«Степногорск қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» ММ 2019 жылдың 20 қаңтарынан бастап «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау» өтiнiмдерiнiң басталатыны туралы хабарлайды.
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
- iрi қара малдың, қойлардың, шошқалардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ балараның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргiзуге жұмсалған шығындарды арзандату;
- отандық және шетелдiк шаруашылықтардан асыл тұқымды немесе таза тұқымды iрi қара малдың аналық басын, еттi бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын, асыл тұқымды тұқымдық қошқарларын, өнiмдiк бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларын, асыл тұқымды тұқымдық түйелерiн, асыл тұқымды және таза тұқымды шошқалардың аналық басын, асыл тұқымды ешкiлердiң аналық басын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;
- отандық және шетелдiк шаруашылықтардан құстардың еттi бағыттағы ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы асыл тұқымды тәулiктiк балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;
- республикалық палаталарда тiркелген құс фабрикаларында алынған құстардың жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы асыл тұқымды тәулiктiк балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;
- оператордың тауарлық табынның/отардың өсiмiн молайту үшiн пайдаланылатын еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын/асыл тұқымды тұқымдық қошқарларын күтiп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;
- жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық табынның өсiмiн молайту үшiн пайдаланылатын еттi, сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтiп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;
- сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының сатып алынған бiр жынысты немесе қос жынысты ұрығының құнын арзандату;
- асыл тұқымды және дистрибьютерлiк орталықтардың шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерiнде сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының ұрығымен iрi қара малдың аналық басын, сондай-ақ қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтерiн субсидиялау;
- эмбриондарды телу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi субсидиялау;
2) мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:
- сыйымдылығы бiр уақытта кемiнде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшiн өткiзiлген бұқашықтардың құнын арзандату;
- сыйымдылығы бiр уақытта кемiнде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарының бұқашықтарды бордақылауы кезiндегi шығындарды арзандату; iрi қара малды союмен және етiн бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеушi кәсiпорындардың сиыр етiн дайындау құнын арзандату;
- өткiзiлген қозылар құнын арзандату;
- құс етiн (бройлер тауығының етiн, күркетауық, суда жүзетiн құс етiн), тағамдық жұмыртқа (тауық жұмыртқасы), сүт (сиырдың, биенiң, түйенiң сүтi), биязы және жартылай биязы жүн өндiру құнын арзандату;
- сүттi бағыттағы аналық мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
тиiстi айда квота мен қаражат болған жағдайда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға құжаттар тапсырған сәттен бастап — 17 (он жетi) жұмыс күнi, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыру бойынша — 16 (он алты) жұмыс күнi;
Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi; Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi қарастыру нәтижелерi туралы хабарлама не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша бас тарту туралы дәлелдi жауабы.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.
Анықтама үшiн телефоны: 6-99-65, 6-34-10