Меню

Страницы

Статья

2019 жылға арналған Бестөбе кенті әкімінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

2019 жылғы Есептiк кезеңде жеке тұлғалардан 158 өтiнiш, заңды тұлғалардан 2 өтiнiш келiп түстi. Өтiнiштер қаралды және олар бойынша шешiмдер қабылданды.

Жердi беру туралы 84 өкiм шығарылды. 87 111,75 мың теңге сомаға 158 нотариаттық iс-шаралар өткiзiлдi. Аппараттың жылдық бюджетi 56 066,0 млн. теңгенi құрайды. 17,9 млн. теңгеден астам жергiлiктi тиiстi салық жиналды.

2019 жылдың 12 ай iшiнде 5 — түрлi салық бойынша жалпы сомасы 20921,0 мың теңгеге салық жиналды, оның iшiнде КҚК:

1) 101 202 төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы — 6492,3 мың теңге;

2) 104,102 жеке тұлғалардан мүлiк салығы — 116,8 мың теңге;

3) 104 302 елдi мекендердегi жеке тұлғалардан жер салығы бойынша — 345,1 мың теңге;

4) 104401 заңды тұлғалардан алынатын көлiк салығы — 1094,1 мың теңге;

5) 104402 жеке тұлғалардын көлiк салығы — 12872,6 мың теңге.

Кент туралы ақпарат

Бестөбе кентiнiң аумағы 623,26 га құрайды, оның iшiнде 400,06 га тұрғын үй секторы.

Кентте 6686 адам тұрады, оның iшiнде еңбекке жарамды халық саны 4 184 адамды құрайды, оның iшiнде: 3 959 адам жұмыс iстейдi, 135 адам жұмыс iстемейдi, 460 адам зейнеткер, 83 адам мүгедек, ауылда 1714 отбасы бар, олардың 87-i көп балалы жанұя, 217-i толық емес жанұя.

2019 ж Көктемгi-күзгi әскерге шақыру кезеңiңде 112 шақырылушы Степногорск қ. ҚIЖБ қамтамасыз етiлдi, олардың 12-i әскерге қызметке жiберiлдi.

Өнеркәсiп

Кенттегi негiзгi өндiрiс «Қазақалтын ТМК» АҚ Бестөбе кентiнде тау-кен кәсiпорны болып табылады. Қызметкерлер саны — 1500 адам. 2019 жылы жергiлiктi тұрғындардан 72 адам жұмысқа орналасты.

«Қазақалтын Теhnology» алтын қорыту ЖШС. Қызметкерлер саны 300-ны құрайды. Жыл басынан берi жергiлiктi тұрғындардан 6 адам жұмысқа орналасты.

Кәсiпкерлiк

Кентте 118 жеке кәсiпкер тiркелген. Және оларда 200 адам жұмыс iстейдi.

2019 жылы Бестөбе кентiнде ЖК Кабикеева Г:С. «Жасмин» балабақшасы ашылды.

Ауыл шаруашылығы

Кентiмiзде 3 шаруа қожалығы бар (Алпысбаев Е., Ахметов Б., Майқанова Г.). Жалпы алғанда, ауылда 1126 аула бар, оның 456-ы қосалқы шаруашылыққа ие. Мал шаруашылығы: iрi қара мал (3400), жылқы (2404), (2852) ұсақ қара малы, (1367) құс. Қанның iрiктелуi (1360). Ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар ветеринар Малиев А.Г. жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, 2019 жылдың басынан бастап 325-ге дейiн қаңғыбас иттер жойылды.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау:

Жылдың басынан бастап, Бестөбе кентi әкiмiнiң аппараты ақылы қоғамдық жұмыстарға 14 адам, соның iшiнде кентiнiң әкiмдiгiне 14 қабылданды. Жастар тәжiрибесiне, 3 қызметкер жұмысқа қабылданды, оның iшiнде 2-i Бестөбе кентiнiң әкiмдiгiнде және 1-i «Рауан» МҮ. Бестөбе кентiнiң әкiмдiгi кәсiптiк дайындық пен қайта даярлауға 10 адам жiбердi.

Ақылы әлеуметтiк көмек алушылары 2019 жылдың қаңтарынан бастап қараша айына дейiн — 42 отбасына берiлдi. 18 зейнеткерге көмiр сатып алуға ақылы көмек берiлдi. Өтiнiштер бойынша әлеуметтiк көмек — 54 адам 1 292 025 тг. Бұл туберкулезбен ауыратын науқастарға, онкологиялық науқастарға, «D» группасындағы балаларға және мүгедектерге арналған.

Жеке кәсiпкерлер мен «Қазақалтын» ТМК »АҚ,« Қазақалтын Tehnology »ЖШС тұрғындарға материалдық көмек көрсетуге белсене қатысады Жыл басынан берi 2 млн.теңге көлемiндегi мерекелiк шараларға әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Тамызда «Мектепке жол» акциясы жалпы сомасы 650 мың теңге болатын 100 бала қамтыды, оларға киiм-кишек, мектепке арналған құралдар берiлдi. Бұл акцияға бюджеттiк ұйымдарда қатысты.

Құрбан айт мейрамына қарсы « Қазақалтын Tehnology »ЖШС 16 отбасыға қой еттерi ұсынды.

Қазан айында қарттар күнiне орай 150 зейнеткер шақырылып, Жалғыз тұратын 14 зейнеткерге азық-түлiк пакетi таратылды. Демеушiлер: « Қазақалтын ТМК» АҚ, Аипов С.Н., Дүйсенова Г.С., Алпысбаев С.Т, Абильшенов Ғ.С, «Таукен» ЖШС. «Каскад» ЖШС мен ЖК Кендербаева 12 жалғызбасты зейнеткерлерге 18 мың.тг болатын соммаға көмек көрсеттi, Сондай-ақ, «ҚазақалтынТМК» 276 зейнеткерлерге 759 мың теңге көлемiнде материалдық көмек көрсеттi.

Мемлекет және жеке меншiк әрiптестiк аясында «Қазақалтын ТМК» АҚ және «Қазақалтын Tehnology» ЖШС, «Гном», «Тимур» дүкендерi жағдайы төмен және мүгедек балаларға жаңа жыл мерекесiне орай 163 дана сыйлықтар тарту еттi.

Абаттандыру

Ағымдағы жылы Бестөбе кентiнде 4 көшемен «Жеңiс» саябағына, жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды құрайтын 136 жарық шамдары қойылды.

Аумақты тазарту үшiн Бестөбе кентi қоқыс пен көң шығару жұмыстарын МЖӘ аясында жеке кәсiпкерлермен жүргiзiп және «Қазақалтын ТМК» АҚ тарапынан арнайы техникалар берiлдi. 15 рет сенбiлiктер өткiзiлдi. 400 түп ағаштар мен бұталар.отырғызылды.

Тамыз айында Бейбiтшiлiк көшесiндегi ұзындығы 1,3 км болатын жаяу жүргiншiлерге арналған жолдың құрлысы аяқталды.

Қазан айында облыс бюджетiнен 20 млн.теңгеге К.А. Айгужин көшесiне ұзындығы 700 метрге тас жол салынды.

Кеттiң аумағын аббаттандыру аясында, бюджеттiк қаражат есебiнен мердiгер Калимулин Г.Т 2 млн теңгеге 6 iрi жиналған қоқыстардың 6 349 тоннасын шығару жұмыстарын жүргiздi. Сонымен қатар бюджеттiк қаражат есебiнен ЖК Абильшенов Ғ.С., 2млн. тг Бестөбе кентiнiң 10 көшесiн қыйыршық тастармен төседi.

200 мың теңгеге балаларға арнап крусель, 300 теңгеге ағаш кесу жұмыстары жүргiзiлдi.

2019 жылдың тамыз айында «Бестөбе кентi әкiмiнiң аппараты» ММ мен «Қазақалтын ТМК» АҚ мемарандум аясында Бестөбе кентiнiң Тың дала көшесiндегi 1250 тонна құрлыс қоқыстары шыңғарылды.

Тамыз айында кенттiң барлық ұйымдары екi рет "Бiрге Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты, Сiлетi өзенiнiң 9 км жағалауын тазартылып, 40 тонна қоқыс шығарылды.

Қазан айында кент аумағын абаттандыру аясында демеушiлiк қаржыға Бейбiтшiлiк көшесiне (ЖК Дюсенов О) шыршаларды отырғызылды. және (ЖК Заболотная О. дүкен 55555) 10 дана орындықтар мен 10 қоқыс жәшiктерiн орнаты.

Коммуналдық шаруашылық

Кентiң барлық үйлер пешпен жылыту арқылы жылытылады. Мекемелер мен ұйымдарда электр қазандар арқылы жылтылады. Бестөбе кентiнде жеке үйлердiң саны 946, көппәтерлi — 204 барлығы — 1150. Ағымдағы жылы майкөбелiк көмiрдi тасымалдау мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiк арқылы жүзеге асырылды. Күнкөрiсi төмен отбасыларға төмен бағамен 2000 тонна көмiр жеткiзу жөнiнде жеке кәсiпкерлермен және «Қазақалтын ТМК» АҚ — мен келiсiмге қол қойылды. Кентiмiзге барлығы 10000 тонна көмiр қажет. Көмiр бағасы — 14000 теңгеден 18000 теңгеге дейiн. Бестөбе кеншарынан шыққан зейнеткерлер үшiн — 11800 теңге.

Құқық тәртiбi

Бестөбе ПБ Жеке құрамның штаттық саны 20 бiрлiктi құрайды, сапта — 9 қызметкер және Нива және УАЗ екi автокөлiгi бар.

