Құрметтi Қырық құдық ауылының тұрғындары!
Қырық құдық ауылы Степногорск қаласынан 45 км қашықтықта орналасқан. Елдi мекеннiң аумағы 5140 га құрайды, оның iшiнде жайылымдар 4687 га, егiстiк 8 га., ауылдың ауданы 18 га, тұрғын үй секторының алаңымен шектеледi. Қырық құдық ауылының халық саны 550 адам, 146 отбасы. Оның iшiнде экономикалық белсендi халық — 258 адам, жұмыс iстейтiндер — 156 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар — 102 адам, зейнеткерлер — 40, тыл еңбеккерлерi — 1 адам, көп балалы отбасылар — 16. Барлығы мүгедектер — 22 адам, бала кезiнен мүгедектер — 2 адам, әлеуметтiк қызметкерлер — 1.
Ауылдағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Әлеуметтiк шиеленiс ошақтары байқалмайды. Бейбiтшiлiк пен келiсiмде 5 ұлт өкiлдерi тұрады.
Ауылдық аула саны 121 (80 үй). Оның iшiнде 89 ауланың жеке қосалқы шаруашылығы бар. 2022 жылдың 1 қаңтарына мал басы: Iрi қара мал 1530, ұсақ мал 1956 бас, жылқы 1024 бас, құс 1065 басты құрады. Жануарлардың кейбiр түрлерiнен көрiп отырғанымыздай, 2021 жылмен салыстырғанда ауыл халқында мал басының өсуi байқалады. Бұл мал шаруашылығын дамыту саласында жаңа жеке кәсiпкерлердiң ашылуына байланысты болды. Ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар жоспарына сәйкес вакцинация және әртүрлi жұқпалы ауруларға зерттеу жұмыстары уақтылы жүргiзiлуде. Тiркелген ауыл шаруашылығы техникасының саны 19 бiрлiктi құрайды.
Ауыл аумағында 3 шаруа қожалығы ("Ислам", "Мейрам", "Нұрдәулет") және 21 жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi, олар мал шаруашылығын дамытумен айналысады. 2 Жеке кәсiпкер сауда-сатып алу қызметiмен айналысады (ЖК Калкин Б. және ЖК Абетова К.). 1 кәсiпкер жиһаз жасау саласында жұмыс iстейдi, 1 кәсiпкер тiгiн iсiмен айналысады.
2021 жылы мал шаруашылығын дамыту саласында 4 жеке кәсiпкерлер тiркелдi.
Қырық құдық ауылы әкiмiнiң аппаратымен әлеуметтiк маңызы бар тауарлар бағасының негiзсiз өсуiне жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргiзiледi, әкiмдiк мамандарымен апта сайын ауыл дүкендерiндегi бағаларға мониторинг жүргiзiледi.
Атаулы әлеуметтiк көмек 2 отбасына (9 адамға) 626 мың 200 теңге тағайындалды.
Әлеуметтiк көмек — 3 адамға, сомасы 1млн 66 мың 200 теңге көрсетiлдi:
- мед. университетiнде оқуға және теолог — 2 адам (1млн 40 мың теңге)
- фтизиатрдағы балалар — 1 адам (26 мың 200 теңге)
9 мамырға 1 адамға 7 мың 500 теңге сомасында төлем жасалынды.
Қайырымдылық айлығында — 83 мың 300 теңге 15 адамға төлендi.
Халықты жұмыспен қамту орталығына 37 адам жүгiндi.
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттiк бағдарламасының қатысушылары 37 адам болды, оның iшiнде:
1. жалпы сомасы 12 млн 600 мың теңгеге 3 адам шағын несие алды, олар:
- мал шаруашылығын дамыту- Темiрбек А. Т., Ерғали М.;
- айналым қаражатын толықтыру — (сиыр етiн сату) — Хавдел С.
2. жалпы сомасы 857мың 100 теңгеге 2 адам грант алды, олар:
- iрi қара мал басын өсiру — Мұратбек Б., Елеусиз А.
3. әлеуметтiк жұмыс орындарына — 8 адам ("Ислам" Ш/Қ, Кайрош ЖК, Қайнашева ЖК, "Мейрам" Ш/Қ).
4. жастар тәжiрибесiне — 1 адам ("Қырық құдық ауылы әкiмiнiң аппараты" ММ).
5. қоғамдық жұмыстарға- 15 адам ("Қырық құдық ауылы әкiмiнiң аппараты" ММ).
6. "Бастау — бизнес" жобасы бойынша оқуға 8 адам жiберiлдi.
Әлеуметтiк қызмет көрсетуде 1 адам бар:
- Жалғыз тұратын зейнеткерлер — 1 адам (Фролова Людмила Алексеевна);
Ауыл аумағында "Қырық құдық ауылының жалпы бiлiм беретiн мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi жұмыс iстейдi, мәртебесi бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде оқытатын шағын жинақты орта мектеп.
Барлық оқушылар — 105, мемлекеттiк тiлде оқытатын мектепалды сыныпта 16 бала.
Мектеп жанында 22 бала тәрбиеленетiн "Айгөлек" шағын орталығы жұмыс iстейдi.
Барлығы 54 қызметкер, оның iшiнде 29 педагог, оның iшiнде жоғары бiлiмдi 21, орта-арнайы 6, педагог-сарапшы 11, педагог-модератор 9.
2021 жылғы жұмыстың маңызды бағыты, қалалық және облыстық бюджеттер есебiнен мектептiң материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылды. Жалпы сомасы 3 млн теңгеге мектептiң шатырының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сомасы 11 млн теңгеге ұзақ жану қазандықтары сатып алынған. Қауiпсiздiк мақсатында ғимарат iшiнде 3 және сыртта 1 бейнебақылау орнатылған. Мектеп қазандығына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi, 270 тонна қатты отын әкелiндi. "Айгөлек" шағын орталығына арналған төсек жабдықтары жаңартылды.
Мектеп қызметкерлерiнiң күшiмен бiрiншi және екiншi қабаттағы кабинеттерге, асханаға, спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Халықтың әлеуметтiк осал топтарынан шыққан оқушыларға үлкен қолдау көрсетiледi. "Жалпы оқумен қамту" қорынан тегiн ыстық тамақпен, мектеп және спорт формасымен, жаңа жылдық сыйлықтармен 44 оқушы қамтамасыз етiлдi, екi оқушы азық-түлiктi жеткiзушi Мақсат Құмажанов есебiнен тегiн тамақтандырылды.
Спортпен шұғылдану тек оқу процесi кезiнде дене шынықтыру сабақтарымен және оқушыларға арналған секциялармен шектеледi. Ауыл тұрғындарын спортпен айналысуға тарту бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiлмейдi. Спорт нұсқаушысының ставкасы жоқ.
Кiтап қоры 12000 дана Қырық құдық ауылының кiтапханасы жұмыс iстейдi. 10 орындық оқу залы жұмыс iстейдi. Мектеп ұжымымен және ауыл тұрғындарымен бiрге ресми, сондай-ақ ресми емес мереке күндерiне арналған түрлi iс-шаралар өткiзiледi.
Ауылда медициналық пункт жұмыс iстейдi. Жұмысшылар саны 1 қызметкер — медбике. Жеңiлдiктi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету толық көлемде жүзеге асырылады. Флюоротексеру жоспары 100 % орындалды — 285 адам, барлық балалар жоспарлы вакцинациядан өттi. Ауыл тұрғындарына кеңес беру үшiн арнайы мамандардың жоспарлы сапарлары ұйымдастырылды.
2021 жылы жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қыс мезгiлiнде жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргiзiлдi, оған 1 млн 500 мың теңге жұмсалды.
Қалалық бюджет есебiнен 1 млн теңгеге 2000 текше метр iрi көлемдi құрылыс қоқысы шығарылды. Сондай-ақ, И.Панфилов және Д. Қонаев көшелерiндегi жолдарға жалпы сомасы 2 млн 100 мың теңге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi,.
580 мың теңге сомасына ағаш қоршаулары орнатылды.
Көше жарығын ағымдағы жөндеуге 1 млн 415 мың теңге жұмсалды.
500 мың теңгеге жасыл желектер отырғызылды (қарағай 116, алма ағашы 60, мойыл 34).
500 мың теңге сомасына топырақты тегiстеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Ағаштарды кесу жұмыстарына 300 мың теңге жұмсалды.
Сомасы 1 млн 277 мың теңгеге шағын сәулет нысандары орнатылды.
455 мың теңгеге құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қызметтерi (Мұрағат) жасалынды.
Жиһаз жасау жұмыстарына 332 мың теңге бөлiндi.
Әкiмдiк ғимаратына өрт қалқаны 102 мың 900 теңгеге сатып алынды.
Мұсылман, христиан зираттарына, ауылiшiлiк жолдарға, көшенi жарықтандыру тiректерiне арналған жерлерге құқық белгiлеушi құжаттарды рәсiмдеу жұмыстары жүргiзiлдi (жалпы сомасы 2 млн 23 мың 300 тг).
6 қаңғыбас иттер ауланып, жойылды.
Ауылда 118 үй орталықтандырылған сумен жабдықталды, бұл 93% — ды құрайды.
Ауылға Степногорск қаласының Ақсу кенттiк полиция бөлiмшесi қызмет көрсетедi. Кесте бойынша жұмыс iстейдi. Ауылға үнемi келiп тұрады.
2021 жылы жалпы сомасы 67 000 теңгеге 27 хаттама толтырылды. Оның 67 000 теңгесi төлендi.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар орын алған жоқ.
2022 жылға жоспарланған жұмыстар
Ы. Алтынсарин көшесiн орташа жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
Қатты тұрмыстық қалдықтар станциясына құқық белгiлейтiн құжаттарды рәсiмдеу
А.Құнанбаев, М. Мәметова және С. Сейфуллин көшелерiне көше жарығын орнату жұмыстарды жүргiзу.
Қоқыс шығару жұмыстары.
Табиғи полигондарды жою.
Ағаш қоршауларды орнату жұмыстары.
Ауылдың орталық алаңына темiр қоршауды орнату бойынша жұмыстар.
Ағаштарды кесу.
Топырақты тегiстеу.
Жасыл желектердi отырғызу (көшеттер).
Жолдарды қиыршық-құм қоспасымен себу.
Жолдарды қардан тазалау.
Назарларыңызға рахмет!