«Степногороск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (индекс 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, № 1 ғимарат, 76 кабинет, анықтамалық үшiн телефон: 8-716-45-6-19-08, 8-716-45-6-34-10, (электронды пошта: selhoz@stepnogorsk.gov.kz) Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлiмi жанындағы «Степногорск Ветсервис» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына басшы лауазымының бос орнынына конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргiзу, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу Қағидасына сәйкес жүргiзiледi.
Құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде ұсынылуы тиiс.
Кәсiпорын басшысы лауазымына кандидатураны iрiктеу кезiндегi негiзгi талаптар:
1) жоғары бiлiмiнiң болуы;
2) басқару органдарында басшылық лауазымда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлiнiң болуы болып табылады.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: кәсiпорынды жарғысына сәйкес басқару, ветеринария саласында кәсiпкерлiк функцияларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Жалпы конкурсқа қатысу үшiн келесiдей құжаттар қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) бекiтiлген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оған бақылаушылар шақырылады.