1-тарау. Жалпы ережелер
1.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Степногорск қаласы аумағында ауыл шаруашылығы және жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Кодекстерiне және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабаларына, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8.Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 021501, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4- шағынаудан, № 1 ғимарат.
9.Мемлекеттiк органның толық атауы — «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
10.Осы Ереже «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13.Миссиясы: «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi салалардың экономикалық өсуi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, қаланың агроөнеркәсiптiк кешенiн дамыту саласында мемлекеттiң аграрлық саясатын дамытуға және қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға көмек көрсетедi, жер қатынастарды реттеу, жердi ұтымды және тиiмдi пайдалануды ұйымдастыру.
14.Мiндеттерi:
1)қаланың аумағында экономиканың аграрлық секторын реформалау және дамыту;
2)аграрлық сектордың экономикалық және әлеуметтiк дамуының болжамын жүзеге асыру;
3)қаланың ауыл шаруашылығы құрылымдарына әдiстемелiк және функционалдық көмек көрсету;
4)жер қатынастарды реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
5) олардың құзыретi шегiнде қабылданған жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн, жер заңнамасын орындау;
6)жерге орналастыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
7) мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру;
8)ауданның жер ресурстарының жай-күйi туралы деректердiң банкiн құру, жүргiзу;
9) жердi аймақтарға бөлу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
10) сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) жер телiмдерiн сату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
11) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау.
15.Функциялары:
1)заңнамамен белгiленген тәртiпте агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң мемлекеттiк қолдауын жүзеге асыру;
2)экономиканың аграрлық секторының дамуына талдау өткiзу;
3)тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы және техникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және жүзеге асыру;
5)ауылшаруашылығы мақсатындағы жердiң пайдалануы мен қорғауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
6) жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша Степногорск қаласының жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
7) иесiз жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу;
8)мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару бойынша ұсыныстарды дайындау;
9) жер учаскелерiнiң бөлiнуiн және бөлiнбеуiн анықтау;
10) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекiту;
11)Степногорск қаласының және iргелес елдiмекендердiң жерлерiн аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламаларын, жердi ұтымды пайдалану бойынша жобаларын және сызбаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
12) елдiмекендер аумағының жер — шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
13)жер сауда-саттығын өткiзудi ұйымдастыру (аукциондар, конкурстар);
14) Степногорск қаласының жерлер балансын жасау;
15) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқық қатынастарының басқа да субъектiлерiн есепке алуды жүргiзу;
16) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң төлқұжаттарын беру;
17) сатып алу-сату шарттарын, жер учаскесiн уақытша өтеусiз және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығында жалдау шарттарын жасасу және жасалған шарттардың талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
18) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес, iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Степногорск қаласының әкiмдiгiмен учаскелерiн пайдалануға рұқсат жер беру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
19) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
20) белгiленген нысан бойынша облыстық жер қатынастары басқармасына ай сайын есеп беру;
21) Степногорск қаласының жерлерiн аймақтарға бөлудi ұйымдастыру және Степногорск қаласының органына берiлген жердi аймақтарға бөлудiң жобаларын (схемаларын) бекiтуге ұсыну;
22) жерлердi резервтеу бойынша ұсыныстарды даярлау;
23) жердi аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негiзiнде жердiң нысаналы мақсатының жiктемесiн дайындау;
24) жер қатынастары саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету;
25) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын қалалық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргiзу;
26) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiн беру жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
27) өсiмдiктердi қорғау және карантин, астық нарығы және астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнiм өндiру, сондай-ақ азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
28) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
29) мемлекеттiк меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасау;
30) заңмен белгiленген құзырет шегiнде өзге функцияларды орындау.
16.Құқықтары мен мiндеттерi:
1)ауыл шаруашылығы дамытудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеуге;
2)«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдарынан және өзге ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
3)ауыл шаруашылығы дамыту перспективаларын анықтау және болжамдауға, үрдiстерге талдау жүргiзуге;
4)азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарында құстар мен мал басын есепке алуды жүргiзуге;
5)өз құзыреттiлiгiнiң шеңберiнде жоғары тұрған органдармен байланысты жүзеге асыруға;
6)шаруа (фермер) қожалықтарының, қауымдастықтарды, одақтарды және кәсiпкерлiктiң басқа нысандарының, ауылдық қосалқы шаруашылықтарының, азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының дамуына жәрдем жасауға;
7)өсiмдiктердi қорғау және карантин, астық нарығы және астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнiмдердi өндiру, сондай-ақ азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
8)қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану
саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
9) мемлекеттiк меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша жер учаскелерiне меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгiзу;
11) жер заңнамасына қайшы келетiн құқықтық актiлердiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу.
12)Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерiн, әкiмдiктер мен облыс және қала әкiмдерiнiң шешiмдерiн сақтауға және орындауға;
13)Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген функцияларды жүзеге асыруға;
14)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға мiндеттi.
3-тарау. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
1. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
2. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметiнен босатылады.
3. Бiрiншi басшының өкiлеттiгi:
1)«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмысына басшылық етедi: «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң лауазымды тұлғаларының жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және қадағалайды;
2)«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бөледi және бекiтедi;
3)заңнамаға сәйкес «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4)«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiне мiндеттi түрде орындау үшiн бұйрық шығарады және қол қояды, тапсырмалар бередi;
5)«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қаржылық құжаттарына бiрiншi қол қою құқығы бар;
6)бөлiнген бюджет қаражаттардың нысаналы пайдалануын қамтамасыз етедi;
7)өз құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
8) заңнамада белгiленген тәртiппен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн көтермелейдi және тәртiптiк жаза тартады;
9)қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда (соның iшiнде сот) және басқа да ұйымдарда «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн ұсынады;
10)заңнамада белгiленген тәртiппен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсыну үшiн сенiмхаттар бередi;
11)сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауапты болады;
12)өсiмдiктердi қорғау және карантин, астық нарығы және астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және бақылау және қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнiмдердi өндiру, сондай-ақ азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;
13) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;
14) мемлекеттiк меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;
15)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi iске асырады.
16) «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгiн ол болмаған кезде оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыстыратын адам жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
1. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлiкке ие болуы мүмкiн.
2. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
3. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
4. Егер заңнамамен өзгеше белгiленбесе, «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттiк органның жұмыс тәртiбi
1.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.
2.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейiн. Демалыс күндерi: сенбi, жексенбi.
6-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
1.«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.