Степногорск қаласы тұрғындарының назарына!
Бөлiм бес Мемлекеттiк қызмет көрсетедi:
"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" — 14
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру" — 47
"Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елдi мекендердегi жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға рұқсат беру" — 10
"Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсу" — 55
"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау"
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар тапсырылған күннен — 16 (он алты) жұмыс күнi.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: қағаз түрiнде.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.
Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтiнiш-сауалнама;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама (мөрмен және қол қоюмен расталған көшiрме);
3) iске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарды қоса бере отырып, еркiн нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы;
4) Бағдарламаға қатысуға мүмкiндiк беретiн шарттарда жобаны iске асыру үшiн кредит беру мүмкiндiгi туралы оң шешiмi бар ЕДБ хаты.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң жалпы саны — 126
Анықтама үшiн телефон: +7(71645)62530