Меню

Страницы

Статья

2019 жылға арналған Заводской кенті әкімінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Заводской кентi — қала типтес кентi. Целинный тау-кен-химиялық комбинаты бөлiмшелерiнiң құрылғаны негiзiнде, 1968 жылы кент кұрылған. Әкiмшiлiк бағынысында Степногорск қаласына жатады.

Кент алаңы 130 га, тұрғын-үй массивiмен шектеледi, тұрғындар саны 3833 адам.

Өнеркәсiп

Кентте өнеркәсiп ұсынылмаған. Бiрақ көптеген өнеркәсiп кәсiпорындар iргелес аумақта — қаланын өнеркәсiптiк аймағында орналасқан.

Шағын кәсiпкерлiк

Кентте шағын бизнес саласында 183 жұмыс орны ашылды. Кентте сауда-сатып алу қызметiмен және халыққа қызмет көрсетумен айналысатын 58 жеке кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асырады. Кентте 35 дүкен, 2 кафе, 1 ЖҚС, 2 ГҚС, 1 ТҚС, 3 шинажөндеу, 1 дәрiхана, 3 шаштараз, 1 киiм тiгу ательесi, 2 наубайхана, такси бюросы және автотұрақ, 1 қоғамдық монша жұмыс iстейдi. 2019 жылы 4 жеке кәсiпкер сауда-сатып алу және халыққа қызмет көрсету саласында өз қызметiн тiркедi.

Евгений Юхман ЖК құс фабрикасын ашты. Өнiмдер жәрмеңкеде және қаланың дүкендерiнде бар. Барлығы 6288 тауық бар. Өндiрiс қуаттылығы — күнiне шамамен 5800 жұмыртқа. Жеке кәсiпкер Заводской кентiнде тiркелген.

Рахметов Жақсылық ЖК «Қыпшақ» азық-түлiк дүкенiн ашты, онда ол өнiмдер төмен бағамен сатылады. Нан және нан өнiмдерi сатып алу бағасымен сатылады.

Ауыл шаруашылығы

Шаруашылық есепке сәйкес аулалық учаскiлерi бар үйлер саны — 618, қосалқы шаруашылығы бар 130 үй, оның iшiнде 451 IҚМ, 221 бас шошқа, қой — 777 бас қой, 650 бас жылқы, 2400 бас құс.

Сумен жабдықтау

Заводской кентi 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген. Сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру жұмыстары жүргiзiлуде.

Әлеуметтiк қорғау

2020 жылдың 1 қаңтарына Заводской кентiнде 1498 жанұя бар (3833 адам), олардың iшiнде:

- тыл еңбеккерлерi — 26 адам

- зейнеткерлер — 517 адам

- 1,2,3 тобы мүгедектер — 105 адам

- 16 жасқа дейiнгi мүгедектер — 6 адам.

Мақсатты әлеуметтiк көмектi 31 отбасы (153 адам) 15 305 659 теңге алды.

Тұрғын үй көмегi 5 отбасына (14 адам) 96 744 теңге тұрғын үй көмек ақы төленген.

Әлеуметтiк көмек:

Заводской кентiнде, әлеуметтiк көмек 44 адамға 1 830300 теңге, төленген, олардың iшiнде:

- 7 туберкулез ауруымен ауыратындарға 265 125 теңге. көлемiнде

- 17 онкологиялық аурумен ауыратындарға 528 000 теңге көлемiнде.

- 2 мүгедек адамға — 75 750 теңге көлемiнде.

- өрт аппатынан зардап шеккендер- адам 101 000 теңге

- 16 адам жол ақысына атаулы әлеуметтiк көмек алушылар санатынан көп балалы отбасыларға — 100800 тенге

- Пробация қызметiнде есепте тұрған тұлғаларды мед.тексеру — 12 625 тенге

9 мамыр күнiне орай:

- тыл еңбеккерлерге — 22 адамға 166 650 тенге

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген — 9 адамға 517 625 теңге.

Қайырымдылық айлығына:

- ең аз мөлшерлi зейнетақы алатындар — 10 адамға (50 500 теңге )

- мүгедектер 1,2,3 топтағы — 87 адам (439 350 тенге)

172 адамға, жалпы сомасы 2 257 425 теңге көлемiнде көмек көрсетiлдi:

2019 жылы өнiмдi жұмыспен қамту және бұқаралық кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының қатысушылары 52 адам болды, оның iшiнде:

• қайта даярлау — 17 адам. Кәсiп бойынша:

Бухгалтер — 1 адам

Тiгiншi — 5 адам

Элекутромонтер — 1 адам

4. Слесарь КИП и А — 1 чел.

