"Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес "Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызметтер Стандартын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығын негiзге алынып мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi:
1) психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға;
2) тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегiз жастан асқан мүгедектерге;
4) «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексiне сәйкес өздерiнiң ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективтi себептер бойынша (бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгiнiң, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшiн — егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтiммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж өзiне-өзi қызмет көрсете алмайтын тұлғаларға және бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге.
Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасы) тұрғылықты жерi бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органдарына құжаттарды келесi жолмен бередi:
1) өтiнiшi;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);
4)стандартқа сәйкес медициналық карта;
5)мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;
6) он сегiз жастан асқан адамдар үшiн — соттың адамды әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
7) зейнет жастағы тұлғалар үшiн — зейнетақы куәлiгiнiң көшiрмесi;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген тұлғалар үшiн — Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегi және оларға теңестiрiлген тұлға мәртебесiн растайтын куәлiктiң көшiрмесi.
Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары қызмет алушыларға қайтарылады.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi құжаттардың топтамасын тiркеген сәттен бастап — 17 (он жетi) жұмыс күнi;
Бiздiң телефондар 6-22-65,6-20-30 «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» әкiмдiк ғимараты.