Тiркелген қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар — 271. Есепте 22 жағдайы төмен отбасы; 63 маскүнемдер, оның iшiнде 1 адам емдеуге жiберiлдi ЛТП; 8 — нашақор; 6 — бұрын сотталғандар; мерзiмiнен бұрын-шартты түрде сотталғандар — 3; қару иелерi — 61; шетелдiктер — 19. Полиция бөлiмшесiне 3951 адам жеткiзiлдi оның iшiнде Қазақстанның басқа өңiрлерiнен келген 2332 заңсыз алтын өндiрушiлер, және 633 адам жергiлiктi тұрғындар.

Әлеуметтiк сала

Бiлiм

Бiлiм беру жүйесiнде үш мектеп, оның iшiнде 2 орта және бiр негiзгi мектеп. Барлық мектептер бойынша бiлiм алатын оқушылар саны 1286, мұғалiмдер — 95. Сабақтар 2 ауысымда өткiзiледi.

Облыстық қаражат есебiнен (34 млн. 836мың тг) №1 БОМ — нiң мектеп ғимаратының шатырына жөндеу жұмыстары өткiзiлiп шатыры ауыстырылды.

Кенттiң негiзгi мектебiнде спорт алаңы ашылды (5 млн теңге, демеушi "Қазақалтын ТКК"АҚ). Және пластикалық терезелерi қойылып (сомма 984 мың тг), линолеума (2402 м сомма 84 тыс.тг),. ("Қазақалтын Technology" ЖШС демеушiсi жалпы сомасы 1 068 000 тг.)

Мектепке дейiнгi бiлiм беру

Бестөбе кентiнде қазiргi уақытта 3 жеке меншiк балабақша «ЖК Кабикеева Г.С. мен Оралбаева А». жұмыс iстейдi. Мектептер жанында мектепалды бiлiм беру бойынша 300-ден астам бала бар.

Мәдениет

"Рауан" МҮ-де 21 адам қызмет етедi, 250 адамға арналған көрермен залында мемлекеттiк мерекелер кезiнде әр-түрлi iс — шаралар мен сайыстар өткiзiледi. Мәдениет үйiнiң ғимаратында мүмкiндiгi шектеулi балалардың күндiзгi бөлмесi орналасқан, 194 адам шығармашылық ұжымдар мен әр-түрлi үйiрмелерге қатысады.

Бестөбе кентiнiң кiтапханасы мемлекеттiк кiтапхана болып қызмет етедi. Бүгiнгi күнi кiтапхананың қоры — 36885 кiтапты құрайды, оның iшiнде қазақ тiлiнде — 12374 кiтап. Оқырмандар саны — 1527 адам. Кiтапхана қызметкерлерi мүгедектерге үйлерiнде қызмет көрсетедi. Бестөбе кентiнде модульдiк кiтапхана ашылды.

Спорт

Кентiмiзде 1 стадион, 2 хоккейлiк корт, 2 жабдықталған спортзал мен заманауи шағын футбол алаңы бар.

Бестөбе кентiң спорт залында 100-ге жуық бала еркiн күрес және самбомен айналысады. Оның iшiнде еркiн күрес бойынша 20 спортшы халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық жарыстарда әртүрлi медаль жиынтығымен жүлделi орындарға ие болған. Ересек спортшылардың 8-i жауынгерлiк самбодан спорт шеберлiгiне үмiткерлер болып табылады. Сондай-ақ ат спортында көкпар, бәйге, теңге алу сынды спорт түрлерiде дамыған.

Осы жылдың желтоқсан айында еркiн күрестен "Жас ұлан" республикалық турнирi ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау

Бестөбе кентiнiң емдеу-сауықтыру орталығы Степногорск қаласының қалалық ауруханасының бөлiмiнiң 5 тәулiк бойғы және 18 күндiзгi емдеу орындары бар. Жедел жәрдем қызметi (1 бригада) жұмыс iстейдi.

Жұмысшылар саны — 15 адам, олардың iшiнде: дәрiгерлер — 3 адам,. Басты мәселе кадрлардың жетiспеушiлiгi бүгiнгi күнi де шешiлген жоқ (педиатр, терапевт, ЛОР, акушер-гинеколог, хирург, стоматолог, аспаз). Флюротексеру: 12 айдағы жоспары 98,% құрап (3045 адам) орындалды

2020 жылға жоспар:

1. №2 БОМ күрделi жөндеуi

2. Бекпай көшелерiн жарықтандыруы

3. Жолдарды жөндеу, ағаштарды кесу, көшеттердi отырғызу

4. "Қазақалтын ТКМК" АҚ — мен бiрлесiп құрылыс қоқыстарын шығару-3000 тонна.

Дата публикации
06 января 2020
Дата обновления
06 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы