Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы Степногорск қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

2020 жылдың қорытындысы бойынша Степногорск өңiрiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң оң динамикасы қамтамасыз етiлдi.

Өнеркәсiп

Ақмола облысының жалпы көлемiндегi Степногорск қаласының үлесi 19,2% — ды құрады.

Кәсiпорындар жыл басынан берi 195,8 млрд.теңгеге немесе 2019 жылға 118,1% тауарлық өнiм өндiрдi. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң индексi 95,7% — ды құрады.

2020 жылы өнiмнiң негiзгi түрлерiн өндiру:

- өңделмеген алтын — 3029 кг,

- құрамында алтыны бар концентраттар — 38,6 мың. тонна

- мойынтiректер — 21,1 мың. тонна,

- уран — 1392 тонна,

- мыс концентраты — 15,9 мың. тонна,

- күкiрт қышқылы — 164,8 мың. тонна,

- өсiмдiктердi қорғау құралдары — 2924 тонна,

- қысқы дизель отыны — 33 мың.тонна,

- этил спиртi — 1607,4 мың.литр,

- жылу энергиясы — 876,7 мың.Гкал,

- электр энергиясы — 865,9 млн.кВтч.

Инвестициялар

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қала экономикасына

54,4 млрд. теңге немесе 2019 жылға 196,6 млрд. теңге инвестиция салынды. Негiзгi капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексi 194,5% — ды құрады.

Ең үлкен үлес салмағы кәсiпорындарға тиесiлi:

- «Қазақалтын Technology» ЖШС — 57,9 %,

- «Қазақалтын» ТМК» АҚ — 30,6 %.

Кәсiпкерлiк

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша түрлi салаларда 3281 шағын және орта бизнес субъектiсi қызметiн жүзеге асырады немесе 2019 жылғы деңгейге 99,3%.

Тiркелгендер қатарында жұмыс iстеп тұрған субъектiлердiң үлесi 88,5% — дан (2019 ж.) 91,2% — ға дейiн өстi. 288 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Бизнестiң жол картасы — 2025» бағдарламасы бойынша:

- 2,3 млрд. теңге кредиттер сомасына 23 жоба субсидияланады, оның iшiнде ағымдағы жылы 588,6 млн. теңге кредиттер сомасына 14 жаңа жоба,

- «Спортзалға арналған тренажерлар өндiрiсi» жобасы бойынша

3,5 млн.теңге сомасына 1 грант мақұлданды.

- 26,5 млн. теңге сомасына 3 жоба кепiлдiк алды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша

175,2 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды.

«Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында берiлдi:

- 182,9 млн. теңге сомасына 33 жеңiлдiктi кредит;

- 27,2 млн. теңге сомасына өз iсiн құруға 60 грант.

Бөлшек сауда тауар айналымы 23,6 млрд. теңгенi құрады немесе

2019 жылға 93,6%, нақты көлем индексi — 76,6 %.

Әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында 265,1 млн.теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сату бойынша

42 жәрмеңке өткiзiлдi, Степногорск өңiрiнiң және облыстың жақын аудандары мен Нұр-сұлтан қаласының тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен азық-түлiк тауарларын жеткiзушiлермен бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу бойынша

25 меморандум жасалды.

Бюджет

Есептi кезеңде бюджеттiң барлық деңгейлерiне 31 млрд.теңге сомасына салықтар мен төлемдер түстi немесе 2019 жылға 124,5%.

Оның iшiнде қалалық бюджетке — 4,1 млрд.теңге немесе 2019 жылға 110,9%.

Республикалық және облыстық бюджеттерден берiлетiн трансферттердi есепке алғанда, 10,7 млрд.теңге немесе жоспарға 100% игерiлдi.

Ауыл шаруашылығы

Жалпы өнiм 5,6 млрд. теңгеге шығарылды немесе 2019 жылға 133% жалпы өнiмнiң НКИ 106,6% құрады. Iрi қара мал басының (107,8 %), жылқы (102,7 %), құс (103,7%) өсiмi қамтамасыз етiлдi.

2020 жылы 3 ет фермасы және 1 сүт-тауар фермасы ашылды.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемi 8,6 млрд.теңгенi немесе 2019 жылға 128,1% құрады.

9,5 мың шаршы метр — тұрғын үй пайдалануға берiлдi, тұрғын үй құрылысына инвестициялар 729,8 млн. теңгенi құрады.

Тұрғын үй құрылысы аясында жобалар iске асырылды:

- 2020 жылдың ақпан және қараша айларында пайдалануға берiлген

45 пәтерлi екi тұрғын үйдiң құрылысы,

-2 45 пәтерлi тұрғын үй құрылысы бойынша ЖСҚ түзету (1,2 позиция), тиiстi инженерлiк желiлермен;

-2 45 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы бойынша ЖСҚ әзiрлеу (5,6 позиция), тиiстi инженерлiк желiлермен (ЖБ-9,5 млн. теңге);

- «Шаңтөбе кентiнiң сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру» ЖСҚ әзiрлеу.

Инфрақұрылым

2020 жылы инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар iске асырылды:

- «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында «Шоқы-305» су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту аяқталды

- «Степногорск- өнеркәсiптiк аймақ 0-5,8 км» жолына орташа жөндеу жүргiзiлдi,

- өңiрлердi дамыту Бағдарламасы аясында Целиноград көшесiне шығатын Сары Арқа көшесiнiң жолын қайта жаңарту бойынша екi жылдық жобаны iске асыру басталды.

- қаланың 5,7,3,2 шағын аудандарында орамiшiлiк алаңдарға, тротуарлар мен асфальтбетон жабындарына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы аясында жобалар iске асырылды:

- Степногорск қаласының көшелерi мен бес аула аумақтарын ағымдағы жөндеу;

- Шаңтөбе кентiнiң 60 лет Октября көшесi, Филатов көшесi бойынша жылу желiлерiнiң учаскелерiн ағымдағы жөндеу,

- Бестөбе кентiнiң Әбу Шахман Халфе көшесiн орташа жөндеу,

- Заводской кентiнiң Б. Момышұлы көшесiн орташа жөндеу,

- Заводской кентiнiң жолдарын орташа жөндеу,

- Ақсу кентiнiң орталық көшелерi мен орамiшiлiк жолдарын ағымдағы жөндеу.

Степной көшесiнен Степногорск-Азат автомобиль трассасына дейiнгi

20 шағын аудан жағынан автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту екi жылдық жобасын iске асыру бойынша жұмыстар басталды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау

Жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша 1818 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмысқа орналастыру деңгейi 99,5% құрады. Тiркелген жұмыссыздық деңгейi 0,3 % құрады, жұмыссыздар саны — 119 адам.

Орташа айлық жалақы 185 283 теңгенi құрады (2019 ж. — 164952 теңге).

Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту Бағдарламасына 1562 адам енгiзiлдi.

2020 жылы 1565 жаңа жұмыс орны құрылды, оның iшiнде 918 тұрақты жұмыс орны.

Әлеуметтiк қолдау аясында көрсетiлдi:

- әлеуметтiк көмек-10046 адамға 281,1 млн. теңге сомасында,

- «Инватакси» қызметi 65 адамға,

- «Балапан» ҚБ — жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар 28 адамға,

- «Ардагерлер ұйымы» ҚБ жартылай стационар жағдайында егде жастағы 15 адамға.

- «Өмiр» әлеуметтiк қолдау орталығы- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына 53 адамға арналған әлеуметтiк қызметтер.

Бiлiм беру

Ағымдағы жылы 11 сыныпты бiтiрушiлердiң барлығы 340 адам, оның iшiнде «Алтын белгiмен» — 12 түлек, Үздiк аттестат — 26.

2020 жылғы Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда Степногорск қаласының оқушылары 5 жүлделi орынға, «Зерде-2020» облыстық конференциясында — 5 жүлделi орынға, «Отбасылық қарым — қатынас клубының үздiк ұйымы» облыстық сырттай байқауында-1 жүлделi орынға және оқушылар мен педагогтардың басқа да жетiстiктерiне ие болды.

Мектепке дейiнгi оқытумен және тәрбиемен қамту:- 3 жастан 6 жасқа дейiн-100 %, 1 жастан 6 жасқа дейiн-75,8% құрайды.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы шеңберiнде бiлiм беру ұйымдарында 392,5 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Материалдық-техникалық базаны нығайту аясында 60 компьютер сатып алынды.

Пандемияға байланысты Степногорск өңiрiнiң барлық мектептерiнде тиiстi санитарлық талаптарды орындай отырып, кезекшi топтарды қалыптастыру және қашықтықтан оқыту бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргiзiлдi.

Оқушылардың жалпы саны 9865 адамды құрайды. 13 мектепте

3557 оқушыға арналған қашықтықтан оқыту жүргiзiледi, 9 мектеп штаттық режимде жұмыс iстейдi, онда 1010 оқушы оқиды (Қарабұлақ ОМ, Қырыққұдық а. ОМ, Байқоныс а. ОМ, Изобильное а. ОМ, №1 АОМ, №2 АОМ, БОМ, АНМ, Бөгенбай а.БМ), 5298 оқушы 433 кезекшi топтарда оқиды.

Қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебiнен 1756 бiрлiк компьютер мен ноутбук сатып алынды, бұдан басқа «Қазақалтын» ТМК АҚ мектептердi 117 дана планшеттермен қамтамасыз еттi, бұл бiлiм беру мектептерiн onlain режимiнде 100% цифрлық бiлiм беру ресурстарымен жарақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Денсаулық сақтау

Бала туу көрсеткiшi 1000 адамға шаққанда 16,9 — ды, жалпы өлiм-жiтiм 1000 адамға шаққанда 15,3-тi құрады.

Ақмола облысының денсаулық сақтау Басқармасы COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша ТЖ және карантин режимiнде ОҚА-ға

5 ӨЖЖ аппараты, сондай-ақ қорғау құралдары берiлдi.

Қала кәсiпорындары құрал-жабдықтармен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде айтарлықтай көмек көрсеттi.

Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк аясында 2020 жылдың шiлде айында қалалық емхана «VIAMEDIS» ЖШС сенiмгерлiк басқаруға берiлдi. Қазiргi уақытта жөндеу жұмыстары аяқталып, диагностикалық жабдықтар сатып алынуда. Бестөбе кентiнде отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияның құрылысы жүргiзiлуде.

Дене шынықтыру және спорт

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту көрсеткiшi 34% — ды құрады.

«Хрустальный колос-2020» қысқы облыстық спартакиадасында қала құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-шi орынға ие болды.

Спорттық инфрақұрылымды кеңейту бойынша қалалық бюджет қаражаты есебiнен қаланың 4,3,9 шағын аудандарында 3 спорт алаңы салынды.

«Қазақалтын Технолоджи» ЖШС қолдауымен Ақсу кентiнiң саябағында Workout элементтерi мен көше тренажерлерi бар спорт алаңы салынды.

2020 жылы қала және кенттердiң мәдениет ұйымдарында 1385 iс — шара ұйымдастырылды, оның iшiнде онлайн-1048. Мәдениет мекемелерiнде

88 клубтық құрылымдарда 2380 қатысушы жұмыс iстейдi.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы шеңберiнде мәдениет ұйымдарында жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi: кiтапхана — терезелердi ауыстыру, «Горняк» ОМҮ — бас қасбеттiң витраждарын ағымдағы жөндеу және балет-гимнастикалық және дайындық залдарын жөндеу.

Қоғамдық қауiпсiздiк

2020 жылы Степногорск өңiрiнiң аумағында 515 құқық бұзушылық тiркелдi немесе 2019 жылдың деңгейiне 77,9%. Қылмысты ашу 92,4% құрайды. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейi 76,4 бiрлiктi құрайды.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы