыра класстарымен оқитын 40 оқушы бар. 5 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оқушылар қалалық және кенттiк концерттер мен конкурстарда белсендi қатысып, әр-түрлi жүлделi орындарды алуда.
Денсаулық сақтау
Заводской кентiнде «Viamedis» ЖШС дәрiгерлiк амбулаториясы, бiр ауысымда 40 дәрiгерлiк қабылдау жұмыс iстейдi, сондай-ақ Қырық-құдық ауылына қызмет көрсетедi. Штаттық саны 15 қызметкер, оның iшiнде — 2 жалпы практика дәрiгерi, 9 — орта, 4 — кiшi мед. қызметкерлерi. Жедел жәрдем автокөлiгi бар. Жеңiлдiктi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Халықты жоспарлы медициналық тексеру жүргiзiледi. 2021 жылға арналған флюорографиялық тексеру жоспарының орындалуы– 100 % құрайды. Заводской кентiнде 2 410 адам коронавирустық инфекцияға қарсы егiлуге жататын, жыл соңында 1 847 адам егiлдi, бұл 76,8% құрайды.
Мәдениет және спорт
Заводской кентiнде 27 мыңан аса кiтап қорымен кiтапхана жұмыс iстейдi. 8 орынды оқу залы бар. Үнемi түрлi тақырыптық көрмелер, дөңгелiк үстелдер өткiзiледi.
Ақсу кентiнiң Мәдениет үйi филиалының, кент клубы жұмыс iстейдi. Әр түрлi iс-шараларды белсендi жүргiзетiн меңгерушi — Ақыжанова Әсел Баяновна. Клуб қатысушылары кенттiк, қалалық, облыстық, сондай-ақ Республикалық конкурстар мен концерттерге белсене қатысып, түрлi жүлделi орындарға ие болуда.
Заводской кентiнде ардагерлер кеңесi клубы жұмыс iстейдi. Клубта мұражай бар, оны клуб мүшелерi өздерi ұйымдастырды.
Қоғамдық-саяси және дiни ахуал тұрақты, әлеуметтiк шиеленiстер орталықтары жоқ, кент әкiмдiгiнде митингтер мен жиналыстар ұйымдастыруға өтiнiштер түскен жоқ.