Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттi
жоспарлау министрiнiң
2013 жылғы 25 маусымдағы
№193 бұйрығына
2020 жылғы «Степногорск қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi » ММ мемлекеттiк қызмет көрсету саласының қызметi туралы есебi
Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттiк органдардың қызметiне сенiмiн арттырудың маңызды аспектiсi.
Мемлекеттiк қызметтер мынадай негiзгi қағидаттар негiзiнде көрсетiледi:
- мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қол жетiмдiлiгi;
-көрсетiлетiн қызметтi алушылардың ұлты, жынысы, нәсiлi, тiлi, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтусiз тең қол жеткiзуiне;
- мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу;
- мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы есептiлiк пен ашықтық;
- мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн үнемi жетiлдiру;
- мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi үнемдiлiк және тиiмдiлiк.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi 26 түрлi мемлекеттiк қызмет көрсеттi:
1) «Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндiрiп алу» — 25;
2) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» — 198;
3) «Әлеуметтiк көмек тағайындау бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi» — 510;
4) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiктер беру» — 4;
5) «Мүгедектерге протездiк — ортопедиялық көмектердi ұсынуға арналған құжаттарды ресiмдеу — 69;
6) «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттар ресiмдеу» — 113;
7) «Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу» — 41;
8) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» — 26;
9) «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» — 97;
10) «Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» — 56;
11) «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» — 73;
12) «Өтiнiш берушiнiң (жанұяның) әлеуметтiк мекен-жай көмегiң алушылар қатарына жататындығы туралы анықтама беру» — 0;
13) «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» — 257;
14) «Ақталған адамға куәлiк беру» — 1;
15) «Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 759;
16) «Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру» — 1;
17) «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру» — 1555;
18) «Неке қиюды (ерлi-зайыптылықты) тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер,толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 474;
19) «Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жаз баларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 223;
20) «Тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 1420;
21) «Әке болуды анықтауды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 18;
22) «Бала асырап алуды тiркеу,оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар енгiзу» — 2;
23) «Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою» — 2;
24) «Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 41;
25) «Жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеп жүрген адамдарға көмек көрсету» — 2033;
26) «Жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы анықтама беру» — 137.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде мемлекеттiк орган «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын, бекiтiлген стандарттар мен регламенттердi басшылыққа алады.
2020 жылы «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ барлығы 8135 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде мемлекеттiк орган арқылы — 3119, ХҚКО арқылы — 4083, ЭҮП арқылы — 933.
2020 жылы жүргiзiлген талдау негiзiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласында барынша талап етiлетiн мемлекеттiк қызметтер: «Тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 1420, «Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» — 759, «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру» — 1555. Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту саласында: «Жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеп жүрген адамдарға көмек көрсету» — 2033, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»- 198, «Әлеуметтiк көмек тағайындау бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi» — 510, «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» — 257.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-де ақпараттық стендте жалпыға қолжетiмдi жерлерде орналастырылған, жергiлiктi «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерiнде жарияланады.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-де электрондық үкiмет арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы келушiлер үшiн ақпарат орналастырылған стенд бар.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша iс-шаралар жоспары бойынша 2020 жылы "ZOOM" платформасында онлайн режимiнде ХҚКО мамандарымен бiрлесiп «Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын сақтау» 5 дөңгелек үстел отырысы өткiзiлдi.
«Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» жергiлiктi газетiнде 2020 жыл iшiнде «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ мемлекеттiк қызметтер бойынша 26 бап жарияланды.
Мемлекеттiк қызметтердi уақытылы көрсетуге бағытталған тиiстi, оның iшiнде ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданды. Тоқсан сайын мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттану мониторингiн жүргiзу, бөлiмде Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту, бөлiмде Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн үнемi жетiлдiру.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ барлық мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өтедi. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттiк қызметтер стандарттарын жетiлдiру үшiн пайдаланылады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiн «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.
Бөлiмiнiң басшысы А.Тұқмағанбетов