Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар!
"Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ 2021 жылдың 06 сәуіртегі сағат 11:00-де (жергілікті уақыт) Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды. www.gosreestr.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Аукционды өткізу шарттары.
Бағаны көтеру аукционы:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
3) егер ағымдағы баға ұлғаюынан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукцион қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Егер жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына көтерілген жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеруге арналған Аукцион өткізілді деп есептеледі, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға арттыруды кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға мынадай сату объектілері қойылады:
| №р/н | Жер телімінің орналасқан орны | Жер телімінің нысаналы мақсаты | Жер телімінің ауданы | Бастапқы бағасы(тенге) | Жер телімініңқұқық түрі | Жер телімінің ауыртпалықтары | Кепілдік жарна соммасы (теңге) |
| 1 | Степногорск қаласы, 3 шағынаудан, қалалық базар ауданы | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,0045 га | 4 320 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 2 | Степногорск қаласы, 3 шағынаудан, «Жеңіс» дәмханасының ауданы | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,0075 га | 7 200 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 3 | Степногорск қаласы, 3 шағынаудан, «Жеңіс» дәмханасының ауданы | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,0087 га | 8 352 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 4 | Степногорск қаласы, Новосибирская көшесі, №201 аудандағы жер телімі | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,1200 га | 103 680 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 5 | Степногорск қаласы, 9 шағынаудан, Новосибирская көшесі, боксының ауданы | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,1000 га | 86 400 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 6 | Степногорск қаласы, 5 шағынаудан, тұрақ ауданы | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,0625 га | 60 000 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 7 | Степногорск қаласы, коммуналдық-коймалық аймағы, № 1 А көлікжай ауданы | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,0300 га | 23 040 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 8 | Степногорск қаласы, 7 өнеркәсіптік аймағы, № 175 жер телімі | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 72,3250 га | 4 860 240 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 243 012 |
| 9 | Степногорск қаласы, Новосибирская көшесі, дәмхана ауданы | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,4800 га | 414 720 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 10 | Степногорск қаласы, Пригородный шағынауданы, 290 А жер телімі | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,0500 га | 38 400 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
| 11 | Степногорск қаласы, Заводской кенті, Әлия Молдағұлованың бұрышы және Сарыарқа | ғимараттарды (жайларды, құрылымдарды) салу үшін | 0,0400 га | 4 992 | жалға алуды сатып алу құқығымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (3 жыл мерзіміне) | Желілік нысандарға кіруді қамтамасыз ету | 145 850 |
Жер учаскелерін жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізбесі: сатып алушы міндетті: аукцион өткізілген күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-мен жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға. Тиісті хаттама қабылданған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде және ол бойынша міндеттемелерді орындау, игеру шарттары туралы шарт жасау, жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, қажет болған жағдайда мүдделі тұлғаларға жер учаскелерін шектеулі пайдалану (сервитут) құқығын беру, жалдау ақысын уақытылы төлеу.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және оған сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Берілген жер учаскесінің шекарасынан инженерлік коммуникацияларды ауыстыру жеке жүргізіледі, яғни сауда-саттықтың жеңімпазы.
Сауда-саттықта тіркелген учаскенің аукциондық құны аукцион барысында белгіленген бағаның 50% мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күнінен бастап 5 банктік күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күнінен кешіктірілмей енгізіледі (Кепілдік жарна аванстық тиесілі соммасына есепке алынады).
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл ретте әрбір сауда объектісі бойынша кепілдік жарна жеке енгізіледі.
Төлемді алушы: "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455. "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БИК: HSBKKZKX; КНП: 171; КБЕ: 16.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банк шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, е-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау және аукционға қатысушыларды тіркеу сайтта хабарланған күннен бастап жүргізіледі. www.gosreestr.kz
Анықтама телефоны 6-17-96, 6-25-12
Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