5. Повар — 4 адам

6. Парикмахер — 1 адам

7. Слесарь ремонтник горного оборудования — 1 адам

8. ЭВМ Операторы — 1 адам

• мал шаруашылығын дамытуға 3,5 мың. теңге сомасында 1 адам микрокредит алды (Е.А.Жалмагамбетов)

Гранд алғандар — 6 адам 2272,5 мың теңге (Наурызбаева Б.Н.- 252,5 мың тг., төлемдердi қабылдау қызметiн көрсету, Токажанов Б.И.- 252,5 мың тг., жеке жөндеу қызметiн көрсету, Оспанова Ж.Е. — 252,5 мың тг., курстарды ұйымдастыру, Муканова К.К.- 505,0 мың тг., электроқұралдарды жалға беру қызметiн көрсету, Султанов Б.О. -505,0 тыс тг., шиномонтаж шеберханасын кеңейту, Карибаева А.Д.- 505,0 мың тг., керме төбелердi орнату қызметiн кеңейту бойынша)

Әлеуметтiк жұмыс орындары — 4 адам (Темрук ЖК, Динара ЖК, «Балу» МШ);

Жастар тәжiрибесi — 10 адам. («Арай» балабақшасы, «Степногорск қаласының құрыдлыс бөлiмi» ММ, «Аэлита» ПК, «Степногорск қаласының жер қатынастары бөлiмi» ММ, «Степногорск қаласының әкiмi аппараты» ММ, «Заводской орта мектебi»);

Қоғамдық жұмыстар — 14 адам (соның iшiнде әйелдер — 7).

Жұмыссыз ретiнде тiркелген — 44 адам. (соның iшiнде әйелдер — 21, 16-29 жас аралығындағы жастар — 15 адам).

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшiн қалалық бюджеттен 1 415 481 теңге бөлiндi.

Абаттандыру

Кентте абаттандыру және санитарлық тазарту айлықтары аясында, жергiлiктi бюджет пен демеушiлiк қаражат есебiнен 50 түп көшет отырғызылды, 320 дана ағаш кесiлдi. Бөгенбай батыр мен Қ.Сәтпаев көшелерiнiң бойында 700 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды. Бюджет қаражаты есебiнен Бейбiтшiлiк, Құрманғазы және А.Кұнанбайұлы көшелерiнiң бойында 3 рұқсат етiлмеген қоқыс жерлерi жойылды. 50 тонна қоқыс шығарылды.

Строителей көшесi мен Әлия Молдағұлова, Жастар көшесiне дейiнгi демеушiлiк қаражатқа, 12 көше жарықтандыру тiректерi орнатылды. «Степногорск Водоканал» кентте сумен жабдықтауды қалпына келтiру жұмыстары аяқталғаннан кейiн, абаттандыруды қалпына келтiру аясында Қ.Сәтпаев көшесiнде орташа жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, 800 шаршы метр жол жөнделдi. Сондай-ақ, жергiлiктi бюджеттен, 5 млн. теңгеге кенттiң жолдарын жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi (Голоядов ЖК). Б.Момышұлы,

А. Құнанбаев көшелерi және Етекбай би көшесiнiң бiр бөлiгi орташа жөндеу үшiн, 27 млн. теңгеге өтiнiм берiлдi. Өтiнiш қарастырылған жағдайда, 2020 жылы үш көшенiң жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын өткiзу жоспарлануда.

Кент пен қаланың жеке кәсiпкерлерi мен ЖШС-нiң демеушiлiк қаражаты есебiнен, «Еңбек-Астана» ЖШС 600 мың теңге қаражатқа балалар алаңын жасап, орнатты.

«ЗГО» ЖШС-нiң демеушiлiк қаражатымен Қ.Сәтпаев, Б.Момышұлы, Сарыарқа көшелерiне 4 аялдама жасалып, орнатылды.

Коммуналдық шаруашылық

Заводской кентiндегi жұмыс iстейтiн бiр қызмет көрсетушi ұйым бар. "Заводской" ПИК 1996 жылы құрылды.

Жалпы 175 үйге қызмет көрсетедi, соның iшiнде 27-үйлер 2 және 3 қабатты, 148 жеке үйлер, жалпы қызмет ету аумағы 7451 ш. м.

Барлық үйлер жылыту маусымына дайындауды өттi. Кенттiң жолдың ар жақ бөлiгiнде пешпен жылытылатын 137 аула бар, көмiрдiң қажеттiлiгi 1400 тонна құрайды. Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде.

