Меню

Страницы

Статья

Шаңтөбе кентiнiң 2020 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы туралы есебi

Елдi мекен туралы анықтама

Шаңтөбе — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы қалалық типтегi кент. Степногорск қаласының әкiмшiлiк басқаруында болып табылады (420 км). 1956 жылы құрылған.

Қала тұрғындарының саны 3256 адамды құрайды (оның iшiнде Новокронштадка ауылында 121 адам), оның iшiнде: жұмысқа қабiлеттi халық — 1342 адам, зейнеткерлер — 1207 адам, мүгедектер — 156 адам, 18 жасқа дейiнгi балалар — 707 бала.

2020 жылға арналған салық түсiмдерiнiң жоспары 3544,8 млн теңгенi құрайды. Салықтық емес түсiмдер 659,7 мың теңге.

2020 жылы салық түсiмдерiнiң сомасы 6943 млн теңгенi құрады, оның iшiнде: ЖТС — 1137,5 мың теңге, мүлiктiк салық — 119,3 мың теңге, жер салығы — 21 мың теңге, көлiк салығы — 5665,2 мың теңге.

Салықтық емес түсiмдер 659,7 мың теңгенi құрады.

Өнеркәсiп

Шаңтөбе кенiшi консервацияда. Қазiргi уақытта персонал саны 38 адамды құрайды, олардың қызметi жабдықты жарамды күйде ұстаумен, кенiш объектiлерiн күзетудi қамтамасыз етумен байланысты.

Кәсiпкерлiктi дамыту

Кентте заңды тұлға түрiнде жұмыс iстейтiн 7 шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi және 61 жеке кәсiпкерлер бар.

Ауыл шаруашылығы

Екi шаруа қожалығы, «Рахат» тұтыну кооперативi және үй шаруашылығы секторы жұмыс iстейдi. «Рахат» тұтыну кооперативiнiң өсiрiлетiн жемiс-жидек өнiмдерi кент тұрғындарының қажеттiлiгiн өтей отырып, облыс орталығы мен астананың базарларында сатылады. Кооператив мүшелерiнiң жалпы саны — 704 адам.

Шаңтөбе кентiнде есептiк кезеңде iрi қара мал басы — 97 басты құрайды. Шошқа — 41, қой — 189, жылқы — 45, құс — 785. Новокронштадтка ауылындағы iрi қара мал басы 56 басты құрайды. Шошқа — 32, қой — 142, жылқы — 22, құс — 887. Ауыл шаруашылығын дамыту жем-шөп және жайылымдық жер алқаптарының болмауымен шектеледi.

Энергиямен жабдықтау

«Шаңтөбе-энергокомплекс» ЖШС заңды тұлға ретiнде Степногорск қаласында 2014 жылдың 28 ақпанында тiркелiп, 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап өз бетiнше жұмыс iстей бастады.

Серiктестiк келесi қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

•электр энергиясын беру және тарату;

•жылу энергиясын өндiру, беру, тарату және жабдықтау;

•суды тарату желiлерi арқылы беру;

•ағынды суларды бұру.

Жалпы жылдық бюджет — 407 154 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде субсидиялар — 229 547 мың теңге. Жалақы қоры — 134 815 мың теңге немесе ұйымның жалпы бюджетiнiң 33%-ы.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау

Өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар — 165 адам.

Шаңтөбе кентiнде тұратын:

– тыл еңбеккерлерi — 40 адам.

– 1,2,3 топтағы мүгедектер — 156 адам.

Әлеуметтiк қызмет көрсету:

16 жалғыз тұратын зейнеткерлерге екi әлеуметтiк қызметкер әлеуметтiк қызмет көрсетедi.

Абаттандыру

2020 жылы кенттi абаттандыруға 4321,5 мың теңге бөлiндi.

•ЖК Зенченкомен 83,9 мың теңге сомасына бiр жылдық гүлдердiң көшеттерiн сатып алуға шарт жасалды және орындалды;

•Көктемгi және күзгi кезеңдерде ағаштарды кесу бойынша «Руслан и Жанна» ЖШС-мен 156 дана 791 мың теңгеге сомасында шарттар жасалды және орындалды;

•«Триэл» ЖШС-мен 3446,6 мың теңге сомасына балалар алаңдарын дайындауға шарттар жасалды. Сатып алынды: 8 әткеншек, 8 алтыбақан, 4 төбешiк, 2 балалар ойын кешенi. Олардың кейбiреулерi орнатылады, қалғандары көктемгi-жазғы кезеңде орнатылады.

•Шаңтөбе кентiн санитарлық тазалауға 315,0 мың теңге сомасына, Шаңтөбе кентiнiң мұсылман және христиан зираттарының жерлеу орындарын ұстау бойынша «Руслан и Жанна» ЖШС-мен 300,0 мың теңге сомасына шарттар жасалды және орындалды.

•Сонымен қатар «ШЭК» ЖШС-мен 996,4 мың теңге сомасына жасалған көшенi жарықтандыру бойынша шарт орындалды.

•888,2 мың теңге сомасына шамдар (26 дана) сатып алынды.

Автомобиль жолдарына қызмет көрсету және күтiп ұстау

2020 жылы кент жолдарына қызмет көрсетуге 5,5 млн теңге бөлiндi

•«Золотой Колос» ШҚ-мен қысқы кезеңде жолдарды тазалау бойынша 1,5 млн теңге сомасына және «Руслан и Жанна» ЖШС-мен 1,16 млн теңге сомасына шарт жасалды және орындалды.

•Су тасқыны кезеңiнде кент аумағынан қар шығару бойынша «Шаңтөбе-энергокомплекс» ЖШС-мен 0,33 млн теңге сомасына шарт жасалды және толық көлемде орындалды;

•«Руслан и Жанна» ЖШС-мен және «Шаңтөбе-энергокомплекс» ЖШС-мен шарт жасалып, Новокронштадтка ауылы мен Шаңтөбе кентiнде жазғы кезеңде жолдарды күтiп ұстау (қиыршық тас төсеу) бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

•Шаңтөбе кентi көшелерiнiң асфальт жабынын ағымдағы жөндеуге және Шаңтөбе кентi алаңының асфальт-бетон жабынын ағымдағы жөндеуге 60 мың теңге сомасына сметалар жасалды.

2020 жылы 710 адамның қатысуымен 14 сенбiлiк өткiзiлдi. 670 шаршы метр көгалдар тазаланды, 200 п.м бордюрлер ақталды, 1100 шаршы метр бұталар кесiлдi, 6500 тонна шөп шабылды, 155 тонна қоқыс шығарылды. Барлық ұйымдармен және кент тұрғындарымен аумақты тазалау бойынша күнделiктi жұмыс жүзеге асырылады.

Коммуналдық шаруашылық

Кенттiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi штаттық режимде жұмыс iстейдi. Кәсiпорындар жұмысында iркiлiстер болған жоқ. Тұрғын үй қоры барлығы — 83 үйге (5 қабатты үйлер 16, қалғандары екi қабатты және жер үйлер) «Горняк» ПИК қызмет көрсетедi, қызметкерлер саны 36 адам. Келiп түскен өтiнiмдер мерзiмiнде орындалады. Бес қабатты 8 және 9-шы үйлердiң 6 кiреберiсiнде жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, екi үйдiң қасбеттерi жөнделдi. 2 384 шаршы метр үйдiң төбесi қалпына келтiрiлдi. Тұрғын үй қорын күрделi жөндеудi қажет етедi.

Әлеуметтiк сала

Бiлiм беру

Кентте бiр жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. Кадрлық құрамы 64 адам, оның iшiнде 33 педагог. Жылдық бюджет — 159,233 млн теңге, жалақы қоры — 126,832 млн теңге. Оқушылар саны — 425 адам, жиынтық сыныптар саны — 20.

Ыстық тамақпен қамту — 100%. Новокронштадка ауылынан 19 бала мен 2 педагог тасымалданады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектептiң 36 оқушысы 0,680 млн теңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз етiлдi. 2020 жылы жергiлiктi бюджеттен жаңа парталар сатып алуға 558 мың теңге бөлiндi. Тамыз айының соңында парталар жеткiзiлдi.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру 140 орындық №6 «Мерей» балабақшасымен ұсынылады. Кадрлық құрамы — 36 қызметкер, оның iшiнде педагогтар — 13. Топтар саны — 5, балабақшаға 72 бала барады. Жылдық бюджет — 47,89 млн теңге, жалақы қоры — 34,47 млн теңге. «Мерей» балабақшасына 2020 жылы қалалық бюджеттен жаңа балалар күркесiн сатып алуға және орнатуға 710 мың теңге бөлiндi. Күрке орнатылды.

Қосымша бiлiм беру (музыка мектебi, БЖСМ)

Музыка мектебiнiң филиалында 2 бөлiм жұмыс iстейдi, онда фортепиано, аккордеон, баян, гитара, синтезатор сияқты аспаптарда ойнауды үйретедi. Оқытушылар саны — 1, оқушылар саны — 13. Педагогикалық ұжымның басшылығымен музыка мектебi оқушыларының мерекелiк концерттерi өткiзiледi.

Кентте «Калибри» изостудиясы жұмыс iстейдi, балалар суретiнiң көрмелерi өткiзiледi, жас суретшiлердiң жұмыстары облыстық көрмелерге қатысуға жiберiледi.

Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi

Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiнде 6 бөлiмше бар — полиатлон, волейбол, баскетбол, футбол, бокс және шаңғы жарысы. Кадрлық құрамы — 30 қызметкер, оның iшiнде 9 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс iстейдi және 320 оқушы спортпен шұғылданады. Жылдық бюджет — 56,606 млн теңге, жалақы қоры — 34,8 млн теңге.

