Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттi жоспарлау министрiнiң
2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығына
2020 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» ММ қызметi туралы ЕСЕБI
Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру — бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттiк органдардың қызметiне сенiмiн арттырудың маңызды аспектiсi.
Мемлекеттiк қызметтер мынадай негiзгi қағидаттар негiзiнде көрсетiледi:
-көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтусiз тең қол жеткiзуiне;
- мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде бюрократизм көрiнiстерi мен әуре-сарсаңға салу көрiнiстерiне жол бермеу;
- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есеп берушiлiк және ашықтық;
- мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қол жетiмдiлiгi;
- мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;
- мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.
«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi ауыл шаруашылығы (техникалық инспекция және өсiмдiк шаруашылығы), ветеринария және жер қатынастары саласында 14 (он төрт) мемлекеттiк қызмет көрсетедi.
2020 жылдың 12 айында 1482 қызмет көрсетiлдi:
Ауыл шаруашылығы
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру — 40;
- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналар үшiн тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттiк нөмiрлiк белгi беру — 68;
- Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу (тiркеуден алу) — 5;
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу — 29;
- Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау — 0;
- Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау — 0;
- Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау — 0;
- Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау — 0;
- Су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру — 0;
- Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы — 0.
Жер қатынастары
- Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру-11;
- Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту- 430;
- Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру-3;
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыруға рұқсат беру-0;
- Елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру-0;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу-0;
- Жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiм қабылдау-0;
- Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау — 2;
- Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру — 1;
- Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату — 0;
- Жер учаскесiн жекеменшiкке бөлiп төлеуге сату-1;
- Жер учаскелерiн сатып алу-сату шарттарын жасасу-106;
- Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу — 360;
- Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою — 426.
«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» ММ әрбiр көрсетiлетiн қызмет бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары, ақпараттар орналастырылған стендтер бар.
«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» ММ электрондық үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы келушiлер үшiн ақпарат орналастырылған стенд бар.
2019 жылы «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсiндiру iс-шараларын өткiзiлдi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызмет тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және оның қоғамдық мониторингiн жүргiзу келесi қағидаттарына негiзделедi:
1) заңдылық;
2) объективтiлiк;
3) әдiлдiк;
4) дәйектiлiк
ХҚКО-да мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша дөңгелек үстелдер өткiзiлдi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат қаланың БАҚ-да және қала әкiмiнiң сайтында үнемi басылады.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi мемлекеттiк қызметтердi уақытында көрсетуге бағытталған тиiстi шараларды, оның iшiнде ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қабылдайды.
Анықтама телефондары: 8 (71645) 6-34-10, 8 (71645) 6-25-12, 8 (71645) 6-19-08, 8 (71645) 6-17-96.
Бөлiмiнiң басшысы Д. Оспанов