«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлiмi» ММ өсiмдiк шаруащылығы саласында 4 мемлекеттiк қызмет түрiнен қызмет көрсетедi.
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау
Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
Барлық мемлекеттiк қызметтер мемлекеттiк қызметтердiң бекiтiлген стандарттарына сәйкес қамтамасыз етiледi. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтер көрсету мерзiмi туралы, құжаттар жиынтығын Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлiмiне хабарласу арқылы алуға болады: 8 (71645) 6-19-08, 6-34-10.