Меню

Страницы

Статья

Шаңтөбе кентiнiң 2021 жылдың әлеуметтiк-экономикалық даму нәтижесi туралы есеп

Елдi мекен туралы ақпарат

Шаңтөбе — ҚР Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы қала үлгiсiндегi кент. Степногорск қаласының (420 км.) әкiмшiлiк басқармасында тұр. Негiзi 1956 жылы салынған.

Халық саны 3241 адамды құрайды (оның iшiнде Новокронштадка ауылында 100 адам), олар: жұмысқа қабiлеттi — 1039 адам, зейнеткерлер — 1200 адам, мүгедектер  — 120 адам, 18 жасқа дейiнгi балалар — 661 адам.

2022 жылға салық түсiмдер жоспары 5,919 млн.теңгенi құрады.

Салық емес түсiмдер 777 мың теңге.

2021 жылға салық түсiмдер сомасы 7,084 мың.теңгенi құрады, оның iшiнде: ЖТС-323,7 мың теңге, мүлiк салығы — 163,8 мың теңге, жер салығы — 39,7 мың теңге, көлiк салығы  — 6,507 мың теңге.

Салық емес түсiмдер сомасы — 722,9 мың теңге.

Өнеркәсiп

Шаңтөбе Кенiшi бөлшектiк сүрлеуде. Қазiргi уақытта қызметкерлер саны 38 адам, олардың қызметi құралдарды жарамды жағдайда ұстау және Кенiш объектiлерiн қорғауды қамтамасыз етумен байланысты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тiршiлiктi қамтамасыз ететiн нысандар штаттық режимде жұмыс жасайды. Кәсiпорындар жұмысында тоқтап қалулар болған жоқ.

Электрэнергиясымен «Шантобе-энергокомплекс» ЖШС қамтамасыз етедi.

ЖШС «Шаңтөбе-энергокомплекс»заңды тұлға ретiнде 2014 жылдың 28 ақпанында Степногорск қаласында тiркелген, 2014 жылдың 1 желтоқсанын бастап дербес жұмыс iстей бастады.

Серiктестiк келесi қызмет түрлерiн iске асырады:

•электр энергиясын беру және тарату;

•жылу энергиясын өндiру, беру, тарату және жеткiзу;

•тарату жүйелерi бойынша су беру;

•ағынды суларды төгу.

Жалпы жылдық бюджет — 408,463 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде субсидиялар — 229,547 мың теңге.

Еңбек ақы қоры  — 194,100 мың теңге немесе ұйымның жылпы бюджетiнен 47,5%.

2021 жылы облыстық бюджеттен 9144 тонна көмiрге 123,43957 млн.тенге бөлiндi. «Blackgoldcompany.LTD» ЖШС Кокшетау қ. келiсiм шарт жасалды. 5275,4 тонна әкелiндi.

2021 жылы жылу беру мерзiмiне дайындық аясында көше бойындағы жылу беру мерзiмiне дайындық барысында Кирова көшесi бойында жылу желiлерiнiң учаскесi ауыстырылды.

1 775 мың теңге сомасына КТП 14 және КТП 15 әуе электр желiлерiне күрделi жөндеуi жүргiзiлдi.

Горький көшесiндегi 0,4 кВт кабель желiсiнiң учаскесi 643 мың теңгеге ауыстырылды.

Коммуналдық шаруашылықты ПИК «Горняк» ұсынады.

Тұрғын үй қоры — 88 үй (5 этажды 16 үй, қалғандары 2 этажды және жер үйлер) ПИК «Горняк» қызмет көрсетедi — қызметкерлер саны 36 адам. Есептiк кезеңде 27,700 млн.теңгеге тұрғын үй қорын ұстау бойынша қызметтер көрсетiлдi.

Қоқысты шығару және кәдеге жарату үшiн, сонымен қатар ақылы қызметтер үшiн кәсiпорынмен 7,390 мың.теңге есептелдi.

Кәсiпкерлiктiң дамуы

Кентте заңды тұлға ретiнде 7 шағын және орта кәсiпкерлiктегi субъектiлер мен 44 жеке кәсiпкер.

Ауыл шаруашылық

Екi шаруа қожалықтарымен, «Рахат» тұтынушылар кооперативiмен және үй шаруашылығы секторымен ұсынылады.

«Рахат» тұтынушылар кооперативiнiң өсiрiлген жемiс-жидек өнiмдерi кент тұрғындарының қажеттiлiгiн жаба отырып, облыс орталықтары мен астана базарларында сатылады. Кооператив мүшелерiнiң жалпы саны — 704 адам.

Есептiк кезеңде Шаңтөбе кентiнде iрi қара мал саны 51 басты құрады. Шошқа 27 бас, қой  — 111, жылқы — 27, құс — 815 бас.

Новокронштадка ауылында iрi қара мал саны 92 басты құрады. Шошқа 36 бас, қой  — 227, жылқы — 44, құс — 912 бас.

Ауыл шаруашылығының дамуы азықтық және мал бағатын жерлердiң жоқтығымен шектелуде.

Әлеуметтiк көмек және тұрғындарды жұмыспен қамту

Атаулы әлеуметтiк көмек 5 отбасыға (19 адам) 708,3 мың теңге сомасына белгiлендi.

Тұрғын үй көмегi 3 отбасыға (3 адам) 20,8 мың теңге сомасына белгiлендi.

Өтiнiштер бойынша әлеуметтiк көмек — 25 адам (1093,75 мың теңге), оның iшiнде:

-онкологиялық науқастар — 25 адам (1093,75 мың теңге).

9мамырға келесi төлемдер өткiзiлдi:

- ҰОС қатысушыларына теңестiрiлген 1102,6 мың теңге сомасына (42адам).

- басқа санаттар 183,1мың теңге (7 адам).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2021 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламасына 33 адам қатысты, оның iшiнде:

•Әлеуметтiк жұмыс орындарына — 11 адам 1 434,8мың теңге сомасына (ЖК Зенченко В.А., ЖШС «Руслан и Жанна», Ш/Қ «Золотой колос», ЖШС «ЦИТ», ЖК Зенченко И.Н.).

•Жастар тәжiрибесiне — 2 адам жалпы 908 мың теңге сомасына («Шаңтөбе кентi әкiмi аппараты» ММ, ЖШС «ЦИТ»).

•Қоғамдық жұмыстарға — 15 адам 3 327,7 мың тенге сомасына («Шаңтөбе кентi әкiмi аппараты» ММ).

•Грант алды — 1 адам 291,7 мың теңге сомасына, оның iшiнде:

- IҚМ басын көбейту — Хажиева Т.Н.

«Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқуға  — 3 адам жiберiлдi.

16 жалғыз тұратын зейнеткер екi әлеуметтiк жұмысшының әлеуметтiк қызметiнде тұр.

Көркейту

•«Елдi мекендердiң санитарлық тазалығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 630,0мың тенге бөлiндi. Шаңтөбе к. санитарлы тазартуға "Руслан и Жанна" ЖШС келiсiм шарт жасалды. Жұмыстар 30.11.21ж. орындалды.

•«Жерлеу орындарын күтiп ұстау және баспанасыздарды жерлеу» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 315,0 мың тенге бөлiндi. Шаңтөбе к. мұсылман және христиан зираттарының жерлеу орындарын күтiп ұстау үшiн "Руслан и Жанна" ЖШС келiсiм шарт жасалды. Жұмыстар 24.06.21ж. аяқталды.

•Ағаштардың бөрiк басын қалыптау үшiн қалалық бюджеттен 932,0 мың тенге бөлiндi. Келiсiм шарт "Руслан и Жанна" ЖШС жасалды. (114 ағаш). Жұмыстар уақытылы орындалды.

•Шаңтөбе кентiндегi 30 лет Победы (орталық), 60 лет Октября (5406 ш.м.) көшелерiнiң бойындағы жолдардың асфальт-бетон жамылғысын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 30 240 млн.теңге бөлiндi. 19.04.2021 жылы «Кокшетау Жолдары» ЖШС келiсiм шарт жасалды. Жұмыстар 26.07.2021 жылы аяқталды.

•Әкiмдiк ғимараттың төбесiн ағымдық жөндеуге қалалық бюдеттен — 906 мың теңге бөлiндi. «Строй Кров Комплект» ЖШС келiсiм шарт жасалды. Жөндеу ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталды.

•Көркейту бойынша қалалық бюджеттен 101 мың тенге бөлiндi. 04.05.21ж. «Зенченко» ЖК-мен бiр жылдық гүлдердiң көшеттерiн (1200 ш.м.) сатып алу туралы келiсiм шарт жасалды. Келiсiм шарт толық көлемде орындалды.

•Ағымдағы жылы 9 комплект көлемiнде КСФ жасауға 3 464,6 мың теңге сомасында қаражат бөлiндi, олар 30 лет Победы және 60 лет Октября көшелерi, 1 ықшам ауданда орнатылды. 12.10.2021 жылы «Триел» ЖШС-мен 2022 жылдың көктемiнде орнату үшiн 4 комплект КСФ жасауға жалпы сомасы 2 715,1 мың теңгеге келiсiм шарт жасалды. Келiсiм орындалды.

•2021 жылы жарықдиодты шамдарды жасауға 2,523 млн теңге қаражат бөлiндi. «Жарық LED» ЖШС-мен 69 дана көлемiнде жарықдиодты шамдар жасауға келiсiм шарт жасалды. Шамдардың бiр бөлiгi Советская, Киров, Спортивная көшелерiнiң бойына орнатылған. Қалған 46 шамды орнату 2022 жылдың көктемiне жоспарланған.

•Ағымдағы жылы 1 205 мың теңге сомасында коммуникациялардан өту үшiн металл көпiрлер жасау және орнатуға қаражат бөлiндi. «Матосян» ЖК-мен келiсiм шарт жасалды. Келiсiмшарт толығымен орындалды

Автокөлiк жолдарына қызмет көрсету және ұстау

•2021 жылы жазғы уақытта жолдарды күтiп ұстауға 500 мың теңге бөлiндi. «Шантобе-энегокомплекс» ЖШС-мен келiсiм шарт жасалды. Жұмыстар орындалды.

•2021 жылы Шаңтөбе к. жолдарды қардан тазалауға 2 065 мың теңге сомасында қаражат бөлiндi. «Руслан и Жанна» ЖШС-мен келiсiм шарт жасалды.

Әлеуметтiк сала

Бiлiм

Кентте бiлiм беру саласында бiржалпы бiлiм беру мектебi жұмыс iстейдi. Кадр құрамы: 62 адам, оның 34 мұғалiм. Жылдық бюджет — 215,2 млн.тенге, еңбек ақы қоры — 126,832 тыс.тенге. Оқушылар саны — 402 адам, сынып-комплект саны — 18.

Ыстық тамақпен қамтылу — 100%. Новокронштадка ауылынан 15 бала және 2 мұғалiмге тасу ұйымдастырылады.

36 аз қаржыланған отбасылардан шыққан оқушылар 2,600 мың теңге сомасына ыстық тамақпен қамтылған.

2021 жылы бөлiндi:

- республикалық бюджеттен дәретхана кабинкаларының қалқаларын орнатуға — 860,01 мың теңге. «StroyplastKZ» ЖШС-мен 01.04.2021ж. № 65 келiсiм шарт. Жұмыстар белгiленген мерзiмде аяқталды.

- турникет пен пантус орнатуға республикалық бюджеттен — 1,702 млн.теңге. «НефНеотехноладжи» ЖШС-мен келiсiм шарт жасалды. Жұмыстар уақытында орындалды.

