Меню

Страницы

Статья

Степногорск қаласының бас жоспары. Түзету

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қоғамдық талқылаулар өткізу туралы

«Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығымен бекітілген Қалалық елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес «Степногорск қаласының бас жоспарын әзірлеу (түзету)» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Өткізілетін орны: Степногорск қаласы, қалалық әкімдік ғимараты, Б блогы.

Өткізілетін күні және басталу уақыты: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 15:00.

Тапсырыс беруші: «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

Жобаны әзірлеуші: «Жобалау фирмасы «ГРАДО» ЖШС.

Қоғамдық талқылаулар шеңберінде мүдделі тұлғалар «Степногорск қаласының бас жоспарын әзірлеу (түзету)» жобасының материалдарымен, сондай-ақ жобаға қатысты құжаттармен Степногорск қаласы әкімдігінің ресми интернет-парақшасындағы «Қоғамдық талқылаулар» бөлімінен таныса алады.

Жоба материалдарымен мына мекенжай бойынша да танысуға болады: Степногорск қаласы, 4-шағын аудан, 1-ғимарат, 73-кабинет. Қызығушылық тудырған мәселелер бойынша 7-34-31 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Уәжді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошта арқылы: saulet@stepnogorsk.gov.kz, не болмаса мына мекенжай бойынша жазбаша түрде қабылданады: Степногорск қаласы, 4-шағын аудан, 1-ғимарат, 73-кабинет.

Барлық мүдделі тұлғаларды қоғамдық талқылауларға қатысуға және жоба бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіруге шақырамыз.

Степногорск ПЗ

Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
27 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы