ауылдық округiнiң әкiмi Утисхан Жаныбектiң жарты жылдық есебi.
Бөгенбай ауылдық округi екi ауылдан құралған. Степногорское және Бөгенбай ауылы. Екi ауылдың арасы 65 шақырым. Қаламен байланыс 65 шақырым. Округ бойынша 531 адам. Соның iшiнде зейнеткерлер 55 , мүгедектер 13, 16 жасқа дейiнгi балалар 183, өз өзiмен қамтылған 103 адам.
Ел билiгiнiң тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылы он бiр адам шағын несиеге өтiнiш берiп қабылданды. Өтiнiштерi қанағаттанып 11 адам 32 млн. шағын несие алып, 121 бас iрi қара 29 бас жылқы сатып алынды. Сонымен қатар қала бюджетiнен бiр бала Нұр Мубарак Ислам университетiнде оқып жатыр.
Ауыл шаруашылығын дамыту
Шаруашылық жүргiзу есебiне сәйкес үй iргесiнде учаскелерi бар ауланың саны-139, қосалқы шаруашылығы бар ауланың саны-107. барлық аумақ-123 (га), оның iшiнде елдi мекендердiң жерi-10705 (га). Шаруа қожалығы мен ЖШС алаңы-3120 (га). Малшылығы негiзi жеке қосалқы шаруашылығымен ұсынылады. Барлық IҚМ-1344 бас, оның iшiнде сауылатын сиырлар — 563 бас, қойлар — 2982 бас, жылқылар-551 бас өткен жылға салыстырғанда өсуде. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында биылғы жылы 30 мың гр жер шаруашылықтарға үлестiрiлдi. Округке қарасты екi мал дәрәгер бар. Жоспар бойынша уақтылы мал ауыруларына қарсы екпелер егiлiп тұрады. Наурыз мамыр айлары арасында жоспарлы малдан қан алу жұмыстары жүргiзiледi. Нәтижесiнде төрт iрi қара малдан брюслез анықталып, Көкшетау Бизан ЖШС-не өткiзiлдi. Мал шығыны жоқ. Мал азығы дайындалуда, жоспар бойынша 5000 тонна шөп әзiрлендi.
Шағын бизнестi дамыту
Округте 3 шаруа қожалығы, 26 жеке шаруашылық жұмыс iстейдi. 29 адам жұмыспен қамтылған. Негiзi мал шаруашылығы. Мал шаруашылығын дамыту қарқынды жүрiп келедi. ЖШС «Алтынбас Ара» 10 га, ЖШС «BiofromTechnologies» 60 га. дай кортошка егiлiп, жинап алынды.
Көгалдандыру
Уақтылы 6 таза бейсенбiлiктер өткiзiлдi. 160 адам қамтылды. 120 — дай ағаш отырғызылды, ақтау жұмыстары жүргiзiлдi. Қоқысқа қалалық бюджеттен бөлiнген 800 мың. теңгеге Бөгенбай ауылында 500 тонна құрылыс қалдығы шығарылды. Байқоныс ауылы тұрғындары есебiнен 2000 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 800 метрлiк жолдың ой- шұңқыры жабылып тегiстеледi
Әлеуметтiк сұрақтар
Қоғамдық жұмыстарға 14 адам жiберiлдi, 805476 тенге сомасында жалақы төлендi.
4 отбасыға 18 жасқа дейiнгi АӘК (атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындалды және 1 млн 137 мың 043 тенге көлемiнде қаржы төлендi. Округте кедейлiк мәртебесi жоқ.
Жастар саясаты
Ауыл жастарының тигiзер үлесi зор. Шағын бизнестi дамытуды қолға алған жастарымыз ертенгi ел болашағы. Жаңа жыл, Наурыз т.б мейрамдарда демеушiлiк жасап қызықты өтуiне белсендi қатысады.
Дiн мәселесi, түрлi ағымдардың белең алуы, жастардың терiс ағымға кетiп қалмауы жiтi бақылауда.
Бiлiм саласы
Степногорск ауылында орта бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. 95 оқушы, 23 мұғалiм. Соның iшiнде 22 мұғалiм жоғары бiлiмдi.
Мектеп iшiнде 2-5 жас аралығында 20 балалық шағын орталық жұмыс iстейдi. Бiлiм бөлiмi тарапынан мектептiң әйнектерi 100 пайыз жаңартылды және де жалпы соммасы 18 млн.теңге қаржыны құрайтын модуыльдық жылу қазандығы орнатылды. Жылу беру жүйе қазандығы қатты отынмен. Жылына 290 тонна көмiр жұмсалады.
Бөгенбай ауыл мектебi бастауыш мектеп болып қызмет жасайды. 9 оқушы, 3 мұғалiм жоғары бiлiмдi. Биылғы жылы 14 бала Ақсу 1 орта мектебiне тасымалданып оқытылады. Мектепке интерактивты тақта орнатылды. Тұрғындар есебiнен мектеп шатырына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi. Жылу қазандығы қатты отынмен 190 тоннаны құрайды.
Округте даргерлiк амбулатория қызмет көрсетедi. Штатта екi адам. Қалалық ауруханадан ай сайын кесте бойынша терапевт-педиатр дәргерлерi келiп тұрады. 10050 кiтап қоры бар кiтапхана жұмыс жасайды. Жаңа кiтаптармен жабдықталып тұрады. Өткен жылы модулдық кiтапхана статусын алды. Компьютер және мебельдермен жабдықталды.
Жергiлiктi басқару
Ауыл iшiндегi мәселелердi шешу мақсатында 8 адам жергiлiктi қауымдастық құрамымен бiрлесе отырып бөлiнген қаржыны қай мақсатта жұмсау, ауылды қоқыстан тазарту, тәртiптi қадағалау сынды мәселелер халықпен болған жиылыста шешiмiн табуда.
Инспекторлық сақшылармен бiрлесе отырып рейттер жүргiзiлiп тұрады. Онда қоқысты жинау, иттерiн заң бойынша ауласында байлап ұстау, малдарын бетiмен жiбермеу сияқты жұмыстар жүргiзiлiп тұрады.
Ақпарат тарату мәселесi бойынша 98 пайыз отбасында Отау.ТВ құрылғысы орнатылған. Сонымен қатар, өткен жылы тұрғын үйлер 100 пайыз сумен қамтылып, жалпы соммасы 30 млн.теңге қаржыны құрайтын су тазартау құрылғысы орнатылды. Сондай — ақ, билайн 4 G интернет желiсi қосылды. Байқоныс ауылы көшелерiн жарықтандыру мәселесi бойынша 680 мың теңге қаржыны құрайтын, күннен қуат алатын 16 жарық шамдары сатып алынды.
Қоғамдастық мүшелерiмен жұмыстың нәтижесi:
Қоғамдас мүшелерi ауылдың кез келген мәселесiн шешу, бөлiнген қаржыны дұрыс мақсатта жұмсалуын қадағалау, жастарға дұрыс бағдар беру, ауылдың гүлденуi үшiн ақыл кеңес қосу мақсатында құрылған ерiктi мүшелер.
Қоғам мүшелерiмен арнайы жиналыстарда ғана емес әрдайым кез келген мәселеде жеке кездесу арқылы түйiнi түйткiл сұрақтарды шешуде орнынан табылып жатады. Қоғамдық мүшелермен бiрлесе отырып әлi талай жұмыстың шешiмiн табамыз деген сенiмдемiн.
.