Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттi
жоспарлау министрiнiң
2013 жылғы 25 маусымдағы
№193 бұйрығына
2020 жылғы «Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызметi туралы есебi
Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет ету және мемлекеттiк органдар қызметiне азаматтардың сенiмiн жоғарылатудың басты аспектiсi.
Мемлекеттiк қызметтер келесi негiзгi қағидаттар негiзiнде көрсетiледi:
1. көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;
2. мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк пен созбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
3. мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;
4. мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi;
5. мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;
6. мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.
2013 жылдың 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызметтер туралы» заңына сәйкес «Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызмет көрсететiн мемлекеттiк орган болып саналады.
Мемлекеттiк мекеме арқылы 23 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi:
1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру
2. Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу
3. Кәмелетке толмағандардың мүлкiне иелiк ету үшiн анықтамалар беру
4. Балаға керi әсер етпейтiн ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуiне рұқсат беру
5. Он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешiмiн беру
6. Мектепке дейiнгi ұйымдарға жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi (6 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою
7. Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
8. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
9. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттар қабылдау
10. Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
11. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну
12. Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұсыну
13. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiндегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттар қабылдау және жолдама беру
14. Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
15. Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшiн құжаттарды қабылдау
16. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау
17. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау
18. Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке қою
19. Жетiм баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты бiржолғы ақшалай төлемдi тағайындау
20. Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау
21. Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
22. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау
23. Педагогтарға бiлiктiлiк санаттарын беру және растау рәсiмiнен өту үшiн құжаттарды қабылдау
2020 жылы түскен өтiнiштер саны 4489 мемлекеттiк қызмет, оның iшiнде электрондық үкiмет порталы 3226 мемлекеттiк қызмет (72%), мемлекеттiк мекеме кеңсесi арқылы 3226 қызмет (26 %), мемлекеттiк корпорация арқылы 117 (3 %), қызмет атқарылды.
«Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде және бiлiм мекемелерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық мәлiмет ақпараттық стендтерде орналасқан.
2020 жылы 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттiк қызмет тұтынушыларынан «Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпаратты:
Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, 1 ғиммарат «Степногорск қаласының бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi, телефондар нөмiрi: 871645-6-35-14.
Қабылдау демалыс пен мейрам күндерiнен басқа жұмыс күндерi жүргiзiледi, сағат 09.00-ден кешкi 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiс.
Бөлiмiнiң басшысы С. Шабаров