Меню

Страницы

Статья

«2018 жылғы Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» Степногорск қаласының әкімі тезистері

Степногорск қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму саласындағы мемлекеттiк саясат Елбасының қолданыстағы бастамалары мен стратегиялық бағдарламалық құжаттарды, оның iшiнде Қазақстан халқына арналған қазандағы «Қазақстандықтардың әл- ауқатынның өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын есепке алумен жүргiзiледi.

Өнеркәсiп

2018 жылғы тауар өнiмi 136 млрд теңгеге шығарылды. Қала үлесi Ақмола облысының өнеркәсiптiк өндiрiсiнде 21,1%, өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң индексi- 126,9% құрады.

Қаланың iрi және орта өнеркәсiптерде өндiрiстiң өсуi бар:

* «ЕПК Степногорск» АҚ — 54%-ға;

* «ТМК «Қазақалтын» — 2,5%-ға, «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС еншiлес өндiрiстi есептегенде — 2 есеге,

* «Степногорская ТЭЦ» ЖШС — 21%-ға,

* «Astana-Nan Chemikals» ЖШС — 14,5%-ға,

* «Қазатомпром» БК КҚЗ ЖШС — 20%-ға,

* «Уытты спирт зауыты «Альфа Органик» ЖШС — 19%-ға,

* «Мұңай Үй «Астана — Ойл» ЖШС — 10%-ға.

«Қазақатомпром» ҰАҚ АҚ химконцентраттар жеткiзiлiмiнiң көлемi 1,5%-ға төмендедi.

Ақмола облысының Кәсiптiк даму картасы шеңберiнде, 2018 жылдың наурызында «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС Бестөбе кенiшiнде техногендiк минералдың түзiлуiнiң қайта өндеу жөнiнде екiншi фабриканы пайдалануға енгiздi.

2018 жылы облыстың Аумақтық Үлестiру Кеңесi кәсiптiк даму картасына топырақ құңарлылығын арттыру үшiн, «БиоАзоФосфит» кешендi биотыңайтуды әрi қарай өндiруге және өндеу бойынша «Биотрон» ЖШС жобасын енгiздi.

2018 жылғы қала экономикасына 21,4 млрд теңге бөлiндi, НКИ 83,3 % құрады, жеке инвестициялардың үлесi — 97,7%.

2019 жылы қаладағы өнеркәсiп кәсiпорындары техникалық қаруландыру мен өндiрiс көлемiн ұлғайту бойынша жұмысты әрi қарай жалғастырады.

Ауыл шаруашылығы

Жалпы өнiмнiң шығарылуы 4,5 млрд теңгенi, өнiм өндiрiстiң НКИ — 97,5 % Мал шаруашылығы өнiмiнiң шығару көрсеткiштерi, сонымен қатар мал мен құс басы артты.

Жылы жай кешенiң кеңейту шеңберiнде, «Қазақстанның Жылы Жай Технологиялары» ЖШС жаңа бөлiм пайдалануға енгiзiлдi. «Байғазы»ШҚ базасында ет фермасы жасалды.

Кәсiпкерлiк

Қала кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң қолдау шараларының арқасында негiзгi индикаторлардың өсуi көрiнiп тұр.

Әр түрлi салаларда 3,5 мыңдай субъекттер жұмыс iстейдi, өсуi өткен жылдың кезеңiне 101,1%.

Шағын және орта бизнестiң жұмыс iстейтiң субъектiлер үлесi, оның iшiнде тiркелгендерi 83,5% құрайды, өткен жылдың деңгейiнен 2,6 пайыздық пунктерiне жоғары.

Шағын бизнестен бюджеттiң барлық деңгейлерiне 2,3 млрд. теңге салық, немесе 2017 жылға қарағанда 110,7%, 506 жаңа жұмыс орын жасалды.

«Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 19 жоба қаражаттандырылды, 2 грант 4,9 млн теңге сомасына бөлiндi, қаржыландырылмайтын қолдауды 550 адам алды.

Еселi жұмыспен қамту мен жалпы кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде 22 адам 156,2 млн.теңге сомасына микрокредит алды, жаңа бизнес- идеяны iске асыруға аймақтың 30 тұрғыны 7,2 млн теңге сомасына мемлекеттiк грант алды.

Бизнес объектiлер қатары ашылды, оның iшiнде «Дәрiгер плюс» медициналық кабинет, көп функционалды «Гамма центр», қалалық базар аумағында балалар ойын кафесi «Food Time Kids». «Бағдаршам» төмен бағалар дүкенi және т.б.

Бөлшек тауар айналымы 27,0 млрд. Теңге құрады, НКИ — 101%.

Тамақтанудың әлеуметтiк — мағыналы тағамдарының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, 687 млн теңге сомасына өнiм өткiзiлген, апта сайынғы тұрақты негiзде жәрмеңкелер өткiзiледi.

Бюджет

Есептi кезеңiнде бюджеттiң барлық деңгейлерге 16,8 млрд теңге сомасына салық пен төлемдер түстi немесе 2017 жылғы қарағанда 146,3%. Жеке меншiк кiрiстер бойынша жоспар 108,2%-ға орындалды. Республикалық пен облыстық бюджеттерден трансферттердi есептегенде 7,7 млрд теңге игерiлдi, немесе жоспарға қарағанда 100%.

2019 жылы қала бюджетi, трансферттердi есептегенде, 11,2 млрд теңге сомасына жоспарланды, оның iшiнде жеке меншiк кiрiстер — 3,2 млрд теңге.

Әлеуметтiк қорғау және халықты жұмыспен қамту

Жалақының орта айлық мөлшерi 145 393 теңгенi құрады, немесе 2017 жылғы қарағанда 114%. Осы көрсеткiш бойынша Степногорск қалалар мен Ақмола облысының аудандары арасында көшбасшысы болып табылады.

Еңбек нарығында 732 тұрақты және 197 уақытша жаңа жұмыс орын жасалды. Жұмысқа 2104 жұмыссыздар орналастырылды, жұмысқа орналасу деңгейi 99,4%, жұмыссыздықтың белгiленген деңгейi — 0,2% (2017 жылдың деңгейiнде).

2018 жылы мемлекеттiк қолдауды Еселi жұмыспен қамту мен жалпы кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде 745 адам алды.

Әлеуметтiк көмектiң барлық түрлерiмен 5138 адам 88 млн теңгеге қамтылды.

«Ардагерлер ұйымы» ҚБ жартылай стационар жағдайында егде жасындағы 23 тұлғаға қызмет көрсетiлдi.

Ерекше мұқтаждағы тұлғалардың өмiр сапасына үлкен зор назар бөлiнедi, 2018 жылы 61 адам жұмысқа орналастырылды. «Инватакси» қызметi 63 адамға, жеке көмекшi мен сурдоаудармашы — 70, жартылай стационар жағдайда психикалық-неврологиялық ауруы бар 27 тұлғаға көрсетiлдi. Тосқауылсыз ортаны жасау бойынша қала мен кенттердiң 49 нысандарында жақсартулар жасалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберiнде 2018 жылдың сәуiр айынан бастап «Өмiр» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына әлеуметтiк көмек көрсету орталығы жұмысын бастады. Ғимарат Асаубаевтар отбасымен Степногорск қаласына сыйлыққа берiлген болатын. Орталықтың ашылған күннен бастап көмек 14 отбасыға (47 адам) көрсетiлдi.

Бiлiм беру

Бiлiм беру саласындағы жұмыс бiлiм берудiң жаңартылған мазмұнына көшу бойынша мiндеттiрдi iске асыруға жолданды.

Жоғары мен бiрiншi санат 60 % мұғалiмдерде бар, оның iшiнде бiлiм берудiң жаңа жүйесi бойынша 66% бiлiктiлiктерiн арттырды.

2018 жылы бiлiм беру мекемелерiнiң мұғалiмдерi 100% жинақталды, 26 жас мамандар жұмысқа орналастырылды.

«Алтын белгi» белгiсiн және үздiк аттестатты 26 мектеп түлектерi алды.

Өткен жылы Степногорск қаласының мұғалiмдерi мен оқушылары қаланы республикалық пен облыстық конкурстарында лайықты көрсеттi, бiлiм беру «жинақ сандықшасына» 690 жүлделi орын алып келдi.

Степногорск аумағының мектептегi бiлiм беру процесiнде ақпараттық- коммуникативтi технологияларды кеңiнен пайдаланатын болды.

Барлық мектептер кеңжолды ғаламторға қосылған. 1 қыркүйектен бастап № 6 мектеп-гимназия жанында, № 5 көп салалы мектеп-лицейде, мектеп аралық оқу- өндiрiстiк комбинатта IТ- сыныптар ашылды. 2019 жылы осындай сыныптар қаланың барлық мектептерiнде ашуды жоспарланды.

Мемлекеттiк — жеке меншiк серiктестiк шеңберiнде, «СТХК» ЖШС қолдауымен, қажеттi мамандықтар бойынша оқушыларды кәсiби бағдарлау мақсатында, мектеп аралық оқу-өндiрiстiк комбинатында бизнес-инкубатор ашылды, бағдарламалау мен құрастыру дағдыны оқыту үшiн 3D модельдеу лаборатория мен робоклуб жұмыс iстейдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы щеңберiнде, жазғы демалыс кезеңiнде «СТХК»ЖШС демалыс аймағының базасында «Еләм-ай» жазғы лагерь ашылды, сонда 250 баладан астам дем алып келдi.

Материалдық –техникалық базасын күшейтуге 2018 жылы 87,4 млн.теңге бөлiндi, 2019 жылы осы мақсаттарға 129 млн. теңге бөлiнедi.

Бiлiм беру нысандарында өткен жылы 57 млн.теңге бөлiнген болатын, 2019 жылға 66,3 млн.теңге қарастырылды.

Балалардың 3-6 жастағы мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiм беру 2016 жылында келген көрсеткiш, 100 пайыздық қамту сақталып отыр. Қосымша үш бөбектер тобының ашылуы есебiнде 1 жас пен 6 жастағы балалар қамтуы 68,4%-дан 82,9%-ға дейiн ұлғайды. «Балауса» балабақша бағында ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларды тәрбиелеу мен оқуты үшiн жағдайлар жасалды.

2019 жылы Бестөбе кенiнде 150 орны бар жеке меншiк балабақша жұмыс бастайды.

Денсаулық сақтау

Есеп кезеңi бойынша:

- ана өлiмi тiркелген жоқ,

- жалпы өлiм-жiтiм 0,9% төтендедi

- халықты флюорографиялық тексерудiң жылдық жоспары орындалды

Алайда, атап айтсақ:

- туу деңгейiн 2,3% төмендету,

- 4 жағдай бойынша балалар өлiмiн жоғарылату

- туберкулезбен сырқаттанушылықтың 12% -ға артуы айқындалды.

Денсаулық сақтау саласын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап аурухана мен емханаға 12 дәрiгер жұмысқа орналасты.

Қалаға дәрiгерлердi тарту үшiн, 2018 жылы емханаға 5 пәтер бөлiндi. Медициналық жоғары оқу орындарында, одан кейiн Степногорск қаласына жұмысқа тұратын, 8 адам оқиды.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша шаралар өткiзiлуде.

Материалдық-техникалық базаны нығайту аясында жылына 82 млн. теңгеге медициналық техника сатып алынды, ал 2019 жылға 80 млн теңге жоспарланды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Қала мен кенттердiң күзгi-қысқы маусымдағы тiршiлiк ету жүйесi штаттық режимде.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберiнде, республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2018 жылы Шаңтөбе кентiнде қазандық пайдалануға енгiзiлдi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджеттiк несиелер есебiнен Ақсу және Заводской кенттерiндегi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн қайта құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, Шоқы-305 су тазарту қондырғысын қайта құру жобасын iске асыру басталды (ағымдағы жылда жұмыс жалғасады).

Қаланың 4-шi және 6-шы шағынаудандарында 38 мың ш.м. iшкi жолдар жөнделдi.

Степногорск-Өнеркәсiптiк аймақтың 2,2 км автожолының орташа жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, Ақсу-Бестөбе-Изобильное жолын жөндеу жұмыстары басталды — жолдың 25 км-де жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Жақсарту бағдарламасының шеңберiнде келесi жобалар iске асырылды:

- 4 шағынауданда тротуарлар жолдарын жайластырумен, шағын сәулет нысандары мен жарықтандыру желiлерiн орнатумен «Аналық» және «Жастар» мүсiндерiн салумен «Махаббат аллеясы»;

- бiрiншi шағынауданының №44 үйiнiң аула аумағын абаттандыру;

Жарықтандыруды қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлуде — қаладағы 3-шi, 5-шi және 6-шы шағынаудандарда, Новосибирск көшесiндегi, Құрылысшылар айналмасында, 20-шағынауданда, орман-саябақ аймағында, жолаушыға арналған тротуар бойында жұмыс аяқталды және Бейбiтшiлiк көшесi бойындағы шамдар ауыстырылды.

Ақсу, Заводской, Бестөбе кенттерiнде және Қарабұлақ ауылдарында жарықтандыру желiлерiн қалпына келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

Абаттандыру аясында 5 мыңнан астам ағаш, 2,5 мың ш.м. аумаққа гүлдер отырғызылды, 11 мың метр бойы «жасыл қоршауы» кесiлiп, 280 мың ш.м. көгалдар қырқылды, 20 мың ш.м. көгал алаңы отырғызылды.

2019 жылғы келесi жобалара iске асырылу жоспарланды:

* жалпы қашықтығы 16,5 км Степногорск-Өнеркәсiптiк аймақ автомобиль жолының екi учаскесiн орташа жөндеу;

* Қажымұқан Мұңайтпасов алаңын жөндеу (Спорт сарайы аумағында);

- орман-саябақ аймағында орташа жөндеу;

- қаланың шағынаудандарындағы жолдарды ағымдағы жөндеу;

- Степная, Новосибирская, Жастар және қала аулаларында көшелердi жарықтандыруды қалпына келтiру.

Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасына Целиноградская көшесiне шығатын Сарыарқа көшесiнiң жолын қалпына келтiру жобасы бойынша бюджеттiк өтiнiм жiберiлдi.

Қаланың тұрғын үй қорын әрi қарай дамыту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, жетiншi шағынаудандағы №52 көппәтерлi тұрғын үй қалпына келтiрiлдi, бұл қаланың коммуналдық меншiгiне 10 пәтер алуға мүмкiндiк бердi, олар емханаға және бiлiм бөлiмiне, кадрлармен жабдықтау мақсатында, берiлдi.

Жер телiмдерiн алу тәртiбi 450 адамнан асатын жеке тұрғын үй құрылысы мәселелерiн шешу үшiн 20-шағынауданда (85 телiмнiң) жеке тұрғын үй құрылысының екiншi кезектегi объектiлерiнiң инфрақұрылымын салу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, 168 телiм жоспарланған ЖТҚ-на «Солнечный» шағынауданның инфрақұрылымын салу бойынша ЖСҚ әзiрлеу аяқталды.

45-пәтерлi екi тұрғын үйдiң (1 және 2-позициялар) МЖӘ шеңберiнде құрылысты аяқтау үшiн инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

2018 жылы «Нұрлы жаңғыру» бағдарламасы шеңберiнде тиiстi инженерлiк инфрақұрылымы бар тағы екi үйдiң (3 және 4-шi позициялар) құрылысы үшiн жобалық-сметалық құжаттама жасалды, Ақмола облысының құрылыс басқармасына бюджеттiк өтiнiм жiберiлдi.

Әлеуметтiк нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде — Бестөбе кентiнде оқушы орындарының жетiспеушiлiгiнен жаңа мектеп құрылысы үшiн жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi.

Құрылыс, тұрғын үйдi пайдалануға енгiзу

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемi 8,7 млрд. теңгенi, НКИ — «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС-нiң екi зауытын салуға арналған ауқымды жобаның аяқталуына байланысты 74,2% -ды құрады.

Жеке тұрғын үйдiң 9,8 мың ш.м. пайдалануға берiлдi немесе 2017 жылға қарай 179,9%.

«Сандық Қазақстан -2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында 2018 жылы қаланың тұрғын және әкiмшiлiк ғимараттарында QR-кодтары бар 341 аншлаг орнату бойынша жұмыс жүргiзiлдi.

Бекiтiлген «Smart Stepnogorsk» тұжырымдамасының аясында «Smart Stepnogorsk» веб-сайты мен қосымшаларын әзiрлеу басталды.

Дене шынықтыру және спорт

Дене тәрбиесi мен спортты қамту деңгейi 33,4% құрайды.

Қалалық команда «Хрустальный Колос-2018» қысқы облыстық спартакиадасында 9 спорт түрiнен 1 жалпы командалық орын алды, «Ақ бидай» жазғы облыстық спартакиадасы аясында аймақтық футбол жарыстарында жеңiске жеттi.

Халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуын арттыру мақсатында, 2018 жылы спорт инфрақұрылымын кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылды. Қалалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаланың 6-шы және 9-шы шағынаудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде «Самұрық-Қазына» ФНБ АҚ қолдауымен қаланың 4-шағынауданында және «Қазақалтын» ТМК АҚ қолдауымен «Ақсу» кентiнде екi көпфункционалды спорт алаңы салынды.

2019 жылы Заводской кентiнде көпфункционалды спорт алаңын салу жоспарланып отыр.

Мәдениет

2018 жылы 1,2 мыңнан астам iс-шаралар өткiзiлдi, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% -ға артып, келушiлер саны 7% артты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберiнде орталықтандырылған кiтапханалық жүйенi цифрландыру, ауылдық кiтапханаларды жаңғырту бойынша жобалар iске асырылды, нәтижесiнде электрондық кiтапхана сатып алынып, табысты жұмыс iстеуде. Шаңтөбе мен Бестөбе ауылдарында және Қырық құдық ауылында модельдi кiтапханалары ашылды, қалалық тарихи-өлкетану мұражайының экспозицияларын жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргiзiлдi.

Ақмола облысының мәдениет басқармасының қолдауымен қалалық кiтапхананың кiтап қоры 500 кiтаппен толықтырылды, сахна киiмдерi сатып алынды, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлiндi.

2019 жылы «Сандық Қазақстан» жобасын iске асыру шеңберiнде қалалық және ауылдық кiтапханаларды жаңғырту жалғасатын болады.

2018 жылы мәдени мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 52,7 млн. теңге, ал 2019 жылға 19,4 млн. теңге жоспарланған.

Қоғамдық қауiпсiздiк

Қылмыстың азаюы 28,8%, анықтау деңгейi 65,4% құрады.

Көрсеткiштердiң жақсаруына әсер ететiн шаралардың бiрi — қадағалау камераларын орнату. Қалада 150 камера орнатылған. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Көшеде жасалған қылмыстар үшiн бұл көрсеткiш 20,1% -ды құрады, жол-көлiк оқиғаларында өлiм болмады.

Дата публикации
18 января 2019
Дата обновления
18 января 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
20 октября 2026
Инфографики
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы