1.Жалпы ережелер
1. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Степногорск қаласы әлеуметтiк — экономикалық дамытудың негiзгi басымдылықтарын, соның iшiнде кәсiпкерлiк және индустриалдық — инновациялық саясатты қалыптастыру және стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттiң басымдылық бағыттарын iске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодекстерiне, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
7. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4-шағынаудан, 1- ғимарат.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
11. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12. Егер «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: мемлекеттiк реттеу, мемлекеттiк қолдау және жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу.
14. Мiндеттерi:
1) экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайларды жасау;
2) ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдайларды жасау;
3) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетiн арттыру.
15. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;
2) өңiрдегi мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету;
3) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
4) қаланы дамыту бағдарламасын әзiрлеу және мәслихаттың бекiтуiне ұсыну, оның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау;
5) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
6) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
7) сауда саясатының жүргiзуiн қамтамасыз ету;
8) көрмелер мен жәрмеңкелердi ұйымдастыруды жүзеге асыру;
9) заңда белгiленген тәртiпте және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау және қарау;
10) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) өз құзыретi шегiнде қала әкiмiдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн жобаларын даярлау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, өз құзыретi шегiнде «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген функцияларды атқару үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, кәсiпорындардан және өзге де ұйымдардан сұрау және алу;
3) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша басқа атқарушы билiк органдарының, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң басшылары мен мамандарын тартумен жиналыстарға белгiленген тәртiпте шақырту, қатысу;
4) өз құзыретi шегiнде келiсiмдер, шарттар жасасу;
5) сауда және қаржы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да мiндеттердi орындау.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
18. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы заңнамамен белгiленген тәртiпте лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
20. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) заңнамаға сәйкес «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыскерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
3) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылық етудi жүзеге асырады, «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
4) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыскерлерiн көтермелеу және марапаттау мәселелерiн шешедi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
5) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
6) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды және «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң мiндеттi орындауы үшiн тапсырмаларды бередi;
7) жергiлiктi атқарушы органмен бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң штаттық кестесiн және оның құрылымын бекiтедi;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн бiлдiредi;
9) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсыну үшiн бөлiмнiң жұмыскерлерiне сенiмхаттар бередi;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауапты;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
12) сауда және қаржы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды.
21. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
23. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органның жұмыс тәртiбi
26. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.
27. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi келесi тәртiпте белгiленедi: бес күндiк жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-14.30 дейiн, демалыс күндерi: сенбi-жексенбi.
6. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.