- екiншi қабатын жөндеуге республикалық бюджеттен — 4,490 млн.теңге бөлiндi. Жұмыстар аяқталды.

Мектепалды бiлiм –140 орындық №6 «Мерей» бала бақшасы.

Кадр құрамы — 34 қызметкер, оның iшiнде педагогтер — 14. Топтар саны — 4, ондағы балалар саны- 65. Жылдық бюджет — 54 672,5 мың тенге, еңбек ақы қоры — 40 444 мың тенге.

Мектептен тыс бiлiм — музыка мектебi, БЖСМ.

Музыка мектебiнiң филиалында 2 бөлiмше жұмыс жасайды: фортепиано, аккордеон, баян, гитара, синтезатор. Оқытушылар саны — 1, оқушылар — 9. Ұстаздар ұжымының басшылығымен музыкалық мектептiң оқушыларымен мерекелiк концерттер өткiзiледi.

Кентте «Колибри» изостудиясы жұмыс iстеуде, балалар суретiнiң көрмесi өтедi, жас суретшiлердiң жұмыстар облыстық жарыстарға жiберiледi.

Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнде 6 бөлiмше бар — полиатлон, волейбол, баскетбол, футбол, бокс және шаңғы жарысы. 8 бапкер-ұстаз жұмыс iстейдi. 350 оқушы айналысады. Есептi кезеңде 9 жолсапарлық iс шара және 50 оқушылардың қатысуымен өткiзiлдi.

Жылдық бюджет — 73,838 мың тенге, еңбек ақы қоры — 52,565 мың тенге.

Республикалық бюджеттен бiлiм беруге субвенциялар есебiнен 1 498,9 мың теңге көлемiнде ерлер киiм ауыстыратын бөлменiң (спорт залы мен бассейнi) еден плиткаларын, ерлер шешiнетiн және душ бөлмесiнiң еденi мен қабырғаларын, саунаның қабырғаларын («Малик» ЖК) ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. 2021 жылғы 19 сәуiрдегi № 38 келiсiм шарт. Жұмыс толығымен аяқталды

Мәдениет

Кент аумағында екi мәдениет мекемесi — 1 кiтапхана және «Горняк» мәдениет үйi.

Кiтапханасының персоналы — 3 адам, орташа жалақы — 70,7 тг. Кiтап қоры 23 913, оның iшiнде 3058 мемлекеттiк тiлде. Оқырмандар саны — 1117, оның iшiнде қазақ тiлiнде оқитындар — 87. 42 онлайн iс шара өткiзiлдi, оның iшiнде өлкетану бойынша 27 онлайн. Шаңтөбе к. Кiтапханасының қорына 503 864 теңге сомасына 346 дана кiтап келдi.

«Горняк» мәдениет үйi 400 орындық, қызметкерлер саны — 14 адам, орташа жалақы — 70000 мың теңге, 10 көркем өнерпаздар ұжымы бар, оған 252 адам қатысады.

2021 жылда мәдениет үйiмен «Фейсбук», «Одноклассники», «Инстаграмм» әлеуметтiк желiлерде 97 онлайн iс шаралар өткiзiлдi, 170 мың адам қарауымен.

«Горняк» мәдениет үйiнде төбесiнiң ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, оған облыстық бюджеттен 3,1002 млн.теңге бөлiндi. «Строй кров комплект» ЖШС-мен келiсiм шарт жасалды. Жұмыс мамыр айында аяқталды. Сонымен қатар 2021 жылдың маусым айынан бастап көрермендер залының ағымдағы жөндеуi басталды. 11887 мың теңге бөлiндi, «Эверест құрылыс корпорациясы» ЖШС-мен келiсiм шарт жасалды. Жұмыс желтоқсан айында аяқталды.

Құқық қорғау

Шаңтөбе кентi мен Новокронштадтка ауылының аумағында 1 учаскелiк және 1 учаскелiктiң көмекшiсi қызмет көрсетедi. Есептi кезеңде 14 қылмыстық құқық бұзушылық болды, 13 қылмыс ашылды. Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 282 адам тартылды, Сандықтау аудандық ПБ адын алу есебiнде 57 адам тұр. Полиция қызметкерлерiмен кентте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша белсендi жұмыстар жүргiзiлуде.

Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық көмектi Шаңтөбе дәрiгерлiк амбулаториясы мен жалпы профильдегi стационар және Сандықтау ОАА МКҚК жанындағы Новокранштадка ауылының ФАП көрсетедi. Штаттық кесте бойынша қызметкерлер саны 34 адам, оның iшiнде 4 дәрiгер, 17 медбике, 13 басқа да қызметкерлер.

20 төсектi күндiзгi стационар, тәуiлiк жедел жәрдем пунктi қызмет көрсетедi. Дәрiгерлiк амбулатория штаттық кесте бойынша толығымен медқызметкерлермен жасақталған және амбулаторияның нормативтерi бойынша медициналық жабдықпен жабдықталған. 2021 жылда флюорографиялық қараудан 1780 адам өттi, күндiзгi стационарда — 250 адам емделдi.

Көкшетау-Шантөбе-Көкшетау бағытындағы екi жолаушы бағыты және бiр Астана-Шантөбе-Астана бағыты жолаушылар көлiгi бағыттары жұмыс iстейдi.

Кентте 2000 нөмiрге арналған «Қазақтелеком» АҚ заманауи сандық автоматты телефон станциясы орнатылды. Хабарларды таратады: 4 ұлттық теледидарлық бағдарламалар, 100-ге жуық абоненттер — OtauTV, ID-TV — 110. Үш ұялы байланыс операторы: Beeline, Актив, ТЕЛЕ-2.

«Қазпочта» АҚ филиалы халыққа пошта және басқа қызметтер көрсетедi, пошта аптасына үш рет жеткiзiледi. Шантөбе кентiнде «Қазпошта» АҚ-да зейнеткерлерге зейнетақы бередi. Ауылдағы зейнеткерлердiң жалпы саны — 1200 адам.

Сандықтау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының айына екi рет Шантөбе кентiне келу кестесiн бекiттi. Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығының келу күнi мен уақыты туралы кент тұрғындарына алдын ала хабарландырылады.

ПЛАН на 2022год

Занятость населения

Уменьшение числа безработных граждан поселка путем вовлечения безработных в государственные программы это получение новой специальности, ООР, МП, СРМ, открытие своего дела.

Благоустройство

-вывоза мусора на сумму 900 тыс.тенге

-кронирование деревьев на сумму 900 тыс.тенге

-установка светильников наружного освещения в количестве 46 шт.

-установка МАФ — 4 комплекта.

Ремонт дорог

-В данный момент направлена смета в область на сумму 226 млн.тенге на средний ремонт асфальтобетонного покрытия по п.Шантобе. А также будем проводить работы по подсыпке дорог в летний период.

Школа

-изготовление ПСД на установку ограждения территории школы — 2 млн.тенге.

-текущий ремонт цоколя — смета на сумму 524,5 тыс.тенге.

-ремонт туалета для людей с ограниченными возможностями — сметный расчет на сумму 1 375 тыс.тенге.

Детский сад №6 Мерей

- Изготовление ПСД для замены окон д/сада «Мерей» — 1 500,0 тыс.тенге.

- Изготовление сметы для замены 4 беседок — 100,0 тыс.тенге.

ДЮСШ

- текущий ремонт женской душевой стены бассейна кафельной плитки — сметный расчет на 542 580 т.

- раздевалки — сметный расчет на 319 230 т.

-женской душевой спортзала — сметный расчет на 264 770 т.

-мужской ванны спортзала — сметный расчет на 280 860 т.

Дата публикации
25 января 2022
Дата обновления
25 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы