Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау
Халық саны — 4018 адам, экономикалық белсендi адам саны — 2561 адам, жұмыспен қамтылған саны — 2120 адам, жұмыссыздар тiркеу есебiнде 6 адам тiркелген.
2018 жылда нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына 44 адам қатысты, оның iшiнде бағытталған:
- қайта дайындау — 16 адам («газоэлектросварщик» мамандығы бойынша — С.А.Жаргаинов, С.Н.Жылқайдаров; «экскаватор машинистi»-Т.А. Жүкенов, А.Ж.Бекахметов, А.П.Николаев, А.А.Курманбаев, Н.О.Греднев; «химиялық талдау лаборанты»-Ж.Б.Жақыпова, Е.Р.Терехина; «жер асты электрослесарi»-Б.О.Сұлтанов, М.К.Мұстафин, Д.Н.Шакiржанов; «Проходчик»-Н.А.Ахтулов, М.Б.Қуанышев, С.С.Қабдол, Н.И.Исаев) 100% жұмыспен қамтылды;
- грант алғандар — 1 адам (Н.И.Исаев, төлем ақы қабылдау бойынша қызмет көрсету);
- әлеуметтiк жұмыс орындары — 1 адам (Романов ЖК);
- жастар практикасына — 8 адам («Горняк» МҮ, «СТЖ» ЖШС, «Степногорск қаласы қаржы және экономика бөлiмi» ММ, «Ақсу кентi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Степногорск қаласы ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi», «Буратино» бала бақшасы;
- әлеуметтiк жұмыс орындарына — 19 адам
Ұйымдарға қоғамдық жұмыстарына қалалық бюджетiнен 1330,8 мың тенге бөлiнген. 2018 жылға 93 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды, сонын iшiнде 35 адам «Қазақалтын ТМК»акционерлiк қоғамына орналастырылған.
Ақсу кентi әкiмiнiң аппаратында келесi жәрдемақылардың түрлерi рәсiмделедi:
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек:
Мемлкекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 19 отбасына 785,0 мың тенге сомасында көмек берiлдi.
Тұрғын үй көмегi:
Тұрғын үй көмегi (қатты отынға өтемақы: көмiр) қалалық бюджетiнен 223,0 мың теңге мөлшерiнде 6 жанұяға көмек тағайындалды және берiлдi.
Әлеуметтiк көмек өтiнiш бойынша — 16 адам (537,1 мың тенге),
9 мамырға, оның iшiнде:
- Еңбек ардагерлерiне — 11 адам (79,4 мың) теңге
- ҰОС қатысушыларына теңелгендер 3 тұлғаға 31,3 мың теңге сомасына.
Қарттар және мүгедектер күнiне қалалық бюджет есебiнен: зейнеткерлер — 5 адамға 54,1 мың тенге сомасына, 1,2,3 топтағы мүгедектер — 94 адамға 452,1 мың тенге сомасына көмек көрсетiлдi.
Шағын бизнес
44 жеке кәсiпкерлер шағын және орта бизнес саласымен айналысады: кентте 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 26 азық түлiк дүкенi, 1 дәрiхана, 1 киiм тiгу ательесi, 2 шаштараз, 6 мал шаруашылығы, 1 кран қызметi, 2 жүк тасымалдаушы, 2 қара және түрлi түстi металлдарды қабылдау пунктiсi, электрқұрылғыларымен қамтамасыз ету бойынша қызмет және коммуналдық төлем қабылдау бойынша қызметi.
2018 жылы 6 объект шағын және орта бизнес ашылды яғни: мал шаруашылығын дамыту — 4 адам (Ф.Тищенко, Т.Тажикеев, Д.Сатанова, А.Аитмаганов) 1 объект қара және түрлi түстi металлдарды қабылдау пунктiсi («Исида Энерго» ЖШС, 1 дүкен (В.Фаломкин), коммуналдық төлем қабылдау қызметi — 1 адам (Н.Исаев)
Мал шаруашылығының дамуы
Мал шаруашылығы бар 208 үй. Құрамында: 1650 бас iрi қара мал, 774 жылқы малы, 2927 ұсақ малдар, 1450 — құсы бар. «Казбек», «Алтын» атты екi шаруашылық қожалықтары жұмысын атқарады. Iрi карамал мен ұсақ қарамалдарды сәйкестендiру, сiбiр жарасына, ЭМКАРА-ға және құтыруға қарсы вакцина жасалып жатыр. Барлық малдар бруцелезге, туберкулезге түгелдей зерттелуде.
Коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй саны 994, әрбiр үй пешпен жылытылады. Әлеуметтiк нысаналар автономдық тұрғыда жылытылады. ЖШС «Каскад» (Морозова Н.А.) кент тұрғындарын газбен қамтуда. Кентте электрлiк жабдықтаумен «Көкшетау-Энерго» ЖШС қызмет етедi. Тұрғындардың көмiр қажеттiлiгi 6000 тонна. «Буденовский» және «Қазақалтын ТМК» АҚ екi темiржол тұйықтарында көмiр бар.
Автокөлiк жолдары
Автокөлiк жолдарының асфальтпен жабылған-18 км, қиыршақ тас жамылғысы бар жолдар — 6 км. Жолдың жағдай қанағаттандырылған. Жолдың жөндеу жұмыстарына 1 млн. теңге бөлiндi. Жолдарды қардан тазалау және тас себу бойынша жұмыстары жүргiзiлдi. 2019 жылға орташа жол жөндеу үшiн бюджеттен 10 млн 768 мың теңге берiлдi. Сонымен қатар, ШЖК «Степногорск-Водоканал» МКК абаттандыруды қалпына келтiру шеңберiнде сумен қамтамасыз ету жүйесiнiң жөндеу жұмыстарын аяқтаған соң, автобус маршруты бойынша Кварцитка жолдарына 50 млн теңге ағымдағы жолдарды жөндеу жұмыстарына жiберуге жоспарлап отыр. Кент бойынша барлығы 2 км жолды жөндеу жоспарланып отыр.
Сумен қамтамасыз етуi
Негiзгi сұрақ халықты сумен қамтамасыз ету. Қазiргi кезде кентте 11 су колонкасы, «Степногорск-су арнасы» су таситын машинасы бар. Су тасу құрастырылған кесте бойынша тасылып жатыр. «Нұрлы Жол» бағдарламасын орындау шеңберiнде «Ақсу, Заводской кентерiнде суқұбыры жүйесiн жаңарту (соңғы этап)» жобасы бойынша жаңартылатын суқұбырының ұзындығы 42,5 км құрайды. Үйлерге орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету басталды, қосылған барлығы 190 үй. 2019 жылда осы бағыты бойынша жұмыс жалғастырылады.
Абаттандыру, көгаландыру және санитарлық тазалық
2018 жылға санитарлық тазалауға 700,0 мың тенге, абаттандыру және көгалдандыруға 250 мың. теңге бөлiндi. Абаттандыру бойынша iс шаралар жоспары жасалған. Жоспарға сәйкес 12 жалпы кенттiк сенбiлiк өткiзiлген, 1200 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. 6 апаттық қоқыс тастайтын жерлер таратылған, 350 ағаштар отырғызылды, ағаштарды, жол жиектердi, аялдамаларды ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргiзiлдi. Учаскелiк инспекторларымен және кенттiң жұртшылығымен бiрге өзiне бағынышты аумақты таза ұстау рейдтерi жүргiзiлдi. Аумақты тазалау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, 19 адам жұмыс iстедi. Мемлекеттiк жекеменшiк серiктестiгi аясында Ауэзов көшесiнде шам жарықтары орнатылды, «Кокшетау Энерго» ЖШС, Омельченко жеке кәсiпкерi, кент тұрғындары демеушiлiк көрсеткен. Әл-Фараби және Жастар көшесi бойынша 2 балалар ойын алаңы орнатылды, демеушiлiк көрсеткен Степногорск қалалық мәслихатының депутаты А.С.Гетманов.
Әлеуметтiк сұрақтар
Бiлiм беру
Ақсу кентi аумағында үш мектеп бар, онда 553 оқушылар оқиды. Жалпы жұмыскерлер — 125 адам, оның 74 мұғалiмдер, барлық мектептерде мектепке дейiнгi балаларға арналған «шағын-орталық» жұмыс iстейдi. 2018 жылы № 2 орта мектебiнiң спортзалын жөндеуiне 880 мың. теңге жұмсалды. Ал №1 орта мектебiнде 2,0 млн. тенге сомасына шатырдың ағымдық жөңдеуi жүргiзiлдi.
Мәдениет
Негiзгi мәдени iс-шараларды өткiзетiн 200 орынды көрермендер залымен Мәдениет үйi бар, Мәдениет үйiнде 11 түрлi үйiрмелер бар, оның құрамында 90 адам қатысады, 23 мәдени iс-шаралар, жастар биi өтiзiлдi. Сонымен қатар, Ақсу кентi әкiмi аппараты Мәдениет үйi мен бiрлесе отырып, «Халықаралық әйелдер күнi», «Наурыз-мейрамы» мерекелерi өткiзiлдi, 2 киiз үй құрылды, тұрғындармен iс-шаралар ұйымдастырылды. 9 мамыр Жеңiс күнiнде тыл ардагерлерi мен интенационалистер жауынгерлерiн құттықтады. «Қайырымдылық» айлығын өткiзу шеңберiнде 200 қарт адамдар мен мүгедектер қамтылды. Балалар үшiн жаңа жылдық ертеңгiлiк өткiзiлдi.
Мәдениет үйiне 2019 жылға облыстық бюджетiнен ғимаратты ағымдағы жөндеуiне 11 млн. теңге бөлiндi.
Спорт
Салауатты өмiр сүру және спортқа тұрғындарды тарту мақсатында, кәсiпорын және мекемелер арасында түрлi спорттық шаралар өткiзiлуде. Бiздiң спортшыларымыз барлық қалалық iс-шараларға қатысып, жүлделi орындарға ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде Ақсу кентiнде көпсалалы спорттық алаңының құрылысы бойынша «ТМК Казақалтын» акционерлiк қоғамымен жоба жүзеге асырылды. 2019 жылы осы жұмыс барысы жалғастырылады.
Денсаулық сақтау
Кентте 17 штат бiрлiгiнен тұратын емхана бар, оның 2 дәрiгер, 4 медбике. Флюорографиялық тексеру жоспары — 95 % құрайды. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына емхана ғимаратының жөндеу жұмыстарына өтiнiш берiлдi.