Бруцеллез-жұқпалы ауру, әсiресе, жиi тiрек-қимыл аппаратының зақымдануы, қызба, тамыр, жүйке және басқа да жүйелердiң зақымдануы. Адамдар үшiн бруцеллездiң негiзгi көзi ұсақ, iрi қара мал және шошқа болып табылады.
Жеке аулаларда мал ұстайтын адамдар бруцеллез ауруының алдын алу үшiн:
Жануарларды ветеринариялық пунктте тiркеудi жүргiзу, жануарға
ветеринариялық паспорттың үзiндiсiмен сәйкестендiру нөмiрiн алу;
Сатып алу, сату, союға өткiзу, жайылымға шығару , жайылымға
орналастыру және басқа да барлық орын ауыстыру тек ветеринариялық қызметтiң рұқсатымен жүргiзiледi.
Қайта сатып алынған жануарларды ветеринариялық зерттеу және
өңдеу үшiн карантиндеу.
Бруцеллезге күдiгi бар аурудың барлық жағдайлары (түсiк тастау,
өмiр сүруге қабiлетсiз төлдiң тууы) туралы ветеринариялық қызметтi хабардар ету.
Мал ұстау бойынша ветеринарлық қызметтiң ұсынымдарын сақтау.
Халық арасында бруцеллез жұқтырудың алдын алуға мүмкiндiк беретiн ұсыныстар:
Қатаң белгiленген орындарда (базарлар, дүкендер, шағын-маркеттер
және т.б.) өнiмдердi сатып алу.
Жеке тұлғалардан сатып алынған шикi сүттi пайдалануға жол
бермеу.
Еттi дайындау кезiнде-кемiнде бiр сағат термиялық өңдеу арқылы
шағын кесектермен дайындау.
Бруцеллезбен ауырғандар анықталған жағдайда он бес күн мерзiм
iшiнде жануарларды санитарлық сою (қатаң түрде сою пункттерiнде сою), ал ауру мал ұсталған үй-жайларда механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргiзу қажет.
Сондай-ақ эпидемиялық көрсеткiштер бойынша жылына бiр рет медициналық мекемелерде, келесi жұмыстарды орындайтын адамдарға профилактикалық тексеруден өту қажеттiгiн бiлу қажет:
малдардың бруцеллезбен ауруы тiркелетiн шаруашылықтардан
алынған мал шаруашылығы шикiзаттары мен өнiмдерiн дайындау, сақтау, өңдеу бойынша;
бруцеллезбен ауыратын малды сою, одан алынған ет пен ет
өнiмдерiн дайындау және қайта өңдеу бойынша;
және бруцеллезбен ауыратын жануарлар иелерiне.