«Юность» мүсiнi қаланың жас құрылысшыларына арналған. «Юность» атты кинотеатрының жанында орналасқан (қазiргi «Эстрада театры»). Авторы мәскеулiк мүсiншi, Ресей Федирациясының еңбек сiңiрген суретшiсi Наталья Николаевна Вяткина. Бұл мүсiнде жас жiгiттер мен әйелдердiң сүйiспеншiлiк пен достыққа, бейбiтшiлiк пен қуанышқа толы шығармашылық жұмысына деген романтикалық талпынысы ерекше атап өтiледi.