Қоғамдық тәртiп

Штат саны 3 адам бар полиция бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар кент аумағы мен Степногорск өнеркәсiп аймағында және Богембай, Степногорский ауылдарына қызмет етедi. Тоқсанына бiр рет учаскелiк полиция инспекторының Заводской кентi тұрғындармен есептi кездесу өткiзiледi. ВАЗ 21213 «Нива» автокөлiгi бар.

Әлеуметтiк саласы

Бiлiм

Кентте орта мектеп жұмыс iстейдi, 30 сынып бар, 1-11сынып оқушылар саны 547. Қазақша мен орысша оқытылады. 46 мұғалiм жұмыс iстейдi, оның iшiнде 37-iнде жоғары бiлiмдерi бар, орта арнайы бiлiммен — 16 мұғалiм. Бiрiншi категорияда — 21 мұғалiмдер бар, екiншi категорияда — 21, категориясiз -11 мұғалiм.

2019 жылы, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, кiшi корпустың шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, сондай-ақ спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

«Арай» балабақшасының жобалық қуаттылығы 75 — 80 бала. 3 жастан 5 жасқа дейiнгi балалар. Топтардың саны — 3. Мұғалiмдердiң жалпы саны — 9 (оның 4-i мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында). Жоғары бiлiмдi — 4, орта арнаулы — 5. Жоғары санат -2, бiрiншi — 1, санатсыз — 6 оқытушы. Жас мамандар — 1 оқытушы.

Музыкалық мектеп филиалында сазды аспап, фортепиано, скрипка, домбыра класстарымен оқитын 40 оқушы бар. 4 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оқушылар қалалық және кенттiк концерттер мен конкурстарда белсендi қатысып, әр-түрлi жүлделi орындарды алуда.

Денсаулық сақтау

Кентте бiр ауысымда 40 дәрiгердiң қабылдауына арналған емхана жұмыс iстейдi, штатында 18 қызметкер, оның iшiнде 2 дәрiгер, 10 фельдшерлiк персонал. Жедел жәрдем, жеңiлдiкпен берiлетiн дәрi-дәрмектермен қамтылады. Тұрғындарға жоспарлы медициналық тексерулер жүргiзелдi. Флюорографиялық зерттеу жоспарының орындалуы — 104%.

Мәдениет және спорт

Заводской кентiнде 27 мыңан аса кiтап қорымен кiтапхана жұмыс iстейдi. 8 орынды оқу залы бар. Үнемi түрлi тақырыптық көрмелер, дөңгелiк үстелдер өткiзiледi.

Заводской кентiнiң кiтапхана ғимаратындағы, Ақсу кентi, Мәдениет үйiнiң филиалының, кент клубы жұмыс iстейдi. Әр түрлi iс-шараларды белсендi жүргiзетiн меңгерушi — Ақыжанова Әсел Баяновна. Клуб мүшелерi кент, қалалық, облыстық, сонымен қатар Республикалық байқаулар мен концерттерге белсендi қатысып, түрлi сыйлықтарға ие болады. Клуб ғимаратында, қалалық бюджет есебiнен күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Хореограф Мендешева Шамсуар Серiкқызының жетекшiлiгiмен би хореографиялық үйiрмесi жұмыс iстейдi. Онда әр жастағы балалар кент пен қалалық шараларға белсендi қатысады.

«Арман» аула клубы белсендi жұмыс iстейдi, онда жасөспiрiмдер, әртүрлi жастағы топтардың балалары бос уақытын тиiмдi және пайдалы өткiзетiн мәдени-танымдық шаралар өткiзiледi. Клубта вокал және драма үйiрмелерi бар. Жетекшiсi — Уренцева Лариса Георгиевна.

Заводской кентiнде, 10 адамнан тұратын Ардагерлер Кеңесiнiң клубы, «Заводчане» хоры бар. Ардагерлер Кеңесiнiң мүшелерi түрлi шараларға белсендi қатысады. Клуб мүшелерiнiң өздерi ұйымдастырған мұражай бар.

Спорттық нысандар:

- Кент орта мектебiнiң екi ғимаратында спорттық залы;

- Кент орта мектебiнiң аумағында қалалық бюджет есебiнен көпфункционалды спорт алаңы құрылды;

- футбол алаңы;

Қоғамдық-саяси және дiни ахуал тұрақты, әлеуметтiк шиеленiстер орталықтары жоқ, кент әкiмдiгiнде митингтер мен жиналыстар ұйымдастыруға өтiнiштер түскен жоқ.

Дата публикации
06 января 2020
Дата обновления
06 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы