Меню

Страницы

Статья

Өзекті мәселелер жөніндегі анықтама

Тұрғын үй қатынастары саласында
1 Кондоминиум объектісін басқару нысаны немен немесе кіммен белгіленеді? «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының (одан әрі - Заң) 42 бап, 2 тармағына сәйкес, кондоминиум объектiсiн басқару нысаны оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленедi. Ондай нысандар:
1) егер барлық меншiк иелерiнiң саны жиырма адамнан аспаса, олардың тiкелей бiрлесiп басқаруы;
2) үй-жай (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi;
3) кондоминиум объектісін үшінші (бөгде) тұлғалардың: сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғалардың - тұрғын үйлерді басқарушылардың (менеджерлердің) немесе заңды тұлғалардың басқаруы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандар болуы мүмкiн.
Тұтыну кооперативінің нысанындағы кондоминиум объектісін басқару ҚР заңнамасына қайшы келмейді.
2 Кондоминиумды тіркеу қалай жүзеге асырылады? Заңның 32 бап, 2 тармағына сәйкес, кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиумға қатысушының не меншік иелерінің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүліктің құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ меншіктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде кондоминиум объектісін тіркеуге байланысты функцияларды орындауға міндетті.
Осыған байланысты, тұрғын үй меншік иелері кондоминиум объектілерін тіркеу мәселелерімен дербес немесе уәкілетті өкілі арқылы айналысуға құқығы бар.
ТҮКШ саласында
1 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру үшін қайда өтініш білдіруіме болады? Сізге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электронды-цифрлы қолтаңбасы бар «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz. өтініш білдіруге кеңес береміз.
2 Тұрғын үй алуға кезекке қою үшін қандай құжаттар қажет? 1) өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге жергілікті атқарушы органның келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өтініш берушімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы аумақтық әділет органының анықтамалары.4) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;5) өтініш беруші (отбасының) бір сатыға жататындығының тиесілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынады.
3 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кім тұра алады? «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67- бабы, 1-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұракты тұратын,тұрғын үйге мұктажжәне есепте тұрған:1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;көп балалы отбасылар;мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;толық емес отбасыларға жататың) Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
4 Баспананы жақында ала аламын ба? Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар.Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес, сіз мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бекітілген тізімдегі кезек тәртібімен қамтамасыз етілетін боласыз.
5 Кезек неге баяу жылжиды? Кезектің жылжуы тұрғын үйлердің құрылысына және пайдалануға берілуіне қарай, сонымен қатар кезектегілердің тізіміне түгендеу өткізу бойынша жүреді.
6 Пәтерді жылытуға ьөленетін төлем қалай есептеледі? Жылу энергиясын тұтынуды есептеу жылу энергиясын жеткізу үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Жылыту үшін пайдаланылатын жылу энергиясының мөлшерін анықтау үшін жылуды тұтынудың жалпы мөлшерін ыстық су үшін пайдаланылатын жылу энергиясының шамасын есептеп шығарамыз. Жылына 1 м2 жылу энергиясы, жылыту тұрғын үйдің жылытылған аумағына сәйкес есептеледі. Есептеу тұрғын үйдің есепке алу құрылғысының көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі. Қыс мезгілінде жылу жүйесін қолмен реттеу сыртқы ауа температурасының жиі өзгеруіне байланысты мүмкін емес және тек күзде және көктемде жүзеге асырылады.
Жер қатынастары саласында
1 ҚР азаматы жалға алынған жерді сатып алуы мүмкін бе? Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұған дейін оған жер пайдалануға берілген жер учаскесін сатып алу ниетін білдірген кезде, бұл тұлға аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш береді.Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті орган кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық құнын (бағасын) бекітеді және 2021 жылға дейін мораторий жарияланған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
2 Мемлекет егер жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, оны алып қоюы мүмкін бе? Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес – жер учаскесін игерудің мерзімі мен жағдайларын жергілікті атқарушы органдармен осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындалады.Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
3 Жер учаскесін жалға алу шартын ұзарту үшін қандай органға және қандай мерзімде өтініш білдіру қажет? ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес - Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4 Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін қалай алуға болады? Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда), Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабындағы 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырылады.Сауда-саттық, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Жер учаскелерінің сауда-саттыққа шығарылатыны туралы ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарында және сатушының интернет-ресурсында жарияланады.
5 Жер учаскесінің нысаналы мақсаттылығы бойынша пайдалануын тексеру үшін қай органға өтініш білдіруге болады? Қолданыстағы Жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, өзге де уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өз құзыретінің аясында жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы саласында
1 Астық нарығын мемлекеттік реттеу қалай жүзеге асырылады? Астық нарығына қатысушыларының қызметтерін мемлекеттік реттеу төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:1) уәкілетті органмен бекітілетін біліктілік талаптарының негізінде астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиялау;2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу; 3) Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелінген зертханалардың қызметін бақылау;4) астық қолхаттары айналымын құқықтық реттеу;5) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтерді жүзеге асыруды лицензиялық бақылау.
3 Инвестициялық субсидия төлеу кезінде қандай талаптар қойылады? Субсидиялауға операторға өтініш берілген жылға дейін екі жылдан кеш емес уақыиқа пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, субсидиялауға инвестор инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде шеккен инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықты сатып алуға кеткен шығыстар жатады.Инвестициялық субсидияны есептеу іс жүзінде салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу пайызы Жобалар төлқұжаттарының тізбесінде қарастырылған өтеу нормативіне сәйкес белгіленеді.
Кәсіпкерлік саласында
2 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдаралмасының аясында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен қандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі? «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдаралмасының аясында 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:- кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру;- мемлекеттік гранттар беру;- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету.
3 «Өнеркәсіпте еңбек өнімділігі» көрсеткіші нені сипаттайды? Еңбек өнімділігі — бұл нақты өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген жалпы өнімінің көлемін сипаттайтын көрсеткіш және бір жұмысшыға ақшалай көріністе есептеледі.
Әлеуметтік салада
1 Оралман мәртебесін алу үшін қандай құжаттарды ұсыну керек? 1) Өмірбаяны (еркін нысанда); 2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті; 3) нотариат куәландырған аудармасымен өтініш білдіруші үміткердің және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері; 4) үміткердің Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалардағы 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері;5) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) берілгені туралы анықтаманың көшірмелері не ЖСН бар екендігін растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.
2 Мен туу туралы куәлікті қайта алғым келді, куәлікті немесе азаматтық хал жағдайының актілерін қайта алу үшін қандай құжаттар керек екенін айтыңызшы? Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген Қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға қызмет алушының немесе оның өкілетті өкілінің өтінгені кезінде ұсыну керек:1) мемлекеттік қызметті алушыға алуға қажетті құжат түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтама) және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;
4) қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.Мемлекеттік корпорациясының қызметкері құжаттардың көшірмелері салыстырады, содан кейін көрсетілетін түпнұсқаларын қызметті алушыға қайтарады және өтініш берушіге қолхат береді.
3 Стационар жағдайында (интернат-үйлері)арнаулы әлеуметтік қызмет алуға қандайсанаттағыазаматтардың құқығы бар ? Стационарлықүлгідегіұйымдарғаарналғантәулікбойытұрақтынемесеуақытша (үшайғадейінгімерзімге) тұруға:
1) арнаулы әлеуметтік қызмет стационар жағдайында, балаларға үш жастан он сегіз жасқа дейінг імұқтаж көрсетуге мұқтаж, салдарында:барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы (көмекші) сыныптарында арнайы білім беру түзету ұйымдарының (бөгдеадамның көмегінсіз жүреалатын, өзін күші ауырлық қозғалыс бұзушылықтар, жеке күтімді қажет ететін) оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар; мамандандырылған мектеп-интернаттарында оқуды қиындататын, соқырлық (нашар көрушілік) немесе кереңдігі (нашар естушілік) барлық дәрежедегі ақыл-есі кемістігі, оның ішінде болған кезде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар;көп дегенде төрт реттен аспайтын ақыл-есінің кемдігі бар қояншық (соның ішінде симптоматикалық) ұстауы; нәтижелі симптоматикасыз ақауы анық білінетін шизофрения; миға келтірілген органикалық зақымы кесірінен ақыл-ой кемдігі. 2) стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтажақыл-ойы бүтін ТҚА бұзылғанүш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды; 3) стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағытұлғаларға, салдарынан: барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы (көмекші) сыныптарында арнайы білім беру түзету ұйымдарының (бөгде адамның көмегінсіз жүре алатын, өзін күші ауырлық қозғалыс бұзушылықтар, жеке күтімді қажет ететін) оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар; мамандандырылған мектеп-интернаттарында оқуды қиындататын, соқырлық (нашар көрушілік) немесе кереңдігі (нашар естушілік) барлық дәрежедегі ақыл-есі кемістігі, оның ішінде болған кезде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар; жіті психотикалық симптоматикасы болмаумен сипаттанатын, жарыместігі немесе өрескел көріністерінің психикалық кемістігі бар психикалық аурулардың ұзаққа созылатын түрлері; психотикалық симптоматикасының күшеюсіз жеке тұлғаның ақауы айқын асқынған шизофрения;
көп дегенде төрт реттен аспайтын ақыл-есінің кемдігі бар қояншық (соның ішінде симптоматикалық) пен ілеспелерімен қоса ұстауы;
бас миының жұқпалы және басқа да органикалық аурулары салдарынан (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиты, мидың мерезі басқа да инфекциялық және органикалық аурулары) құбылыстарымен ақыл-есінің кемдігі; ақыл-есі кемдігі айқын ақау құбылыстармен созылмалы алкоголизм;
өзгертілген сананың анық білінетін психомоторлық алаңдаушылық және ұзақ немесе патологиялық қайталама түрлері жоқ ақыл-есінің кемдігі құбылыстарымен тамыр және сенильных аурулары;
4) денсаулық жағдайы бойынша өзін өзі күте алмайтын және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуіне мұқтаж мүгедектерді, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы жоқ немесе еңбекке жарамды кәмелеттік жасқа толған балалары, жұбайы бар, олар объективті себептерімен (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандықтан, наркологиялық диспансерде есепте тұрған немесеел шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен, қосымша жұбайы үшін егде жасқа жеткен) тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өзінің жұмысқа жарамсыз қамқорлықа мұқтаж ата-аналарын күтіп бағуға міндетті;
5) зейнеткерлік жасына жеткен, егде тұлғаларды, «Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңымен белгіленген, денсаулық жағдайы бойынша өзін өзі күте алмайтын және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуіне мұқтаждарды, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы жоқ немесе еңбекке жарамды кәмелеттік жасқа толған балалары, жұбайы бар, олар объективті себептерімен (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандықтан, наркологиялық диспансерде есепте тұрған немесеел шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен, қосымша жұбайы үшін егде жасқа жеткен) тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын)
Білім саласында
1 Сәлеметсіз бе! Қыркүйек айының ортасында менің ұлым 6 жасқа толады. Біз дайындық сыныбын аяқтадық, бізді мектепке қабылдайды ма? «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (31-бап) және «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысына сәйкес, дайындық деңгейіне қарамастан, ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте 6 (7) жасқа толған балалар 1-сыныпқа оқуға қабылданады. Өкінішке орай, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, мектеп әкімшілігі сіздің балаңызды оқуға қабылдай алмайды.
Архив ісі
2 Еңбек өтілін растау үшін архивтік анықтаманы қалай алуға болады? Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 наурыздан №57 бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ақмола облысының мемлекеттік архивінде жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Қызмет көрсетуінің кеңесі (мемлекеттік архив) 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелері; 3) «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Мәдениет саласында
1 Аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін қанша мерзім өткен соң ескерткіш орнатуға болады «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығына сәйкес, аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату арқылы мәңгі есте қалдыру аса көрнекті тұлғаның қайтыс болған немесе тарихи оқиғаның болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң жүзеге асырылады.
Дата публикации
11 сентября 2020
Дата обновления
11 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы