Меню

Страницы

Статья

Экономика және қаржы

 «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: бюджетті жоспарлау және орындау процесін үйлестіруді ұйымдастыру; қалалық бюджетті орындау жөнінде бухгалтерлік есеп, бюджеттік есепті жүргізу және бюджеттік есептілікті құру.

Құқықтары мен міндеттері:  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырыпөз құзыреті шегінде «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне міндеттелген функциялардыатқару үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және өзге де ұйымдардан тиісті ақпаратты сұрау және алу; өзінің құзыреті шегінде қалалық бағдарламалар, бюджеттік бағдарламалар және өзге де құжаттарды әзірлеу үшін ведомствоаралық топтарды құру туралы ұсыныстар енгізу; бюджеттік өтінімдерді оның ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және даму бюджеттік бағдарламалары үшін жеткізілген шығыстар лимитіне алдағы үш жыл кезеңіне қалалық бюджет қаражаттарын бастапқы шығыстау бағыттарының тарапына сәйкес қарау және келісу; бекітілген жергілікті бюджеттік бағдарламалардың экономикалық тиімділігін және мақсатқа лайықтылығын бағалау; жергілікті бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджетін орындау жөнінде нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуын, жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік қаражаттарды, оның ішінде несиелерді нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру; өзінің құзыреті шегінде ақшалай қаражаттарды өтеп алуды (қайтаруды) жүргізу, ұйымдарды олардың бюджеттік қаражаттарды заңсыз және лайықсыз пайдалану жағдайында қалалық бюджеттен қаржыландыруды шектеу немесе тоқтату; жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылай есеп беруін бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы