Пандемия кезiндегi негiзгi мiндет пациенттерге медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын және қалалық емхана қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл үшiн бiрқатар шаралар қабылданды, оның iшiнде:
- эпидемияға қарсы режимдi сақтау, үй-жайларда аймақтарға бөлудi сақтау бойынша бақылау күшейтiлдi;
- кiреберiсте барлық кiрушiлерге мiндеттi түрде термометрия және дезинфекциялық өңдеу жүргiзу арқылы санитарлық бекет қойылған;
- қалалық емхананың қызметкерлерi жұқтыру қаупiнiң дәрежесiне сәйкес ЖҚҚ-ның жеткiлiктi мөлшерiмен қамтамасыз етiлдi;
- эпидемияға қарсы iс-шаралар, ЖҚҚ дұрыс пайдалану қағидаттары бойынша персоналды үздiксiз оқыту, ЖҚҚ дұрыс пайдалануды бақылау жүзеге асырылады;
- жұқпалы аурулары бар, оның iшiнде COVID-19-ға күдiктi пациенттерге медициналық көмектi тек фильтр аймағында және үйде мобильдi бригадалар көрсетедi;
- созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттердi қашықтықтан бақылау ұйымдастырылды;
- диспансерлiк есепте тұрған 65 және одан жоғары жастағы адамдарға жеңiлдiктi дәрiлiк препараттарды жеткiзу ұйымдастырылды.
Фильтр кабинетiнде жұқпалы аурулармен ауыратын және COVID-19-ға күдiктi пациенттердi қабылдаған кезде аурудың дәрежесiн анықтайды, ПТР-ға жағынды алады, жеңiл ағымда емдеу тағайындалады және пациент амбулаториялық негiзде жүргiзiледi, мобильдi бригадаға және учаскелiк дәрiгерге берiледi, орташа ауыр ағымда пациент оқшаулағышқа орналастырылады және жедел медициналық жәрдем бригадасы стационардың провизорлық бөлiмшесiне жеткiзiледi. Емхана жанынан құрамында дәрiгер, медициналық бике, психолог немесе әлеуметтiк қызметкер бар 14 мобильдi бригада құрылды. Мобильдi бригадалар ПТР-ға биоматериалды алуға арналған көлiк орталарымен, пульсоксиметрлермен жабдықталған. Пандемия кезiнде қажет вирусқа қарсы, бактерияға қарсы препараттар мен антикоагулянттардың азаймайтын қоры дайындалды.
Коронавирустық инфекцияға күдiк туындаған кезде симптомдар мен мiнез-құлық тактикасы бойынша стандартты сұрақтармен жадынамалар әзiрлендi және таратылды.
Халық арасында ақпараттық бейнероликтер, әлеуметтiк желiлерде, БАҚ-та, қалалық емхана сайтында хабарламалар орналастыру арқылы ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.
«Степногорск қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бiздiң аймақтың тұрғындарына Маска режимiн, әлеуметтiк қашықтықты, алдын алу шараларын, вакцинопрофилактиканы сақтауға шақырады. Бұл шаралар өзiңiздi вирустық инфекциядан қорғауға көмектеседi.