Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 11 айы iшiнде өз салымшыларына 17,4 миллион қызмет көрсеттi. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус iндетiне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бiрқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда көрсетiлген қызметтер саны 10,9% немесе 1,7 млн. бiрлiкке артты.
Мұндай өсiмге көбiнесе БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерiнiң танымалдығының арқасында қол жеткiзiлдi. Себебi, Қор қызметтерiнiң 92% (16,1 млн) онлайн форматта көрсетiлген. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттiң көмегiмен салымшылар қызметтердi қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естерiңiзге саламыз. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшуге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқалар.
БЖЗҚ-ның 171 бөлiмшесi барлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып қызметтерiн жалғастыруда. Олар салымшыларға 11 ай көлемiнде шамамен 1,3 миллион қызмет көрсеттi. Сондай-ақ БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсететiн бөлiмдерi де бар, олар 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор салымшыларына 83,7 мың қызмет көрсеттi.
Бұдан басқа, елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде Қордың салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны жүзеге асыруда. БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елдi мекендерде салымшылар қызмет алу үшiн бұрын жақын маңдағы iрi елдi мекендерге бару қажет болған қызметтердi ала алады. 2020 жылдың 11 айында Қазпоштада Қор салымшылары 5,6 мыңға жуық қызмет алды.
БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамыту. 2020 жылғы 1 қаңтардан 30 қарашаға дейiн салымшылардың керi байланыс арналары арқылы жасаған өтiнiштерiнiң саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда екi еседен астамға ұлғайды: 2019 жылдың сәйкес кезеңiнде 648,3 мың өтiнiш берiлген болса, 2020 жылы бұл көрсеткiш 1,3 млн-ға жеттi.
БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар кеңестi www.enpf.kz корпоративтiк сайты, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).