Заводской кентi — қала типтес кентi. Целинный тау-кен-химиялық комбинаты бөлiмшелерiнiң құрылғаны негiзiнде, 1958 жылы кент кұрылған. Әкiмшiлiк бағынысында Степногорск қаласына жатады.
Кент алаңы 130 га, тұрғын-үй массивiмен шектеледi, тұрғындар саны 3833 адам.
Өнеркәсiп
Кентте өнеркәсiп ұсынылмаған. Бiрақ көптеген өнеркәсiп кәсiпорындар iргелес аумақта — қаланын өнеркәсiптiк аймағында орналасқан.
Шағын кәсiпкерлiк
Кентте сауда-сатып алу қызметiмен және халыққа қызмет көрсетумен айналысатын 58 жеке кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асырады. Кентте 35 дүкен, 2 кафе, 1 ЖҚС, 2 ГҚС, 1 ТҚС, 2 шинажөндеу, 1 дәрiхана, 4 шаштараз, 1 киiм тiгу ательесi, 2 наубайхана, такси бюросы және автотұрақ, 2 қоғамдық монша жұмыс iстейдi. 2020 жылы 2 жеке кәсiпкер сауда-сатып алу және халыққа қызмет көрсету саласында өз қызметiн тiркедi.
Кенттiң жолдың ар жақ бөлiгiнде, Рахметов Жақсылық ЖК «Есенбай ата» атты азық-түлiк дүкенiн ашты, онда азық-түлiк және өнеркәсiптiк дүкенге қажеттiлiк болды.
Ауыл шаруашылығы
Шаруашылық есепке сәйкес аулалық учаскiлерi бар үйлер саны — 618, қосалқы шаруашылығы бар 121 үй, оның iшiнде 371 IҚМ, 66 бас шошқа, қой — 547 бас қой, ешкi — 35 бас, 557 бас жылқы, 2400 бас құс.
Сумен жабдықтау
Заводской кентi 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген. Сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру жұмыстары жүргiзiлуде.
Әлеуметтiк қорғау
2020 жылы жұмыссыздар ретiнде тiркелгендер — 36 адам (оның iшiнде әйелдер — 28, 16 жастан 29 жасқа дейiнгi жастар — 5).
АӘК 18 отбасы-87 адам 6191320 теңгеге алды.
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасының 2020 жылы қатысушылары болды — 32 адам, оның iшiнде:
әлеуметтiк жұмыс орындарына үмiткерлер — 2 адам (оның iшiнде әйелдер -1) — ЖК Волков, ЖК Лукпанова
қоғамдық жұмыстарға тартылғандар — 22 адам (оның iшiнде әйелдер — 12) жастар тәжiрибесi — 2 адам (оның iшiнде әйелдер — 2) — «Степногорск қаласы сотының Кеңсесi» ММ, «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ
қайта даярлау — 2 адам.
«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — 3 адам (оның iшiнде әйелдер — 3)
шағын несие алғандар — 0 адам.
грантты алғандар — 3 адам (оның iшiнде әйелдер — 3) — 1,666 мың теңге. оның iшiнде:
* мал шаруашылығын дамыту-Мұқажанова А. Г., Нұршабаева А. Г.
* жұмсақ жиһазды көшпелi химиялық тазалау — Мусинова Л. К.
жұмыспен қамтылғандар ЖҚЖК бағдарламасы бойынша (ХЖҚО арқылы) — 5 адам — (оның iшiнде әйелдер — 0) — «Агроинвест» ЖШС " Б. Момышұлы көшесiн ағымдағы жөндеу"
Абаттандыру
2020 жылы Бөгенбай батыр көшесi бойынша 800 тонна құрылыс қоқысы шығарылды. Демеушiлiк қаражат есебiнен Жастар көшесiндегi 1 рұқсат етiлмеген қоқыс үйiндiсi жойылды.
2020 жылы бюджет қаражатынан Талғат Бигелдинов және Қаныш Сәтпаев көшелерi бойынша балалар ойын алаңдары орнатылды, «Арман» аула клубында, сомасы 1,900 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Абай Құнанбайұлы, Бауыржан Момышұлы көшелерi және Етекбай би көшесiнiң бiр бөлiгi бойынша жалпы сомасы 28,500 мың теңгеге жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, сондай-ақ кент бойынша 12 дана жол белгiлерi орнатылды. Жалпы сомасы 1,485 теңгеге 555 дана аншлагтарды орнату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Орталық көшелердi, көп қабатты үйлердiң аула аумақтарын жинау және құрылыс қоқыстарын шығару жүргiзiлдi.
Коммуналдық шаруашылық
Заводской кентiндегi жұмыс iстейтiн бiр қызмет көрсетушi ұйым бар. "Заводской" ПИК 1996 жылы құрылды.
Жалпы 187 үйге қызмет көрсетедi, соның iшiнде 27-үйлер 2 және 3 қабатты, 160 жеке үйлер, жалпы қызмет ету аумағы 47846 ш. м.
Кенттiң жолдың ар жақ бөлiгiнде пешпен жылытылатын 137 аула бар, көмiрдiң қажеттiлiгi 1400 тонна құрайды. Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде.
Қоғамдық тәртiп
Штат саны 3 адам бар полиция бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар кент аумағы мен Степногорск өнеркәсiп аймағында және Богембай, Степногорский ауылдарына қызмет етедi. Тоқсанына бiр рет учаскелiк полиция инспекторының Заводской кентi тұрғындармен есептi кездесу өткiзiледi. ВАЗ 21213 «Нива» автокөлiгi бар.
Әлеуметтiк саласы
Бiлiм
Кентте орта мектеп жұмыс iстейдi, 30 сынып бар, 1-11сынып оқушылар саны 547. Қазақша мен орысша оқытылады. 53 мұғалiм жұмыс iстейдi, оның iшiнде 37-iнде жоғары бiлiмдерi бар, орта арнайы бiлiммен — 16 мұғалiм. Бiрiншi категорияда — 21 мұғалiмдер бар, екiншi категорияда — 21, категориясiз -11 мұғалiм.
«Арай» балабақшасының жобалық қуаттылығы 75 бала. 3 жастан 5 жасқа дейiнгi балалар. Топтардың саны — 3. Мұғалiмдердiң жалпы саны — 13 (оның 11-i мектепке дейiнгi бiлiм беру бiлiмiмен). Жоғары бiлiмдi — 5, орта арнаулы — 8. Жоғары санат — 4, бiрiншi — 0, екiншi санат — 1, санатсыз — 8 оқытушы. Жас мамандар — 1 оқытушы.
Музыкалық мектеп филиалында сазды аспап, фортепиано, скрипка, домбыра класстарымен оқитын 40 оқушы бар. 4 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оқушылар қалалық және кенттiк концерттер мен конкурстарда белсендi қатысып, әр-түрлi жүлделi орындарды алуда.
Денсаулық сақтау
Заводской кентiнде "Viamedis" ЖШС дәрiгерлiк амбулаториясы, бiр ауысымда 40 дәрiгерлiк қабылдау жұмыс iстейдi, сондай-ақ Қырық-құдық ауылына қызмет көрсетедi. Штаттық саны 15 қызметкер, оның iшiнде — 2 жалпы практика дәрiгерi, 9 — орта, 4 — кiшi мед. қызметкерлерi. Көкшетау қаласының мед. мекемесiнiң балансында жататын жедел жәрдем автокөлiгi бар. Жеңiлдiктi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Халықты жоспарлы медициналық тексеру жүргiзiледi. 2020 жылға арналған флюорографиялық тексеру жоспарының орындалуы– 96% құрайды. 2021 жылы дәрiгерлiк амбулатория ғимаратын күрделi жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Мәдениет және спорт
Заводской кентiнде 27 мыңан аса кiтап қорымен кiтапхана жұмыс iстейдi. 8 орынды оқу залы бар. Үнемi түрлi тақырыптық көрмелер, дөңгелiк үстелдер өткiзiледi.
Ақсу кентiнiң Мәдениет үйiнiң филиалының, кент клубы жұмыс iстейдi. Әр түрлi iс-шараларды белсендi жүргiзетiн меңгерушi — Ақыжанова Әсел Баяновна. Клуб қатысушылары кенттiк, қалалық, облыстық, сондай-ақ республикалық конкурстар мен концерттерге белсене қатысып, түрлi жүлделi орындарға ие болуда.
«Арман» аула клубы белсендi жұмыс iстейдi, онда жасөспiрiмдер, әртүрлi жастағы топтардың балалары бос уақытын тиiмдi және пайдалы өткiзетiн мәдени-танымдық шаралар өткiзiледi. Клубта вокал және драма үйiрмелерi бар. Жетекшiсi — Уренцева Лариса Георгиевна.
Заводской кентiнде ардагерлер кеңесi клубы жұмыс iстейдi. Клубта мұражай бар, оны клуб мүшелерi өздерi ұйымдастырды.
Қоғамдық-саяси және дiни ахуал тұрақты, әлеуметтiк шиеленiстер орталықтары жоқ, кент әкiмдiгiнде митингтер мен жиналыстар ұйымдастыруға өтiнiштер түскен жоқ.
2021 жылға арналған перспективалар
- Заводской кентiнiң Строителей көшесiнiң, Бейбiтшiлiк көшесiнiң бөлiгi, Етекбай би көшесiнiң бөлiгi, Т.Бигелдинов көшесiнiң бөлiгi жолдарын орташа жөндеу жұмыстары. 26 млн. теңге бөлiндi.
- Степногорск қаласының құрылыс бөлiмiмен, Заводской кентiнiң жолдың ар жақ бөлiгiнде орталық жылыту жүйесiнiң құрылысына, шамамен 11 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзiрленуде.
- А. Байтұрсынов көшесi бойынша 500 мың теңгеге балалар алаңын орнату.
- Бөгенбай батыр көшесiнiң бойындағы құрылыс қоқыстарын шығаруға 820 мың теңге бөлiндi.
- Қысқы кезеңде жолдарға қызмет көрсетуге 500 мың теңге бөлiндi.