Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге және (немесе) инвестициялық портфельдi басқарушыға беру үшiн қалай пайдалану керек?

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономикалық өсудi қалпына келтiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне кiрмейтiн емделуге және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшiн, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшiн пайдалануға құқықтары бар.

БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегi адамдар зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн өзiнiң, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өздерi немесе жұбайы (зайыбы) не жақын туыстары үшiн емделу ақысын төлеу үшiн пайдалану құқығын қолдана алады:

1) олардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинағының белгiленген ең аз жеткiлiктiлiк шегiнен асып түсуi керек.

Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама алған күнге Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегiн айқындау әдiстемесiне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткiлiктiлiк шегi арасындағы айырма сомасынан аспауы тиiс;

2) зейнетақы мөлшерi алушының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен белгiленетiн 40 пайыздан төмен емес деңгейдегi орташа айлық табысын алмастыру коэффициентiн қамтамасыз ете алуы керек.

Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi уәкiлеттi оператордан бастапқы электрондық хабарламаны алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтары мөлшерiнiң 50 пайызынан аспауға тиiс;

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқандар;

Бұл ретте бiржолғы зейнетақы төлемi салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен жинақталған зейнетақы жинағының мөлшерiнен аспауы қажет.

Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн пайдалану құқығын iске асыру үшiн азаматтар, ең алдымен, өздерiнiң зейнетақы жинақтарын тексерiп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға болатын соманың бар екенiне көз жеткiзулерi тиiс.

Қордың enpf.kz корпоративтiк сайтындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ, БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасында, Telegram-да алуға болатын қолжетiмдi сома туралы ақпаратты онлайн режимiнде тексеру мүмкiндiгi iске асырылды.

Қордың корпоративтiк сайтындағы Жеке кабинетте және ұялы қосымшада авторланудың екi тәсiлi қолжетiмдi: ЖСН мен парольдi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану. Сондай-ақ, ұялы қосымшаға кейiннен қайта кiретiн болсаңыз, ұялы құрылғыңызда бар болса Touch ID немесе Face ID пайдалануға болады. Ыңғайлы болу үшiн пайдаланушы қызмет көрсетудiң қазақ немесе орыс тiлдерiн таңдай алады.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тексергеннен кейiн зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе емделуге пайдалану туралы шешiм қабылдаған салымшылар (алушылар) арнайы шот ашу үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, бiржолғы зейнетақы төлемiне өтiнiш (бұдан әрi-төлемге өтiнiш) беру үшiн уәкiлеттi оператордың интернет — порталы арқылы уәкiлеттi операторға жүгiнулерi тиiс.

Салымшы (алушы) бiржолғы зейнетақы төлемiн алған кезiнде төлейтiн жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсiлiн өзi таңдауы тиiс (жарналарды БЖЗҚ-ға аударған кезде ЖТС алынбайтынын естерiңiзге саламыз). Ол уәкiлеттi операторға төлемге өтiнiш берген кезiнде ЖТС ұстап қалу туралы өтiнiшке таңдаған тәсiлдi көрсетiп, ЭЦҚ арқылы қол қою жолымен iске асырады.

Яғни, азаматтар БЖЗҚ-ға ЖТС бiржолғы зейнетақы төлемi сомасынан қай уақытта: төлем сәтiнде толық көлемде дереу немесе ЖТС кейiнге қалдырылған кезеңде ұстап қалу (зейнетақы төлемдерiнiң кестесi бойынша зейнетақы жасына жеткен кезде ай сайын тең үлестермен) керектiгiн өздерi көрсетедi.

Уәкiлеттi оператор 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жiбередi, онда төлемге қабылданған өтiнiш туралы мәлiметтер, оның iшiнде алу мақсаты, ТАӘ, туған күнi, ЖСН, салымшы (алушы) айқындаған мөлшердегi бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасы, ЖТС ұстап қалу тәсiлi туралы мәлiметтер қамтылады, сондай-ақ, салымшының (алушының) ЭЦҚ қойылған ЖТС ұстап қалу туралы өтiнiшi электрондық хабарламаға қоса берiлетiн болады.

БЖЗҚ уәкiлеттi оператордан электрондық хабарлама алғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi операторға салымшының (алушының) бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасын аударады, ол өз кезегiнде бұл соманы салымшының (алушының) арнайы шотына аударады.

Бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасы уәкiлеттi операторда («Отбасы банк» АҚ) ашылған салымшының (алушының) арнайы шотында 45 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiм iшiнде сақталады.

Осы мерзiм iшiнде салымшы (алушы) уәкiлеттi операторға нысаналы мақсаттар бойынша құжаттарын ұсынуы тиiс. Егер ол көрсетiлген мерзiмдерде ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi оператор бiржолғы зейнетақы төлемiнiң сомасын БЖЗҚ-ға қайтаруға тиiс, Қор ол соманы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына есептейдi.

Осылайша азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мәселелерi бойынша барлық өтiнiштерi уәкiлеттi операторға «бiр терезе» қағидаты бойынша келiп түседi және қаралады. Азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтiнiш беру талап етiлмейдi. Тек салымшылар БЖЗҚ-дан алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәлiметтердi өз бетiнше онлайн тәртiбiмен алулары керек.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алудан басқа, 2021 жылдан бастап азаматтар түрлi инвестициялық стратегияларды ұсынатын инвестициялық портфельдi басқарушыларды (ИПБ) дербес таңдау арқылы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен өздерiнiң зейнетақы жинақтарын басқаруға қатыса алады. Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ-ға аудару үшiн салымшы БЖЗҚ-ның өңiрлiк кеңселерiне жеке өзi жүгiну жолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы қашықтықтан БЖЗҚ-ның iшкi құжатында белгiленген нысан бойынша өтiнiш беруi қажет.

Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ-ға аудару үшiн пайдалану құқығын БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар, сондай-ақ, кастодиандық шарттар жасасатын, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi айқындаған, Қазақстанның қаржы нарығында ИПБ ретiнде пайда болғаннан кейiн ғана қолдануға болатынына назар аударамыз.

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы