Нұрмағамбет Сағынайұлы (1848-1925) халық арасында «Паң Нұрмағамбет» есiмiмен әйгiлi. Ол өте бай адам болды, асыл тұқымды жылқыларды өсiрдi, аң аулауды жақсы көрдi. Паң Нұрмағамбет мазары Ақсу кентiнiң шетiнде, Степногорск қаласының жанында орналасқан. 1891 жылы Николай II Омбыға барған кезде Паң Нұрмағамбет үлкен ақ киiз үйдi қойып, Ресей патшасына 1 мың жылқыны сыйға тартты. Киiз үйдiң безендiрiлуi соншалықты әдемi болған, оны 20 ғасырдың басында Нижний Новгородтағы Бүкiлресейлiк көрмеде, содан кейiн Париждегi ЭКСПО көрмесiнде алғаш рет көрмеге қойылды. Қазiргi уақытта кигiз үй Санкт-Петербургтегi Эрмитажда сақтаулы. Мұсылман болған Нұрмағамбет, қасиеттi Меккеге төрт рет қажылыққа барған.