2020 жылы спорт мектебiнiң 32 оқушысы 4 сыртқы жарыстарға қатысты. «Амир Кокше» ЖШС-мен 25.05.2020 жылғы № 27 шарт жасалды, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi — 1,119 млн теңге сомасына еден плиткалары ауыстырылды. 234,6 мың теңгеге шаңғы базасының терезелерiн ауыстыру жүргiзiлдi және 348 мың теңгеге гардеробтың ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi. Ғимараттың қасбетiн ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттама жасалды, сондай-ақ гаражда өрт дабылы орнатылды.

Мәдениет

Кент аумағында екi мәдениет мекемесi бар — кiтапхана мен «Горняк» мәдениет үйi. Кiтапхана қызметкерлерi — 3 адам, орташа еңбек ақысы — 65000 теңге. Кiтап қоры 23 927 дана, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде 2898 дана. Осы кезеңде оқырмандар саны — 1006, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде оқитындар — 70. 6 офлайн және 42 онлайн iс-шаралар, оның iшiнде өлкетану бойынша 15 онлайн iс-шара өткiзiлдi.

«Горняк» мәдениет үйi 400 орынға арналған, қызметкерлер саны — 14 адам, орташа жалақы — 77000 теңгенi құрайды, 12 көркемөнерпаздар ұжымдары, оларда 252 адам шұғылданады.

2020 жылы онлайн түрiнде 79 iс-шара өткiзiлдi. Сондай-ақ халықаралық және облыстық байқауларға белсене қатысты. Драмалық және хореографиялық ұжымдар 1-шi орындар алды және бiрiншi дәрежелi лауреат атағына ие болды.

Тәртiп сақтау

Шаңтөбе кентi мен Новокронштадт ауылы аумағының құқықтық тәртiбiн 2 учаскелiк полиция қызметкерi қамтамасыз етедi. Есептiк кезеңде 14 қылмыстық құқық бұзушылық және терiс қылықтар тiркелдi, 12 қылмыс ашылды. Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 282 адам тартылды, Сандықтау ауданының IIБ профилактикалық есепте тұрдар — 57 адам. Полиция қызметкерлерi кентте құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша белсендi жұмыс жүргiзуде.

Денсаулық сақтау

Тұрғындарға медициналық көмек көрсетедi: Сандықтау ОАА ШЖҚ МКК жанындағы Шаңтөбе дәрiгерлiк амбулаториясы, жалпы бейiндегi стационар мен Новокронштадтка ауылының ФАП-ы. Қызметкерлердiң штаттық саны 38 адам, оның iшiнде: 3 дәрiгер, 19 медбике, 16 басқа қызметкерлер.

20 төсектiк күндiзгi стационар, тәулiк бойы шұғыл көмек пунктi жұмыс iстейдi. Дәрiгерлiк амбулатория штаттық кесте бойынша медициналық қызметкерлермен толық жасақталған және амбулаторияның нормативтерi бойынша медициналық жабдықтармен жабдықталған. 2020 жылы флюорографиялық тексеруден 2100 адам өттi, күндiзгi стационарда 381 адам емделдi.

Кентте психоневрологиялық аурулары бар қызмет алушылар үшiн «Степногорск қаласы, Шаңтөбе кентiнiң арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы» КММ ашылды. Қызмет алушылар саны — 96 адам. Қызметкерлер саны — 78 адам. Жылдық бюджет — 222 млн теңге, оның iшiнде еңбекақы төлеу қоры 96 млн теңге. «Бизнес — Консалтинг» ЖШС-мен жалпы сомасы 40 млн 511 мың теңгеге шарт жасалды, тұрғын емес ғимараттарға, құрылыстарға және шаруашылық корпусына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

Жолаушылар көлiк қатынасы жұмыс iстейдi, күнiне екi рет Көкшетау-Шаңтөбе-Көкшетау бағытында және бiр рет Астана–Шаңтөбе–Астана бағытында автобустар жүрiп тұрады.

Кентте 2000 нөмiрлi «Қазақтелеком» АҚ заманауи сандық АТС орнатылған. Хабар таратуды ұлттық теледидардың 4 бағдарламасы, 100-ге жуық абонент «ОтауTV», ID-TV-110 жүргiзедi. Үш ұялы байланыс операторы: Beeline, Aktiv, TELE-2.

«Қазпочта» АҚ бөлiмшесi халыққа пошта және басқа да қызметтердi көрсетедi, пошта аптасына үш рет жеткiзiледi. Шаңтөбе кентiндегi «Қазпошта» АҚ зейнеткерлерге зейнетақы бередi. Кенттегi зейнеткерлердiң жалпы саны 1207 адам.

Сандықтау ауданының ХҚКО басшылығымен ХҚКО мамандарының Шаңтөбе кентiне айына екi рет шығу кестесi бекiтiлдi. Мобильдi ХҚКО-ның келу күнi мен уақыты туралы кент тұрғындары алдын ала ақпараттандырылады.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы