Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттi жоспарлау министрiнiң
2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығына
«Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң 2020 жылғы есептi кезеңдегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы есебi
«Степногорск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен мемлекеттiк қызмет көрсету мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бiрыңғай жүйесiне кiредi.
Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттiк органдар қызметiне сенiмiн арттырудың маңызды аспектiсi.
Мемлекеттiк қызметтер мынадай негiзгi қағидалар негiзiнде көрсетiледi:
- көрсетiлетiн қызметтi алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiксiз теңдей қол жеткiзуi;
- Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есептiлiк пен ашықтық;
- мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi;
- мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн тұрақты жетiлдiру;
- Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi үнемдiлiк пен тиiмдiлiк.
«Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметтiң 8 (сегiз) түрiн көрсетедi:
- «Объектiлердi кейiннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзуге рұқсат беру» — 0 қызмет;
- «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру»- 0 қызмет;
- «Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру» — 0 қызмет;
- «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елдi мекендердегi жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға рұқсат беру» -18 қызметтер;
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» -150 қызмет;
- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзiрлеу кезiнде бастапқы материалдарды ұсыну» — 69 қызметтер;
- «Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру» — 0 қызмет;
- «Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу» — 153 қызмет;
Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде, 2020 жылы 153 қызмет көрсетiлген эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу мемлекеттiк қызметтiң сұранысына ие болып табылады.
«Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тәртiбi туралы ақпарат Степногорск қаласының интернет–ресурсында «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.
Мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiнiң бекiтiлуiне қарай қала әкiмiнiң сайтындағы Бұл бөлiм мерзiм сайын жаңартылып отырады.
Сондай-ақ ақпарат көпшiлiкке қолжетiмдi орындарда ақпараттық стендтерде орналастырылады, жергiлiктi «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерiнде жарияланады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулерi мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң сайтында жүргiзiлдi.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының жобасын жария талқылау оны жария талқылау үшiн орналастырылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырылады.
2020 жылы қала әкiмдiгiнiң сайтында Мемлекеттiк қызмет жобаларын жария талқылау барысында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Осы жоспарға сәйкес Степногорск қаласы әкiмiнiң сайтындағы «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмi үнемi жаңартылып отырады.
Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, № 1 ғимарат, 7 қабат, 73 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң кабинетiнде: стендтер бар, онда келушiлерге мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы ақпарат орналастырылған, осы ақпаратты сондай-ақ 8 (716) — 45 — 6 — 25 — 30 телефоны арқылы алуға болады.
Бөлiмiнiң басшысы Қ.К. Жұмабаев