Меню

Страницы

Статья

Жаңа форматтаға атаулы әлеуметтік көмек

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап үш қолданыстағы әлеуметтiк төлемдердi тағайындау үшiн аз қамтылған азаматтар үшiн бiрыңғай жәрдемақы бiрлестiгi көзделедi — жаңа форматтағы АӘК.

АӘК жаңа форматта, аз қамтамасыз етiлген азаматтарға (отбасыларға) қолдаудың үш түрiн бiр пакетте ұсынылады:

Атаулы әлеуметтiк көмек төлеу.

Еңбекке жарамды адамдар жұмыс берушiлер ұсынған бос жұмыс орындарына жiберiлуi мүмкiн.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту Бағдарламасы аясында мемлекеттiк қолдауды алатын түрi:

оқытуға, тұруына, жол жүру (басқа жерден келген), мемлекет есебiнен бiр мезгiл ыстық тамақ және шәкiртақы төлеу арылы оқуға жiберу;

- мемлекет есебiнен жалақыны субсидиялай отырып жастар практикасына, әлеуметтiк жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жiберу;

- жеке iсiн ашуға немесе бизнесiн кеңейтуге микрокредит беру.

Көрсетуге мемлекет кепiлдiк берген арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету үшiн мұқтаж адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету.

Жаңа форматтағы АӘК аз қамтамасыз етiлген азаматтарды немесе отбасыларды кедейлiктен шығу үшiн кешендi қолдаумен қамтиды

Бiрыңғай АӘК алу үшiн бiр пакет құжаттар дайындап, бiр мекемеге– Халықты жұмыспен қамту орталығына (ауылда — ауылдық округ әкiмiне) барып, өтiнiш жазу жеткiлiктi.

Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi: БАЗАЛЫҚ ПАКЕТ

1) отбасының әр мүшесiне жеке куәландыратын құжат,

2) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәлiметтер.

3) банк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;

4) (13.08.2007 ж дейiн регистрация бойынша) баланың (барлық балаларға) туу туралы куәлiгi;

5) (2008 ж. 1 маусымнан регистрация бойынша,) өтiнiш берушiнiң деректерi баланың туу туралы куәлiгiндегi деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке тiркеу (бұзу) туралы куәлiк.

Отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi үшiн мыналар қоса берiледi:

1) жұмыс iздеп жүрген адам ретiнде тiркелген өтiнiш;

2) еңбек қызметiн растайтын құжат (болған жағдайда);

3) бiлiм туралы құжат, бiлiктiлiгi, арнайы бiлiмi немесе кәсiби дайындығы (бар болған жағдайда).

АӘК мөлшерi тұлғаға (отбасына) орташа жан басына шаққандағы отбасы табысы және отбасының әрбiр мүшесiне 50% ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң есебiнен арасындағы айырма ретiнде есептеледi.

Мысалы, 2018 жылы ең төменгi күнкөрiс деңгейi 28284 теңгенi құраса, АӘК 14142 теңге (бұл 28284 тг — 50%) отбасының жан басына шаққандағы табысы мысалға 7600 тг арасындағы айырма ретiнде есептеледi, нәтижесiнде 6542 теңгеден отбасының әрбiр мүшесiне соңғы 3 ай iшiнде шартсыз және 6 ай iшiнде шартты ақшалай көмек көрсетiледi.Отбасының барлық мүшелерi сол бiр мекен-жай бойынша жазылуы және нақты тұруы тиiс

МЕМЛЕКЕТ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙДЫ,ТЕК ФОРМАТТАРЫ ӨЗГЕРДI!!!

Дата публикации
08 сентября 2020
Дата обновления
08 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы