Елдiмекен туралы ақпарат
Шаңтөбе — ҚР Ақмолаоблысы Сандықтау ауданындағы қалаүлгiсiндегi кент. Степногорск қаласының (420 км.) әкiмшiлiкбасқармасындатұр. Негiзi1956 жылысалынған.
Халық саны 3412 адамды құрайды (оның iшiнде Новокронштадка ауылында 145 адам), олар: жұмысқа қабiлеттi — 1116 адам, зейнеткерлер — 1243 адам, мүгедектер — 137 адам, 18 жасқа дейiнгi балалар — 705 адам.
2019 жылға салық түсiмдер жоспары 4,231 млн.теңгенi құрады.
Салық емес түсiмдер 539 мың теңге.
2019 жылға салық түсiмдер сомасы 5 742,6 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: ЖТС-1934 мың теңге, мүлiк салығы — 160,5 мың теңге, жер салығы — 63,1 мың теңге, көлiк салығы — 3585 мың теңге.
Салық емес түсiмдер сомасы — 578 мың теңге.
Өнеркәсiп
Өкiнiшке орай, әлем нарығындағы бағаның түсуiне байланысты Шаңтөбе кенiшiнде металл өндiру тоқтатылғаннан кейiн, Шаңтөбе Кенiшi бөлшектiк сүрлеуде.
Қазiргi уақытта қызметкерлер саны 40 адам, олардың қызметi құралдарды жарамды жағдайда ұстау және Кенiш объектiлерiн қорғауды қамтамасыз етумен байланысты.
Кәсiпкерлiктiң дамуы
Кентте заңды тұлға ретiнде 8 шағын және орта кәсiпкерлiктегi субъектiлер мен 68 жеке кәсiпкер. Шағын және орта бизнесте жұмыс iстейтiндер саны 254 адам.
Ауыл шаруашылық
Үш шаруа қожалықтарымен, «Рахат» тұтынушылар кооперативiмен және үй шаруашылығы секторымен ұсынылады.
«Рахат» тұтынушылар кооперативiнiң өсiрiлген жемiс-жидек өнiмдерi кент тұрғындарының қажеттiлiгiн жаба отырып, облыс орталықтары мен астана базарларында сатылады. Кооператив мүшелерiнiң жалпы саны — 704 адам.
Есептiк кезеңде Шаңтөбе кентiнде iрi қара мал саны 57 басты құрады. Шошқа 163 бас, қой — 107, жылқы — 14, құс — 1800 бас.
Есептiк кезеңде Новокронштадка ауылында iрi қара мал саны 140 басты құрады. Шошқа 47 бас, қой — 225, жылқы — 35, құс — 571 бас.
Ауыл шаруашылығының дамуы азықтық және мал бағатын жерлердiң жоқтығымен шектелуде.
Электромен қамтамасыз ету
ЖШС «Шаңтөбе-энергокомплекс»заңды тұлға ретiнде 2014 жылдың 28 ақпанында Степногорск қаласында тiркелген, 2014 жылдың 1 желтоқсанын бастап дербес жұмыс iстей бастады.
Серiктестiк келесi қызмет түрлерiн iске асырады:
электр энергиясын беру және тарату;
жылу энергиясын өндiру, беру, тарату және жеткiзу;
тарату жүйелерi бойынша су беру;
ағынды суларды төгу.
Жалпы жылдық бюджет — 407 154 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде субсидиялар — 229 547 мың теңге.
Еңбек ақы қоры — 134 815 мың теңге немесеұйымның жылпы бюджетiнен 33%.
Әлеуметтiк көмек және тұрғындарды жұмыспен қамту
Өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар — 150 адам.
Жұмыспен қамту бөлiмiнде 7 жұмыссыз есепте тұр.
Шаңтөбе кентiнде тұрады:
- тыл еңбеккерлерi — 90 адам.
- 1,2,3 топ мүгедектерi — 137адам.
Әлеуметтiк қызмет ету:
16 жалғыз тұратын зейнеткер екi әлеуметтiк жұмысшының әлеуметтiк қызметiнде тұр.
Көркейту
2019 жылы кенттi көркейту үшiн қалалық бюджеттен 430 мың теңге бөлiндi, ескi ағаштардың бөрiк басын қалыптауға 305,0 мың теңге сомасына «Руслан и Жанна» ЖШС, гүл көшеттерiн сатып алуға 121,0 мың теңге сомасына «Зенченко» ЖК келiсiм шарттар жасалды — келiсiм шарт толық көлемде игерiлдi. 2019жылы қысқы мезгiлде жолдарды тазалау және қар шығаруға 535,0 мың теңге бөлiндi, ШҚ «Золотой Колос» — 535,0 мың теңге сомасына келiсiм шарт жасалды.
2019 жылы Шаңтөбе-Балқашин жолын жөндеуге 746,9 млн.теңге бөлiндi. қазiргi уақытта жөндеу 741,9 млн.теңгеге жасалды.
Шаңтөбе кентiн санитарлы тазартуға «Руслан и Жанна» ЖШС 300 мың теңгеге келiсiм шарт игерiлдi және 964 мың теңге сомасына жасырын жол жөндеуiне келiсiм шарт жасалды.
2019 жылы 710 адамның қатысуымен 10 сенбiлiк өткiзiлдi. За 2019 год было проведено 10 субботников с участием 710 человек. 670 м2 көгалдар тазартылды, 200 шаршы метр жиектас ағартылды, 65 тонна қоқыс шығарылды, 61 дана ескi ағаштардың бөрiк басы қалыпталды. Барлық ұйымдар мен тұрғындарыменкүнделiктi тазарту жұмыстары жүргiзiледi.
Коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тiршiлiктi қамтамасыз ететiн нысандар штаттық режимде жұмыс жасайды. Кәсiпорын жұмысында тоқтап қалулар болған жоқ.
Тұрғын үй қоры — 83 үй (5 этажды 16, басқалары 2 этажды және жер үйлер) ПИК «Горняк» қызмет көрсетедi — қызметкерлер саны 36 адам, орташа жалақы — 66000 тенге. Есептiк кезеңде 39 млн.теңгеге тұрғын үй қорын ұстау бойынша қызметтер көрсетiлдi.
қоқысты шығару және кәдеге жарату үшiн, сонымен қатар ақылы қызметтер үшiн кәсiпорынмен 7,9 млн.теңге есептелдi.
Тұрғын үй қорын толық жөндеу қажет.
Әлеуметтiк сала
Бiлiм
Кентте бiлiм беру саласында бiржалпы бiлiм беру мектебi жұмыс iстейдi. Кадр құрамы: 62 адам, оның 32 мұғалiм. Жылдық бюджет –128,839 млн.тенге, еңбек ақы қоры — 82,4млн.тенге. Оқушылар саны — 450 адам, сынып-комплект саны — 19.
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету — 100%. Новокронштадка ауылынан 28 балаға және 2 мұғалiмге тасу ұйымдастырылады.
40 аз қаржыланған отбасылардан шыққан оқушылар ыстық тамақпен қамтылды — 2,754 млн.теңге.
2018 жылы жалпы сомасы 2,0 млн.теңге құрайтын санитарлы торап жөндеу үшiн ЖШС «Кокшетау-2015» келiсiм шарт жасалды.
Орта мектеп оқушылары барлық мәдени-көпшiлiк, спорт iс шараларына, түрлi жарыстар мен олимпиадаларға белсене қатысады. Қалалық Халықаралық дистанциондық олимпиадада, мектеп iшiндегi олимпиадаларда жүлделi орындарға ие болды.
2019 жылы Новокронштадка ауылынан Шаңтөбе кентiне дейiн балаларды тасымалдауға арналған автобус сатып алуға 18 миллион теңге бөлiндi, оның 9 миллион теңгесi қалалық бюджеттен және 9 миллион теңгесi республикалық бюджеттен. Бүгiнгi таңда келiсiмшарт жасалды. Автобустың жеткiзiлуi 2019 жылдың желтоқсан айының соңында күтiлуде.
Мектепалды бiлiм –140 орындық №6 «Мерей» бала бақшасы.
Кадр құрамы — 36 қызметкер, оның iшiнде педагогтер — 13. Топтар саны — 4, ондағы балалар саны- 82. Жылдық бюджет — 40,57 млн.тенге, еңбек ақы қоры — 30,24млн.теңге.
2019 жылы «Мерей» бала бақшасына қалалық бюджеттен күркенi ауыстыру үшiн 700 мың теңге бөлiндi. Бүгiнгi таңда жаңа күрке орнатылды.
Мектептен тыс бiлiм — музыка мектебi, БЖСМ.
Музыка мектебiнiң филиалында 2бөлiмше жұмыс жасайды: фортепиано, аккордеон, баян, гитара, синтезатор.Оқытушылар саны — 2, оқушылар — 29. Ұстаздар ұжымының басшылығымен музыкалық мектептiң оқушыларымен мерекелiк концерттер өткiзiледi.
Кентте «Колибри» изостудиясы жұмыс iстеуде, балалар суретiнiң көрмесi өтедi, жас суретшiлердiң жұмыстар облыстық жарыстарға жiберiледi.
Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi
6 бөлiмше бар — полиатлон, волейбол, баскетбол, футбол, бокс және шаңғы жарысы. кадр құрамы — 31 қызметкер, оның iшiнде 8 бапкер-ұстаз жұмыс iстейдi. 320 оқушы айналысады.
Жылдық бюджет — 49,9 млн.тенге, еңбек ақы қоры — 20,3 млн.тенге.
спорт мектебiнiң оқушылары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгiнгi күнге дейiн 1638 оқушының қатысуымен 40жарысқа қатысты. Олардың iшiнде 22 жолсапарлық iс шара 179 оқушылардың қатысуымен, жергiлiктi деңгейде18 iс шара1459 оқушылардың қатысуымен өткiзiлдi.
«Элит Окна» ЖК келiсiм шарт жасалды және 1,272 млн.теңге сомасына спорт залының 7 терезесiнiң ағымдық жөндеуi өткiлдi.
Мәдениет
Кент аумағында екi мәдениет мекемесi — 1 кiтапхана және «Горняк» мәдениет үйi.
Балалар кiтапханасының персоналы — 3 адам, орташа жалақы — 65000 тг. Кiтап қоры23 762, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде 2611 дана. Есептi кезеңде оқырмандар саны — 974, оның iшiнде қазақ тiлiнде оқитындар — 57.35iс шара өткiзiлдi, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде — 2.
«Горняк» мәдениет үйi 400 орындық, қызметкерлер саны — 14 адам, орташа жалақы — 65000 теңге, 6 көркем өнерпаздар ұжымы бар, оған 180 адам қатысады.
Мәдениет үйiмен көпшiлiк iс шаралар өткiзiлдi — 62, келгендер — 26056 адам.
Құқық қорғау
Кент полиция болiмi Шаңтөбе кентi мен Новокронштадтка ауылына қызмет көрсетедi, штатта 2 қызметкер. Есептi кезеңде 5 қылмыстық құқық бұзушылық және құқық бұзушылық тiркелдi, 4 қылмыстың бетi ашылды. 89 адам әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды, 57 адам Сандықтау ауданының IIБ профилактикалық есепте тұруда. Полиция қызметкерлерiмен кентте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша белсендi жұмыстар жүргiзiлуде.
Денсаулық сақтау
Халыққа медициналық көмектi Шаңтөбе дәрiгерлiк амбулаториясы мен жалпы профильдегi стационар және Сандықтау ОАА МКҚК жанындағы Новокранштадка ауылының ФАП көрсетедi.Штаттық кесте бойынша қызметкерлер саны 45 адам, оның iшiнде 2 дәрiгер, 22 медбике, 18 басқа да қызметкерлер.
28 төсектi күндiзгi стационар, тәуiлiк жедел жәрдем пунктi қызмет көрсетедi. Дәрiгерлiк амбулатория штаттық кесте бойынша толығымен медқызметкерлермен жасақталған және амбулаторияның нормативтерi бойынша медициналық жабдықпен жабдықталған. 2019 жылда флюорографиялық қарауды — 1717 адам өттi, күндiзгi стационда — 286 адам емделдi.
2019 жылы кентте психоневралгиялық аурулары бар қызмет алушылар үшiн «Степногорск қаласы, Шаңтөбе кентi арнайы әлеуметтiк көмек көрсету орталығы» КММ ашылды. қызмет алушылар саны — 70 адам. қызметкерлер саны — 79 адам. жылдық бюджет — 180 млн.теңге, оның iшiнде еңбек ақы қоры 88 млн.теңге.
Оңалту орталығының негiзгi iс шаралары:
«Пауэрлифтинг» пен теннистен Нұр-Сұлтан қ. республикалық арнайы олимпиадаға қатысу;
пауэрлифтингтен күмiс медаль жеңiп алды;
Көкшетау қ. өткен «Жаңа жүздер» облыстық фестивалiне қатысу.
Көкшетау-Шантөбе-Көкшетау бағытындағы екi жолаушы бағыты және бiр Астана-Шантөбе-Астана бағыты жолаушылар көлiгi бағыттары жұмыс iстейдi.
Кентте 2000 нөмiрге арналған «Қазақтелеком» АҚ заманауи сандық автоматты телефон станциясы орнатылды. Хабарларды таратады: 4 ұлттық теледидарлық бағдарламалар, 100-ге жуық абоненттер — OtauTV, ID-TV — 110. Үш ұялы байланыс операторы: Beeline, Актив, ТЕЛЕ-2.
«Қазпочта» АҚ филиалы халыққа пошта және басқа қызметтер көрсетедi, пошта аптасына үш рет жеткiзiледi. Шантөбе кентiнде «Қазпошта» АҚ-да зейнеткерлерге зейнетақы бередi. Ауылдағы зейнеткерлердiң жалпы саны — 1243 адам.
Сандықтау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының айына екi рет Шантөбе кентiне келу кестесiн бекiттi. Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығының келу күнi мен уақыты туралы кент тұрғындарына алдын ала хабарландырылады.