«2019 жылғы Степногорск қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары туралы» Степногорск қ. әкiмi Е.Е. Баяхметовтың сөз сөйлеу тезисi
2019 жылдың қорытындысы бойынша Степногорск өңiрiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң оң динамикасы қамтамасыз етiлдi.
Өнеркәсiп
Ақмола облысының жалпы көлемiндегi Степногорск қаласының үлесi 21,4% құрады.
164,4 млрд. теңгеге өнеркәсiп өнiмi өндiрiлдi, өнеркәсiп өндiрiсiнiң индексi 104,8% құрады. Қала құраушы және орта кәсiпорындардағы өндiрiстiң өсуiнiң арқасында өсуге қол жеткiзiлдi.
2019 жылы өнiмнiң негiзгi түрлерiн өндiру:
- алтын — 5,1 тонна,
- мойынтiректер — 30 657 тонна,
- уран — 1672 тонна,
- мыс концентраты — 10,1 мың тонна,
- күкiрт қышқылы — 165,3 мың тонна,
- өсiмдiктердi қорғау құралдары — 3846 мың тонна,
- қысқы дизель отыны — 24,1 мың тонна,
- этил спиртi — 1750,2 мың литр,
- жылу энергиясы — 821 мыңГкал,
- электр энергиясы — 832,7 сағ/млн.кВт.
Инвестициялар
2019 жылы қала экономикасына 26,6 млрд. теңге инвестиция салынды,нақты көлем индексi 112,9% құрады.
Ең үлкен үлес салмағы кәсiпорындарға тиесiлi: «Қазақалтын Technology» ЖШС — 42,3%, «Қазақалтын» ТМК» АҚ — 18, Степногорск водоканал ШЖҚ МКК — 15%.
Кәсiпкерлiк
Әр түрлi салаларда 3,4 мың шағын және орта бизнес субъектiсi қызметiн жүзеге асырады. Тiркелгендердiң iшiнде жұмыс iстеп тұрған субъектiлердiң үлесi 88% құрады және 2018 жылмен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа өстi.
Барлық деңгейдегi бюджеттерге шағын бизнестен 2,5 млрд.теңге салық түстi, өсу қарқыны 107,5% құрады.
«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 21 жоба субсидияланып, 4,8 млн.теңге сомасына 2 грант алынды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша 2 жоба қаржыландырылды.
Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту «Еңбек» бағдарламасы бойынша 240,1 мың теңге сомасына 40 шағын несие және 27,5 млн.теңге сомасына жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 82 мемлекеттiк грант берiлдi.
Қалалық бюджеттi және «Даму» қорын аймақтық бiрлесiп қаржыландыру бағдарламасы бойынша, жеңiлдiк ставкасы бойынша өнеркәсiп және медицина салаларында жалпы сомасы 60 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды.
Бизнестiң жаңа нысандары ашылды: «Лимфа Си» медициналық орталығы, «Галактика» дүкенi, скандийдi өндiру учаскесi, 2 модульдi АГҚС, «Додо Пицца» пиццериясы, Бестөбе кентiндегi «Жасмин» балабақшасы.
«Атамекен» ҰКП филиалы халықты кәсiпкерлiк негiздерiне оқытады.
Бөлшек тауар айналымы 28,7 млрд. теңгенi құрады, нақты көлем индексi-100% .
Әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында көп жылдық негiзде апта сайын Степногорск өңiрiнiң тауар өндiрушiлерiнiң, облыстың жақын аудандарының және Нұр-Сұлтан қаласының қатысуымен жәрмеңкелер өткiзiледi, онда бiр жыл iшiнде 700 млн.теңгеден астам сомаға немесе өткен жылдың кезеңiне 104,5% өнiм сатылды.
Бюджет
Қала бюджетiнiң меншiктi кiрiстерi бойынша жоспардың орындалуы 106,7% немесе 3672,8 млн.теңгенi құрады, 2018 жылға қарағанда өсiм 103,2% құрады.
Жалпы, бюджеттiң барлық деңгейiне 24,9 млрд.теңге немесе жоспарға 112% түстi, өсу қарқыны 105,4% құрады.
Бюджеттiң шығыстары бойынша жоспардың орындалуы 100% құрады, 12,9 млрд. теңге игерiлдi.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнiм шығару 5 млрд. теңгенi құрады, жалпы өнiмнiң НКИ — 102,8%, мал мен құс басы өстi.
2019 жылы Степногорск өңiрiнiң ауылдарында 5 мал бордақылау алаңы, шағын құс фабрикасы, үй қоянын өсiру фермасы ашылды.
Алаңдардың электрондық карталарын қалыптастыру бойынша жұмыстар 100% орындалды .
Құрылыс
Жедел деректер бойынша құрылыс жұмыстарының көлемi 6,9 млрд.теңгенi құрады, нақты көлем индексi — 82,9%. 13,1 мың шаршы метр — тұрғын үй пайдалануға берiлдi, немесе 2018 жылға 133%.
Соңғы 30 жылда алғаш рет «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2019 жылы қалада тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар басталды:
екi 45 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы басталды;
екi 45 пәтерлi тұрғын үйге инфрақұрылым жүргiзiлдi;
20-шы шағын ауданның ЖТҚ электрмен жабдықтау желiлерiнiң құрылысы аяқталды (2 кезек, 1-шi кезең);
- тағы екi 45 пәтерлi үйдiң құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi;
Заводской, Ақсу кенттерiн және Қарабұлақ ауылын дамыту және салу схемалары әзiрлендi;
- жеке инвестор есебiнен 7-43/3 (2,8 мың шаршы метр) үйдiң құрылысы аяқталды.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн «Шоқы-305» су тазарту құрылыстарын ауқымды қайта құру жобасы аяқталуда.
Қаланы абаттандыру аясында 2019 жылы келесi жобалар iске асырылды:
- Спорт Сарайының алаңында Қ. Мұңайтпасовқа ескерткiш орнатылды және балалар алаңдарын, шағын сәулет түрлерiн, жарықтандыру орнату арқылы алаңның абаттандыруы жүргiзiлдi;
- орман саябағы аймағында орташа жөндеу жүргiзiлдi;
5 балалар алаңы орнатылды;
- Степная, Новосибирская, Жастар көшелерiндегi жарықтандыру қалпына келтiрiлдi.
Көше-жол желiсiн жақсарту бойынша: — жалпы ауданы 12 мың шаршы метр орамiшiлiк жолдарды ағымдағы жөндеу (4 ш/а. және 6 ш/а.), жалпы көлемi 5 мың ш. м. қаланың 6 орталық көшелерiнiң шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Степногорск-өнеркәсiптiк аймағы автомобиль жолының 5,8 — 16,5 км учаскесiндегi орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы осы жолдың қалған 0-5,8 км учаскесiнде жұмыстарды аяқтау жоспарланған.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау
Еңбек нарығында 462 тұрақты және 772 уақытша жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмысқа 2372 жұмыссыз орналастырылды, жұмысқа орналасу деңгейi 99,4%, тiркелген жұмыссыздық деңгейi — 0,2% құрады.
Орташа айлық жалақы мөлшерi 160 208 теңгенi немесе 2018 жылға 110,6% құрады.
Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту Бағдарламасы аясында 2974 адам мемлекеттiк қолдауға ие болды.
2019 жылы әлеуметтiк көмек көрсетуге 344,4 млн.теңге бөлiнiп, 6782 адам қамтылды. «Ардагерлер ұйымы» ҚБ егде жастағы 15 адамға жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетiлдi. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта 17 отбасына (52 адам) көмек көрсетiлдi.
Ерекше қажеттiлiктерi бар адамдардың өмiр сүру сапасын жақсарту мақсатында 2019 жылы 63 адам жұмысқа орналастырылды. «Инватакси» қызметi 65 адамға, жеке көмекшi және сурдоаудармашы- 61, жартылай стационар жағдайында -психоневрологиялық аурулары бар 26 адамға көрсетiлген.
Бiлiм беру саласында 22 жалпы бiлiм беретiн мектепте оқушылар саны 9733, 13 мектепке дейiнгi ұйымға 2882 бала барады. 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалар 100 мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылған.
2019 жылдың қорытындысы бойынша бiлiм сапасы 63% құрайды. Бiлiм беру процесiн 1154 педагог жүзеге асырады, оның iшiнде жоғары және бiрiншi санатты — 64,2%.
14 түлек «Алтын белгi», 11 түлек үздiк аттестат алды.
2019 жылы бiздiң педагогтар мен оқушылар республикалық және облыстық байқауларда қоржынға 710 жүлделi орын алып, қала намысын қорғады.
№ 4 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары республикалық зияткерлiк байқауда жеңiске жетiп, жолаушылар ұшағының инженерлiк-техникалық шешiмдерi бойынша инновациялық ұсыныстармен өнер көрсеттi, соның арқасында Крэнфилд университетiне (Ұлыбритания) оқу-танымдық сапарында болды. 5 «А» сынып оқушысы Темiрғали Олжас Стамбулда Мега-арифметика бойынша халықаралық жарыста 1 орынға ие болды.
Мектептiң бiлiм беру үдерiсiнде ақпараттық-коммуникативтiк технологияларды кеңiнен қолданады. Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi iске асыру аясында, «СтепногорскЭнегокомплекс» ЖШС және «Қазақалтын» ТМК» АҚ қолдауымен, талап етiлетiн мамандықтар бойынша оқушыларды кәсiби бағдарлау мақсатында № 4 мектеп-гимназиясында және Бестөбе кентiндегi №1 орта мектепте робототехника кабинетi ашылды.
2019 жылы бiлiм беру жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 178 млн.теңге, жөндеуге 88,8 млн. теңге бағытталды.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында туудың 1000 адамға шаққанда 14,1 — ден 14,7-ге дейiн артуы байқалады, жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi өткен жылдың деңгейiнде 1000 адамға шаққанда 10Туберкулезбен ауыру 100 мың адамға шаққанда 87 — ден 63,4-ке дейiн және бала өлiмi 1000 туылғандарға шаққанда 12-ден 9,4-ке дейiн төмендедi. Сонымен қатар, қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын өлiм — жiтiм 100 мың адамға шаққанда 215 — ден 224-ке дейiн, онкологиялық аурулардан-108-ден 145-ке дейiн өскенi байқалады. Денсаулық сақтау мекемелерiне 8 дәрiгер қабылданды
Материалдық-техникалық базаны нығайту шеңберiнде 140 млн.теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.
Орталық қалалық аурухана базасында 2019 жылғы шiлдеден бастап созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгiмен ауыратын науқастарға арналған амбулаториялық диализ орталығы («BBNURA» ЖШС)жұмысын бастады.
Дене шынықтыру және спорт
Халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылданумен қамту көрсеткiшi 33,6% құрайды.
2019 жылы қала құрамасы қысқы облыстық «Хрустальный колос-2019» спартакиадасында 4 жалпыкомандалық орынға, «Ақбидай-2019» жазғы облыстық спартакиадасында 3 жалпыкомандалық орынға ие болды.
Халықтың дене шынықтырумен және спортпен қамтылуын арттыру мақсатында 2019 жылы спорттық инфрақұрылымды кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылды:
- қалалық бюджет қаражаты есебiнен Заводский кентiнде алаң салынды,
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3 спорт алаңы салынды: «ЕПК-Степногорск» АҚ қолдауымен 5 шағынауданда, 6 шағын ауданда — «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС, Бестөбе кентiнде — «Қазақалтын» ТМК» АҚ.
2019 жылы мәдениет мекемелерiмен 1230 iс-шара өткiзiлдi, өткен жылға қарағанда 10% — ға өстi, келу саны 7% — ға өстi.
Материалдық-техникалық нығайтуға 26,6 млн.теңге, жөндеуге 38,6 млн. теңге бағытталды.
Қоғамдық қауiпсiздiк
2019 жылы Степногорск өңiрiнiң аумағында 661 құқық бұзушылық тiркелдi, 2018 жылға қарағанда 16,8% төмендедi. Қылмыстың ашылуы 83% құрайды.
Қылмыстың алдын алу және ашылуын жақсарту мақсатында қоғамдық орындарда және тұрғын үйлердiң аулаларында орнатылған бейнебақылау нысандарына қосымша, 2019 жылы Степногорск қаласының көше-жол желiсi бойынша полиция Басқармасына бейненi шығара отырып, 5 бейнекамералар орнатылды, орман-саябақ аймағы ауданында 4 бейнебақылау камералары орнатылды.