Меню

Страницы

Статья

Биылғы жылы БЖЗҚ салымшыларына 172 миллиард теңгеден аса қаржы төленді

2020 жылдың 1 желтоқсанына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 342 720 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 172,1 миллиард теңгеге 2,1 миллионнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:

- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 57,7 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 42,9 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 34,1 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 32,01 млрд теңге;

- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 3,96 млрд теңге;

- мүгедектiк бойынша төлемдер — 1,4 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 22 867 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
23 декабря 2020
Дата обновления
23 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы