Үй жағдайында арнаулы әлеуметтiк көмек алу үшiн, денсаулығына және жас ұлғаюына байланысты өзi-өзiне қызмет көрсетуге қабiлетсiз, сондай-ақ жақын туысқандары жоқ жалғыз басты қарттар және 1,2 топ мүгедектерi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне өтiнiш берулерiн сұраймыз.
Байланыс телефондары: 6-22-65,6-11-33
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму Министрлiгiмен қазiргi заманғы көп функциональды құрылғылар үшiн тифлотехникалық қаражат, ескiрген сурдоларды ауыстыру мүгедектерге ұсынылатын көмекшi (компенсаторлы) техникалық құралдар тiзiмiнiң арнасы бойынша жұмыс өткiзiлдi.
Көмекшi (компенсаторлы) техникалық құралдар тiзiмiне сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мүгедектер үшiн сурдотехникалық құралдарды қажет ететiн видеокомпьютермен бiрге веб-камералы ноутбук берiледi.
Тифлотехникалық құралдарды қажет ететiн мүгедектер үшiн сөйлеу синтезiн экрандық қолжетiмдi бағдарламамен қамтамасыз ету ноутбугы. Диктофондар дауысы бар хатпен мобильды телефонмен және диктофонмен ауыстырылатын болады.
Көкшетау қаласы облыстық медициналық-әлеуметтiк-эксперттiк комиссиямен әзiрленген Реабилитацияның жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi реабилитацияның техникалық құралдармен қамтамасыз ету өтетiн болады.
Сонымен қатар әлеуметтiк бағыт қызметi саласында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (әрi қарай Қор) 2016 жылдың желтоқсан айына Қордың iшкi сайтында «Электронды сервисының» бөлiгiнде 1 және 2 топтағы мүгедектерге қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн электронды өтiнiм iске қосылды (мерзiмсiз).
Жұмыс ыңғайлы болуы үшiн Қор сайтында www.enpf.kz нашар көретiндерге арналған нұсқа орнатылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi