Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

зейнетақының ең төмен мөлшерi – 43 272 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 18 524 теңге;

- жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік

көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс

минимумының (КМ) шамасы – 34 302 теңге;

- жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге болып анықталған.

2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% -ға арттырылады.

2021 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК-тен аспауы керек (134 182 теңге).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері; мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, бала кезінен 1-ші топтағы мүгедек балаға күтім жасайтын отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін,оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшерінің 5% өсуіне байланысты арттырылады
                                                                                                                              (теңге)

  2020 г. мөлшері 2021 г. мөлшері
зейнетақының ең төмен мөлшерi 40 441 43 272
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 17 641 18 524
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 778 2 917
күнкөріс минимумының шамасы (КМ) 32 668 34 302
жалақының ең төмен мөлшерi 42 500 42 500

Мысалы,

мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (жалпы ауру):                                                      (теңге)

  2020 г.мөлшері 2021 г.мөлшері
1 топ 62 723 65 860
2 топ 49 983 52 483
З топ 33 975 35 675

асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:
                                                                                                     (теңге)

  2020 г. мөлшері 2021 г. мөлшері
Асырауындағы 1 балаға 28 095 29 500
Асырауындағы 2 балаға 48 676 51 110
Асырауындағы 3 балаға 60 436 63 459
Асырауындағы 4 балаға 64 030 67 232
Асырауындағы 5 балаға 66 317 69 634
Асырауындағы 6 және одан көп балаға 68 930 72 378

баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:
                                                                                                      (теңге)

  2020 г. мөлшері 2021 г. мөлшері
1-ші, 2-ші, 3-ші бала туу бойынша 105 564 110 846
4-ші және одан көп бала туу бойынша 175 014 183 771

Бала бір жасқа толғанға дейін, оның күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы:
                                                                                                      (теңге)

  2020 г. мөлшері 2021 г. мөлшері
1 балаға күтімі бойынша 16 002 16 802
2-ші балаға күтімі бойынша 18 919 19 865
3-ші балаға күтімі бойынша 21 808 22 899
4-ші және одан көп балаға күтімі бойынша 24 725 25 962

Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына - 1411 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау). Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9-дан 20-ға дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет»МК»
КЕАҚ Ақмола облысы бойынша
филиалының әлеуметтік төлемдерді
мониторингілеу басқармасы

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы