Меню

Страницы

Статья

«Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодекстерiне, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай — ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекеме ұйымдастырушылық — құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, бекiтiлген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық аумақтық органында шоттары болады.

4. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 021501, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4-шағынаудан, 1-ғимарат.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Степногорск қаласы мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субьектiлерiмен «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: мәдениет, тарихи-мәдени мұралар және тiл саясаты, дене тәрбиесi және спорт саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.

14. Мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетiн дамыту және сақтау, мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметтерiн нығайту және этностық топтардың тiлдерiн дамыту;

2) Степногорск қаласы мен iргелес елдi мекендерде мәдениет саласында үйлестiрудi жүзеге асыру;

3) дене тәрбиесi және спорт саласындағы қатынастарды реттеу;

4) барлық түрдегi балалар жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң санын арттыру үшiн жағдайлар жасау;

5) өңiр аймағындағы бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерiн дамыту;

6) өз құзыреттерiнiң шегiнде өзге де функцияларды белгiленген заңнамамен мәдениет және спорт саласын жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) аймақта мәдениет пен тiл саясаты саласындағы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;

2) қала аумағындағы тарихи және мәдени құндылықтары бар қорғалатын тарихи және мәдени ескерткiштер туралы ұсыныстар енгiзу;

3) аймақтағы мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

4) жергiлiктi маңызға ие тарихи, материалдық және рухани мәдениетiнiң ескерткiштерiн есепке алу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;

5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу;

6) мемлекеттiк мәдениет мекемелерi қызметкерлерiн аттестациялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

7) мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған iс-шараларды iске асыру;

8) қалалық бұқаралық спорт шараларының күнтiзбелiк жоспарын әзiрлеу, бекiту және жүзеге асыру;

9) қалалық деңгейде спорт түрлерiнен спорт жарыстарын өткiзу;

10) спорттың әртүрлерi бойынша қалалық құрама командаларының даярлығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету;

11) екiншi және үшiншi ересектер, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдер; бапкер-оқытушылар құрамына санаттар: екiншi санаттағы бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейлi бапкер, екiншi санаттағы бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейлi әдiскер, спорт төрешiсi спорт дәрежелерi мен санаттарын беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

12) спорт және жасөспiрiмдер клубтарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

13) мүгедектер үшiн мамандандырылған топ ұйымдастыру;

14) Степногорск қаласында дене тәрбиесi және спорттың дамуы бойынша мәлiметтердi облыстық атқарушы органына ұсыну және талдау, өңiр аймағында спорт шараларын өткiзу және ұйымдастыруды үйлестiру;

15) мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыру, қызмет көрсету сапасын арттыру;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен қарастырылған функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қарастыратын мәселелердi шешуге мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiн белгiленген тәртiпте тарту;

2) «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволық бағынышты мекемелер мен кәсiпорындарының жоғарғы органдардан келген құжаттарды, әкiмдiктiң қаулыларын, әкiмнiң тапсырмаларын орындауды бақылау және жұмыстарын тексеру;

3) мемлекеттiк органдардан және басқа ұйымдардан «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттар сұрау және алу;

4) мәдениет және спорт саласында белгiленген заңнаманың нормаларын, мемлекеттiк нормативтiк талаптарды, жағдайларды және шектеулердi бұзу мен ауытқулар туралы ақпаратты уәкiлеттi органдарға ұсыну;

5) бiлiм беру, дене тәрбиесi және спорт саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы хаттамаларды құру;

6) басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар құру;

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерiн, облыс және қала әкiмдерi мен әкiмдiктерiнiң шешiмдерiн сақтау және орындау;

8) жарыстар мен басқа да бұқаралық спорт шараларын өткiзу бойынша спорттық ұйымдардың қызметiн үйлестiру;

9) «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құзырына жататын сұрақтар бойынша қажеттi мәлiметтi мемлекеттiк органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан сұрау және алу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды және функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн және құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiгiн анықтайды;

3) «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн басқаруды iске асырады: «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмысшыларының жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;

4) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады, қол қояды және тапсырмалар бередi;

5) бекiтiлген штат саны лимитiн негiзге ала отырып, «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдарда «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсынады;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Степногорск қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жазаға тартады;

8) «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

9) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсыну үшiн бөлiм қызметкерлерiне сенiмхаттар бередi;

10) тiл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар бередi, Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзуда кiнәлi лауазымды тұлғаларға тәртiптiк жаза шараларын қолдану туралы тиiстi органдарға ұсыныстарды енгiзедi;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауапты;

12) басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;

13) бiлiм беру, дене тәрбиесi және спорт саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы хаттамаларға қол қояды;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi iске асырады.

20. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

21. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкiнiң болуы мүмкiн.

«Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк қаланың коммуналдық меншiгiне жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органның жұмыс тәртiбi

25. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiп қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңнамасының еңбек нормаларына қайшы келмеуi тиiс.

26. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi келесi тәртiпте белгiленедi: бес күндiк жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi-жексенбi.

6. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi

1. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң жанындағы «Горняк» орталық мәдениет сарайы» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорын.

2. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң жанындағы «Достық және шығармашылық үйi» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорын.

3. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң жанындағы «Шаңтөбе кентiнiң «Горняк» Мәдениет үйi» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорын.

4. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң жанындағы «Рауан» Мәдениет үйi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорын.

5. Степногорск қаласы мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң жанындағы «Ақсу кентiнiң мәдениет үйi» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорын.

8. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қарауындағы мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi

1. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң «Орталықтандырылған кiтапханалар жүйесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

2. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң «Степногорск қалалық оқыту-әдiстемелiк орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

3. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң «Шаңтөбе балалар — жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

Дата публикации
07 октября 2020
Дата обновления
07 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы