ЖОБА
Степногорск қаласының
әкiмшiлiк шекараларындағы
Степногорск қаласы,
елдi мекендер жер учаскелерiне
жер салығының базалық
ставкаларын жоғарылату
(төмендету) туралы
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 387-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Осы шешiмнiң 1, 2 қосымшаларына сәйкес Степногорск қаласының әкiмшiлiк шекараларындағы Степногорск қаласы, елдi мекендер жер учаскелерiне жер салығының базалық ставкалары жоғарылатылсын (төмендетiлсiн).
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Н. Подолько
Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ. Көпеева
«КЕЛIСIЛДI»
Степногорск қаласының әкiмi
Ә. Күмпекеев
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттiк кiрiстер комитетi
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң
Степногорск қаласы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы»
Республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
С. Қойшыбаев
Степногорск қалалық
мәслихатының
2016 жылғы ___ қазандағы
№ 6С-10/___ шешiмiне
1-қосымшасы
Степногорск қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
| Аймақтардың нөмірлері | Жер салығының базалық ставкаларынжоғарылату (+) төмендету (-) пайыздары |
| I | +50 |
| II | +40 |
| III | +35 |
| IV | +30 |
| V | +20 |
Степногорск қалалық
мәслихатының
2016 жылғы ___ қазандағы
№ 6С-10/___ шешiмiне
2-қосымшасы
Степногорск қаласының әкiмшiлiк шекараларындағы елдi мекендер бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
| Аймақтардың нөмірлері | Жер салығының базалық ставкаларынжоғарылату (+) төмендету (-) пайыздары |
| VI | +50 |
| VII | +20 |
| VIII | +10 |
| IX | 0 |
| X | -10 |
| XI | -20 |
| XII | -50 |