Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау
2020 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кент тұрғындарының саны — 4023 адам, оның iшiнде 992 отбасы, экономикалық белсендi халық саны — 2335 адам, жұмыспен қамтылған халық саны — 2215 адам, өз бетiнше жұмыспен қамтылған халық саны — 203 адам, жұмыссыздық бойынша есепте 35 адам тiркелдi (оның iшiнде әйелдер — 18, жастар 16 дан бастап 29 жасқа дейiн — 2 адам, Зейнеткерлер — 306 адам, мүгедектер — 87 адам, көпбалалы отбасылар — 50.
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 ж. ж. "Еңбек" мемлекеттiк бағдарламасының 2020 жылы 33 адам — қатысушылар болды, оның iшiнде:
әлеуметтiк жұмыс орындары -2 адам ("Балу" ШҚ»).
қоғамдық жұмыстарға — 25 адам жiберiлдi.(оның iшiнде — 11 әйел адам)
жастар тәжiрибесi — 2 адам (оның iшiнде 2 әйел адам) — "Ақсу кентiнiң №2 ОМ; "Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту және спорт бөлiмi" ММ, ЧСИ "Бакиев Б.Х.»
қайта даярлау — 0 адам
"Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту 1 адам;
шағын несие — 3 адам, (оның iшiнде 1 әйел адам) -10,400 мың тг оның iшiнде Хасенова Л.Б. — 3,000 мың тг (қаздарды дамыту), Сулейменова Ж.А. — 3,400 мың тг., Байтугелов А.К. — 4,000 мың теңге (мал шаруашылығын дамытуға)
грант алғандар — 1 адам — 555600 тг. (дөңгелек жөндеу)
ЖҚЖК бағдарламасы бойынша (ХЖҚО арқылы) жұмысқа орналастырылды — 4 адам (оның iшiнде әйелдер — 0) — "Агроинвест" ЖШС, "Ақсу кентiнiң көшесiн ағымдағы жөндеу"
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қалалық бюджеттен 814,2 мың теңге бөлiндi.
Ақсу кентi әкiмiнiң аппаратында келесi жәрдемақы түрлерi рәсiмделедi:
Атаулы әлеуметтiк көмек.
Атаулы әлеуметтiк көмек 35 (182 адам) отбасына 13588,8 мың теңгеге тағайындалып, төлендi.
Тұрғын үй көмегi.
Тұрғын үй көмегi (қатты отынға өтемақы: көмiр) төлем ақы болмады
Әлеуметтiк көмек:
9 адамға өтiнiш бойынша 438,8 мың теңгеге әлеуметтiк көмек көрсетiлдi., оның iшiнде:
- табиғи апаттан зардап шеккендерге (өрт)- 1 адам, 111,1 мың теңге сомасына;
- онкологиялық аурулар — 5 адам, 204,5 мың тг.;
- туберкулезбен ауыратындар — 2 адам, 81,4 мың теңгеге;
9 мамырға барлығы 11 адам 276,1 мың теңге сомасында төлендi:
- ҰОС қатысушыларына теңестiрiлгендер және басқалар — 11 адам 276,1 мың теңге сомасына.
ТЖ кезеңiне төлем:
Азық-түлiк-тұрмыстық жиынтығын 137 адамға 3050,7 мың теңге сомасына сатып алуға,
Коммуналдық қызметтердi өтеуге 118 адамға сомасы 3540,0 мың тг
Кәсiпкерлiк
Кентте шағын бизнес саласында 45 жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi. Кентте 2 шиномонтаж шеберханасы, 28 дүкен, 1 дәрiхана, 1 киiм тiгу ательесi, 2 шаштараз, 7 мал шаруашылығын дамыту, 1 краншы қызметi, 3 жүк тасымалдау, 3 қара және түстi металл қабылдау пунктi, электр жабдықтарына қызмет көрсету және коммуналдық төлемдердi қабылдау бойынша қызметтерi бар.
2020 жылы 2 шағын бизнестер ашылды:
Мал шаруашылығын дамыту — 1 адам (Сулейменов Ж.), Шиномонтаж шеберханасы қызметi саласы 1 адам (Жусупов А.)
Мал шаруашылығын дамыту.
Қосалқы шаруашылығы бар аула саны — 208. IҚМ саны — 1466 бас, жылқы — 469 бас, ұсақ мал — 2091, құстар — 1430, мал шаруашылығы бағытында 6 жеке кәсiпкерлер және "Қазбек" және "Рассвет" 2 шаруа қожалықтары жұмыс iстейдi. Жалпы алғанда, өткен жылмен салыстырғанда барлық үй жануарлары бойынша мал басының өсуi байқалады. IҚМ, ҰҚМ және жылқылар идентификациясы жалғасуда. Шөптiн қажеттiлiгi 6600 тоннаны құрады. "Степногорск-ветсервис" МКК кестеге сәйкес иттер мен мысықтарды аулап отырды.
Коммуналдық шаруашылық.
Аула саны — 994. Әлеуметтiк саланың барлық объектiлерi автономды түрiмен қамтылған, жер үйлер пешпен жылытылады.
Кент тұрғындарын газбен "Каскад" ЖШС (Н. А. Морозова) қамтамасыз етедi. Тұрғындар үшiн көмiр қажеттiлiгi 6000 тонна құрады. 100 % қамтамасыз етiлген. "Буденовский" және "Қазақалтын ТМК" АҚ екi темiр жол тұйықтары көмiрмен қамтылған.
Кентте электржүйесiн жабдықтау қызметiн "Көкшетау-Энерго" ЖШС жүзеге асырады.
Көшелердi жарықтандыруға 2 млн 600 мың теңге бөлiндi. ЖК Омельченкомен көшенi жарықтандыруға қызмет көрсетуiне шарт жасалды. Кенттiң 7 көшесi жарықтандырумен қамтылған. «Қазахалтын ТМК» АҚ келiсiлген меморандум шеңберiнде Амантай Кабылденов көшесiне жарықтандыру орнатылды. Жарықтандыру жұмыстары бойынша осы жылда да жалғасуда.
Автомобиль жолдары
Автомобиль жолдарының ұзындығы 18 км — дi құрайды.
Осы жылы осы мәселелердi шешуiне байланысты облыс бюджетiнен жолдарды орташа жөндеу үшiн 20 млн. теңге жiберiлдi, Амантай Кабылденов көшесi бойынша жолдар жөнделдi. Ағымдағы жылда жолдарды жөндеу жұмыстары жалғастырылады.
Сумен жабдықтау.
Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қосу жұмыстары аяқталды, тұтынушылардың жалпы саны — 800. «Степногорск су арнасы» МКК ШЖ қызмет жасайды. Әкiмшiлiк ғимаратында желiлерге қызмет көрсету бойынша бригада жұмыс жасайды.
Аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау
Абаттандыру бойынша iс-шаралар жоспары әзiрлендi. 2020 жылы санитарлық тазалауға — 2000,0 мың теңге, 2000 тонна қоқыс шығарылды, абаттандыруға және көгалдандыруға — 1000,0 мың теңге бөлiндi, оған Жеңiс ескерткiшiнде және "GreenPark" саябақта сатып алынған гүлдер отырғызылды. Жоспарға сәйкес 13 жалпы кенттiк сенбiлiк өткiзiлiп,. 6 аппаттық қоқыс тастайтын жер жойылды, тұрақты негiзде ағаштарды, бордюрлердi және аялдамаларды әктеу жұмыстары жүргiзiлдi, 300 көшет отырғызылды. Учаскелiк инспекторлармен бiрлесiп және кент жұртшылығын тарта отырып, iргелес аумақты тазалықта ұстау бойынша рейдтер жүргiзiлдi. Аумақты тазалау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, 19 адам жұмыс iстедi. Сонымен қатар "Қазақалтын ТМК" АҚ көмегiмен жалпы 2500,0 мың. теңге 60 контейнер сатып алынды. Осы жылы Ақжол көшесiне және Кварцитка кентiне көктемде орнату басталады.
Әлеуметтiк сала
Бiлiм.
Кент аумағында үш мектеп жұмыс iстейдi, оларда 504 оқушы оқиды. Жұмыс iстейтiндердiң жалпы саны 125 адам, оның iшiнде мұғалiмдер саны — 74 адам. Барлық мектептерде мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған "Шағын орталықтар" жұмыс iстейдi. Ақсу кентiнiң № 1 орта мектептебiне облыс бюджетiнен күрделi жөндеу жұмыстарына 140 млн бөлiндi. Жұмыстар аяқталды.
Мәдениет.
Негiзгi мәдени-көпшiлiк iс-шараларды өткiзу үшiн, орны 200 орындық көрермендер залы бар ол Мәдениет үйi. Былтырғы жылда короновирус пандемиясына байланысты барлық iс-шаралар онлайн түрiнде өткiзiлдi.
Спорт.
Салауатты өмiр салтын насихаттау және спортқа жаппай тарту мақсатында кент тұрғындары, кәсiпорындары мен мекемелерi арасында әртүрлi спорттық iс-шаралар өткiзiледi. №1 орта мектебi жанында WorkOut элементтерiмен көпфункционалды спорт алаңы бар, онда негiзгi спорттық iс-шаралар өтедi. Сондай-ақ осы жылы "Green Рагк" демалыс саябағында спорттық аймақты жайластыруды жоспарлағандай "Қазақалтын Тechnology" ЖШС көше тренажерлары бар спорт алаңын салды.
Денсаулық сақтау.
Штаттық саны 17 адамды құрайтын, оның iшiнде 2 дәрiгер, 4 орта медициналық қызметкерлер емханасы бар. Тар мамандармен тоқсанына бiр рет қабылдау жүзеге асырылады, жеңiлдiктi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiледi. Флюорографиялық тексеру жоспары 2315 адамды құрады, 2298 адам орындалды, 98% құрады.